Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 307308

Тема сообщения
Техникалық сипаттамадағы материалдардың бағалары туралы

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
A-KHAN.kz

Представитель поставщика
АЙТБАЙ ӘЛІХАН ЕРАЛХАНҰЛЫ

Дата и время отправки сообщения
2023-02-17 10:47:17

Текст сообщения
1. Техникалық сипаттаамада көрсетілген сыртқа және ішке қойылатын камералардың сипаттамалары не себепті нақты белгілі модельге негізделген. Нақтырақ айтсақ, сыртқы IP камера DAHUA technology компаниясының DH-IPC-HFW71242HP-Z моделіне, ал ішкі камералары DAHUA technology компаниясының nk8bl7z модельді камерасына және Hikvision компаниясының DS-2CD51C5G0-IZS модельді камераларына сәйкес келеді. Қазақстан Республикасында бұл камералардың бағасы шамамен 400мың теңгеден жоғары және де тек алдын-ала тапсырыс арқылы алдыртуға болады. Аталған камералардың техникалық сипаттамалар қандай заңды күші ба негіздемеге сәйкестендіріліп жасалынған және де аталған камералар қандай қауіпсіздік ережелерін қанағаттандыру мақсатында жоспарланды?
2. Техникалық сипаттамада көрсетілген дербес компьютер комплектісінің тех. сипаттамасында оперативті жады 32 ГБ, қатқыл жады 20 ТБ және SSD 1 ТБ, процессоры 16 ядерлы және видео адаптер 8 ГБ-дан кем емес деп көрстеліген. Аталған сипаттамадағы ДК-лердың орташа бағасы 800мың теңгеден жоғары екенін мәлім.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Сіздерден Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларының 2-қосымшасында көрсетілген бейнебақылау жүйлерінің минимальды техникалық шарттарын қанағаттандырататындай камералардың сипаттамаларын және сол сипаттамалар негізінде дербес компьютерлердің, мониторлардың, теледидарлардың да тех сипатталамаларына өзгеріс енгізулеріңізді сұраймыз.



Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2023-02-27 17:08:21

Автор:
ҚҰЛАХМЕТ ЕРДӘУЛЕТ ЕРЛАНҰЛЫ

Решение:
Отклонить замечания

Причина отклонения
Тапсырыс берушінің 27.02.2023 жылғы
№3-13/129 хатына сәйкес төмендегідей жауап жолдайды:
1. «Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығына сәйкес негізделіп әзірленген. Сонымен қатар, DAHUA technology компаниясының DH-IPC-HFW71242HP-Z моделіне, ал ішкі камералары DAHUA technology компаниясының nk8bl7z модельді камерасына және Hikvision компаниясының DS-2CD51C5G0-IZS модельді камераларына негізделетін марка, модель және шығарылатын елі туралы ақпарат техникалық сипаттамада көрсетілмеген.
2. Компьютерлердің техникалық сипаттамасы білім ұйымдарына орнатылатын камералармен жылдам жұмыс жасау мақсатында жасақталған. Техникалық сипаттамаларға өзгеріс енгізген жағдайда қойылған талаптарға өз дәрежесінде қол жеткізу мүмкіндік болмайды. Сондай ақ, барлық құрылатын құрылғылардың бағасы үш әлеуетті өнім берушінің баға ұсыныстарына сәйкес жасақталған.
Сол себепті конкурстық құжаттаманы өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды.