Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!

Хабарламалар  03.04.2017

«Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ-да 2017 жылғы 1 сәуірдің сағат 19:00 бастап профилактикалық жұмыстар жүргізілгенін, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтерді алу өңделмегенін хабарлаймыз. Осыған байланысты, 2017 жылғы 1 сәуірдің сағат 18:00 бастап 2017 жылғы 1 сәуірдің сағат 21:00 дейінгі кезеңге түсетін «Ашық конкурс» және «Аукцион» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алу» модулінің өтінімдерін қабылдауды аяқтау мерзімдері, сондай-ақ ашу рәсімдері, қорытындыларын шығару 2017 жылғы 1 сәуірдің сағат 23:00 ауыстырылған болатын.

Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Хабарламалар  30.03.2017

«Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот» АЖ-да 2017 жылғы 30 наурызда 21:00 сағаттан бастап алдын алу жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз, осыған байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтер алу өңделмейтін болады.

Осы орайда 2017 жылғы 30 наурызда 19:30 сағаттан бастап 2017 жылғы 31 наурызда 10:00 сағатқа дейінгі кезеңге тура келетін «Ашық конкурс» және «Аукцион» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алу» модулінің өтінімдерін қабылдау, сондай-ақ ашу, қорытындыларды жасау рәсімдерінің аяқталу мерзімдері 2017 жылғы 31 наурызда 18:00 сағатқа ауыстырылды.

Ауыстырылған сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін сілтемесі бойынша өтіңіз.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ ӨНІМ БЕРУШІ!

Жаңалықтар  24.03.2017

Сізге «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы 16-бабының 6) тармақшасының негізінде уәкілетті орган шешімдер қабылдаған кезде 2017 жылғы 15 наурыздан бастап «алдын ала рұқсат беру хаттамасын қайта қарау» функционалы іске қосылғандығын хабарлаймыз.

Осыған байланысты сатып алуды ұйымдастырушы алдын ала рұқсат беру хаттамасын қайта қараған жағдайда Сізге алдын ала рұқсат берудің жаңа хаттамасында көрсетілген ескертулерді ескере отырып, конкурстық өтінімдерді қайтадан сәйкестікке келтіру қажет.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Хабарламалар  18.03.2017

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында жоспарлы алдын-алу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2017 жылғы 19 наурызда 00:00 сағаттан бастап 2017 жылғы 20 наурызда 23:59 сағатқа дейінгі кезеңде «Баға ұсыныстары», «Конкурс және Аукцион» және «Электрондық сатып алу» модульдері уақытша қол жетімді болмайды.

2017 жылғы 19 наурызда 00:00 сағаттан бастап 2017 жылғы 24 наурызда 15:00 сағатқа дейінгі кезеңге тура келетін «Электрондық сатып алу» модулінің өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімдері, сондай-ақ ашу, қорытындылар жасау рәсімдері автоматты түрде 2017 жылғы 24 наурызда 15:00 сағатқа ауыстырылатындығын хабарлаймыз.

Автоматты түрде ауыстырылған сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін http://portal.goszakup.gov.kz/portal/uploads/v3/perenos_srokov_21_03.xlsx сілтемесі бойынша өтіңіз.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР!

Жаңалықтар  10.03.2017

Мемлекеттік сатып алу жүйесінде пайдаланылатын Тауарлар, жұмыстар, қызметтер анықтамалығына жаңа кодтар енгізу жөнінде ұсыныстар жіберу бөлігінде enstru.kz сайтына қол жеткізе алатын тұлғалар тізімі сілтеме бойынша орналастырылған

Толығырақ

БАРЛЫҚ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРГЕ!!!

Жаңалықтар  09.03.2017

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 39-бабы                 3-тармағының 42) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда жүзеге асырылады.

Заңның 51-бабының 2-тармағында  мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алуды жүзеге асыратындығы көзделген.

Заңның 51-бабының 4-тармағында Заңның 51-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мәтінінде мемлекеттік сатып алу тек қана тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында жүзеге асырылатындығы көрсетілген.

Сонымен бірге Заңның 41-бабының 1-тармағында мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші өнім берушіні айқындайтындығы және онымен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасайтындығы көзделген.

Осылайша, Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу тапсырыс берушінің хабарландыру жарияламай, яғни бәсекелестік негізге сүйенбей өнім берушіні анықтауы арқылы жүзеге асырылады.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде Заңның 39-бабының 3-тармағының 42) тармағы бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысымен бекітілген, тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында сатып алу жөніндегі талап сақталмауы мүмкін».

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Хабарламалар  01.03.2017

Техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты 2017 жылғы 1 наурыз күні сағат 21:00-ден бастап сағат 23:30-ге дейінгі мерзімде Интернет желісінде Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының сервистері қолжетімсіз болуы мүмкін.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  01.03.2017

 ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ БАРЛЫҚ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР МЕН ӨНІМ БЕРУШІЛЕРГЕ!!!
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржылық қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мәселелері жөнінде келіп түскен хаттарды қарап, мынаны хабарлайды.
Салық кодексінің 263-бабы 15-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, Салық кодексінің 250-бабында көзделген қызметтер көрсетілген жағдайда шот-фактура жазып беру талап етілмейді.
Салық кодексінің 250-бабына сәйкес, Салық кодексі 250-бабының 2-тармағында көзделген қаржылық операциялар қосылған құн салығынан босатылады.
Салық кодексі 250-бабының 2-тармағында қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар, соның ішінде аударым және кассалық операциялар көзделген.
Бұдан басқа Салық кодексі 263-бабының 16-тармағында Салық кодексінің 263-бабы 15-тармағының 6) тармақшасында көзделген қызметтер бойынша өнім берушінің, яғни қаржылық қызметтер көрсетілген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушының талабы бойынша шот-фактура жазып беру міндеттері жоқ.
Бұған қоса «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңның нормаларына сәйкес қаржылық қызметтер көрсетілгені үшін комиссияны өндіріп алу төлемнің және (немесе) шартта көзделген ақша аударымының сомасынан шегеру арқылы, яғни қаржылық қызмет көрсетілген сәтте жүзеге асырылуы мүмкін.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде қаржылық қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды, қызметтер көрсету актісін ресімдемей және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдемей веб-портал арқылы жүзеге асыру мүмкін деп есептейміз.
Тиісті түзетулер Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілетін болады. 

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРІ!

Хабарламалар  14.02.2017

Мемлекеттік сатып алу веб-порталының өнімдік серверіндегі техникалық олқылықтарға байланысты «Электрондық сатып алу» модулі 2017 жылғы 14 ақпанда 17:10 сағаттан бастап 2017 жылғы 14 ақпанда 19:40 сағатқа дейінгі кезеңде қол жетімді болмайды.

2017 жылғы 14 ақпанда 17:10 сағаттан бастап 2017 жылғы 15 ақпанда 10:00 сағатқа дейінгі кезеңге тура келетін «Электрондық сатып алу» модулінің өтінімдерін қабылдауды аяқтау, сондай-ақ ашу, қорытындыларды жасау мерзімдері автоматты түрде 2017 жылғы 15 ақпанда 18:00 сағатқа ауыстырылатындығын хабарлаймыз.

Ауыстырылатын сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Хабарламалар  13.02.2017

Ақпараттық жүйелердің дирекциясы – «Қазақтелеком» АҚ филиалы Астана қ., IDC «Қазақтелеком» АҚ желісінде 16.02.2017ж. Астана уақыты бойынша 02:00 бастап 07:00 дейінгі аралықта, 180 минуттан артық емес байланыстың тоқтауымен техникалық жұмыстарды өткізу туралы хабарлайды.

Толығырақ