Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Просмотр объявления № 5518808-1


 

 

 

 

 

 

Обсуждение положений документации

№ запроса Тема Поставщик Дата и время отправки сообщения
173988 По квалификационным требованиям ТОО "Әсем-Құрылыс-Қызылорда" 2021-03-02 19:44:29
173788 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді. Радиоактивті заттармен, құрамында радиактивті заттар бар құрылғылармен және қондырғылармен жұмыс істеуге арналған лицензияның болуы, сондай-ақ, "Прибор для измерений влажности и плотности грунтов радиоизатопным методом" құрылғысы мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын біліктілік талабы болып табылады. Себебі, топырақтың ылғалдығы мен тығыздығын өлшейтін басқа да радиоизатопты әдістен де басқа қауіпсіз және пайдаланылу кезінде арнайы рұқсатты талап етпейтін әдістер өте көп. Аталған мәселе ГОСТ 20276-2012 «МЕЖГОСУДАРСТВЕННЫЙ СТАНДАРТ. ГРУНТЫ. Методы полевого определения характеристик прочности и деформируемости» және ГОСТ 5180-2015 «МЕЖГОСУДАРСТВЕННЫЙ СТАНДАРТ. ГРУНТЫ. Методы лабораторного определения физических характеристик» НҚА реттеледі. ГОСТ 5180-2015 радиоизотопты әдіс туралы жазылмаған. Ал, ГОСТ 20276-2012 топырақтың ылғалдығын өлшеуге радиоизотопты әдісті қолдануға болатыны көрсетілген. Яғни, радиоизотопты әдісті қолдану міндетті емес. Сонымен қатар, біліктілік талапта барлық талап етілген өлшеу құралдарына альтернативті құралдар жазылуы тиіс. (Ескертпе: осы мәселе бойынша Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне қосымша хат жолданды) ТОО "Saulet Trans Servis" 2021-03-02 02:11:28
173520 Құрметті конкурс комиссия мүшелері конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын 1-4-қосымша (көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары) сұратылған қосымшаның 1-бөлігіндегі Радиоактивті заттармен, құрамында радиактивті заттар бар құрылғылармен және қондырғылармен жұмыс істеуге арналған лицензияның болуы деп көрсетілген талаптарыңыз ҚР Заң талаптарына сәйкес қандай мақсатқа лицензия талап етіп отырғандықтарынызды түсіндірме беруді сұраймыз. Себебі Аты айтып тұрғандай бұл қызмет техникалық қадағалау қызметі құрлыс жұмыстарының сапасын тексеру және техникалық талаптарға сәйкес жүргізілуін бақылау бойынша жүзеге асырылатын қызмет болып табылады. ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 3 бабына сәйкес мемлекет пен кәсіпкерлік нысандары елімізде кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасау мен оларды ынталандыру болып табылады. Жосықсыз бәсекелестік пен оны шектеуге бағытталған әрекеттерге тыйым салынады. ТОО "Сәулет Жоба Құрылыс басқармасы" 2021-02-28 02:42:30