ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
«Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот» АЖ-да 2017 жылғы 30 наурызда 21:00 сағаттан бастап алдын алу жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз, осыған байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтер алу өңделмейтін болады.
Осы орайда 2017 жылғы 30 наурызда 19:30 сағаттан бастап 2017 жылғы 31 наурызда 10:00 сағатқа дейінгі кезеңге тура келетін «Ашық конкурс» және «Аукцион» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алу» модулінің өтінімдерін қабылдау, сондай-ақ ашу, қорытындыларды жасау рәсімдерінің аяқталу мерзімдері 2017 жылғы 31 наурызда 18:00 сағатқа ауыстырылды.
Ауыстырылған сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін сілтемесі бойынша өтіңіз.
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
