Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Форматты-логикалық бақылау

Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс

«Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алу үшін Жүйеде әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысуын шектейтін тексерулер бар. Сатып алуда көрсетілген белгіге байланысты Жүйеде мынадай ФЛБ орнатылған:

Белгісі Сатып алу нысанасының түрі Әлеуетті өнім берушілердің қатысуына арналған ФЛБ Тапсырыс берушілерге арналған ФЛБ Период действия категории

1

Жеңіл және жиһаз өнеркәсібі

Тауар, Жұмыс, Қызмет

Білікті өнім берушілер тізілімінде тұрған өнім берушілер

 Тізімдегі ТЖҚ БНА сәйкестігі

для закупок, опубликованных до 07.09.2021

2

Жеңіл автомобильдер мен өзге де моторлы көлік құралдарын сатып алу 

Тауар

 Білікті өнім берушілер тізілімінде тұрған өнім берушілер

 Тізімдегі ТЖҚ БНА сәйкестігі

для закупок, опубликованных до 07.09.2021

3

Оқшауланған сымдарды (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдерді (коаксиалды кабельдерді қоса алғанда) және басқа да оқшауланған электр өткізгіштерді сатып алу 

Тауар, Қызмет 

Білікті өнім берушілер тізілімінде тұрған өнім берушілер


для закупок, опубликованных до 07.09.2021

4

Ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі қызметтерді сатып алу 

Тауар, Қызмет

Білікті өнім берушілер тізілімінде тұрған өнім берушілер 


для закупок, опубликованных до 07.09.2021

5

Электр трансформаторларын, статикалық электр түрлендіргіштерді, түзеткіштерді, индуктивтілік катушкаларын және дроссельдерді сатып алу 

Тауар, Қызмет 

Білікті өнім берушілер тізілімінде тұрған өнім берушілер


для закупок, опубликованных до 07.09.2021

6

Бағдарламалық қамтамасыз ету тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу 

Тауар, Қызмет

 Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындаған және ТЖҚ БНА сәйкес келетін тізбеде әлеуетті өнім берушілердің болуы. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет.

Тізімдегі ТЖҚ БНА сәйкестігі

Действует


Қаржылық тұрақтылық

Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын тексеру  "Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып өткізілетін конкурс",«Ашық конкурс», «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Аукцион» және  өткізілмеген АК, БААІЖК және АУК сатып алудың «Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу» тәсілдері бойынша жүзеге асырылады:

  • егер лоттың бөлінген сомасы төрт мың еселенген (4 000) АЕК мөлшерінен артық болатын, тауарлар бойынша;
  • егер лоттың бөлінген сомасы жиырма мың еселенген (20 000) АЕК мөлшерінен артық болатын, жұмыстар бойынша;
  • егер лоттың бөлінген сомасы сегіз мың еселенген (8 000) АЕК мөлшерінен артық болатын, қызметтер бойынша.

Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын «Арнайы тәртіппен конкурс» тәсілі бойынша тексеру жүзеге асырылады:

  • егер лоттың бөлінген сомасы жиырма мың еселенген (20 000) АЕК мөлшерінен артық болатын, жұмыстар бойынша;
  • егер лоттың бөлінген сомасы жиырма мың еселенген (20 000) АЕК мөлшерінен артық болатын, қызметтер бойынша;

Тексеру өтінімге лот қосылған кезде жүзеге асырылады. Қаржылық тұрақтылық бойынша деректерді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынды.

Қаржылық тұрақтылықты есептеу критерийлері төменде келтірілген:

Критерий Ескертпе

1

Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде әлеуетті өнім берушінің кірістері (айналым қаражаты) лотты жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екінші бөлігін құрауға тиіс


2

Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде төленген салықтардың көрсеткіші кемінде үш пайызды құрауға тиіс; 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін жарияланған сатып алу үшін өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде төленген салықтардың көрсеткіші Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес кемінде төрт пайызды құрауға тиіс.

Төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

ТСК = ТС /Т х 100%, мұндағы:

  • ТСК - төленген салықтардың көрсеткіші;
  • ТС - төленген салық сомасы;
  • Т - әлеуетті өнім берушінің табысы.

3

Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының орташа құны лотты жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрауы тиіс

Бұл критерий мынадай жағдайларда ескерілмейді:

  • «Арнайы тәртіппен конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысу
  • әлеуетті өнім беруші шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатады

4

Әлеуетті өнім берушінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес лотты жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрауы тиіс


Назар аударыңыз!

  • ТАУАРЛАРДЫ мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті жеткізуші, егер ол жиынтықта 1) және 2) тармақтарда көзделген шарттарға сәйкес келсе, қаржылық тұрғыдан тұрақты деп танылады.
  • ҚЫЗМЕТТЕРДІ мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті жеткізуші, егер ол жиынтықта 1), 2) және 4) тармақтарда көзделген шарттарға сәйкес келсе, қаржылық тұрғыдан тұрақты деп танылады.
  • ЖҰМЫСТАРДЫ мемлекеттік сатып алуына қатысатын әлеуетті жеткізуші, егер ол жиынтықта аталған шарттардың барлығына сәйкес келсе, қаржылық тұрғыдан тұрақты деп танылады.

1, 3 және 4 критерий бойынша атап өтеміз: егер әлеуетті өнім берушінің табысы, негізгі қаражаты немесе еңбекке ақы төлеу қоры ағымдағы қаржы жылына 400000 АЕК артық болса, онда жүйе осы өлшемшарттар бойынша лоттың қосылуын автоматты түрде өткізіп жіберетін болады.

«Қатысушы профилі - қаржылық тұрақтылық» қосымша парақшасында өз ұйымының қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді қарау.

Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу

Жүйеде «Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу» тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде мынадай тексерулер бар

Негіз ФЛК

1

МСА туралы Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) тармақшалары 

Тапсырыс берушілер шарт жасасуға құқылы өнім берушілердің тізімі (15.03.2024 ж. жағдай бойынша)

2

МСА турадлы Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшалары 

Осы тармақшаларды қолдануға құқылы тапсырыс берушілердің тізімі (15.03.2024 ж. жағдай бойынша)

3

МСА туралы Заңның 39-бабы 3-тармағының 29) тармақшасы 

Егер Тапсырыс беруші «Еңбек» ШЖҚ РМК, «Еңбек-Өскемен» ШЖҚ РМК ұйымдары болып табылмаса, онда жоспар тармағында тек тізбеден ТЖҚ кодтарын қосуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте шартта:

  • Өнім беруші ретінде тек «Еңбек» ШЖҚ РМК, «Еңбек-Өскемен» ШЖҚ РМК ұйымдарын таңдауға рұқсат етіледі
  • қаржы жылындағы ТЖҚ кодтары бойынша бірліктер саны Тізбеде көрсетілген жылдық көлемнен аспауы тиіс.

4

МСА туралы Заңның 39-бабы 3-тармағының 29) тармақшасы 

Егер Тапсырыс беруші «Еңбек» ШЖҚ РМК және «Еңбек-Өскемен» ШЖҚ РМК ұйымдары және олардың филиалдары болса, онда жоспар тармағында тек тізбеден ТЖҚ кодтарын қосуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте шартта Өнім беруші ретінде «Еңбек» ШЖҚ РМК және «Еңбек-Өскемен» ШЖҚ РМК және олардың филиалдарын таңдауға рұқсат етілмейді

Назар аударыңыз: 1 және 2 тармақтарда көрсетілген тізімдерде тиісті тапсырыс берушілер мен өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен Қаржы министрлігіне жүгіну қажет.

Расталған жағдайларда тапсырыс берушілер мен өнім берушілердің көрсетілген тізімдері толықтырылатын болады».