Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 166955

Тема сообщения
Конкурстық құжаттаманың 1-4 қосымшасына қатысты

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "Охранное агентство "Жалаң Төс""

Представитель поставщика
МАХАМБЕТОВ СПАНДИЯР ДАУЫЛБАЕВИЧ

Дата и время отправки сообщения
2021-01-26 18:27:20

Текст сообщения
Конкурстық құжаттаманың 1-4 қосымшасындағы төмендегі талаптар өтінім берушілердің қатысуын шектеп және конкурстық құжаттаманы негізсіз күрделендірген;
1) "Материалдық ресурстары" тармақшасында қызмет көрсету кезінде тікелей қажетті болып табылмайтын кісен, қорғаныс шлемі, бронежилет сияқты құралдардың талап етілуі.
2) ҚР "Күзет қызметі туралы" Заңына сәйкес күзетші қызметіне Қазақстан Республикасының 19 жасқа толған және күзетшінің арнайы дайындығынан (арнайы курстан) өткен азаматтар қабылдана алады. Соған қарамастан "Еңбек ресурстары" тармақшасында өрт қауіпсіздігі және антитеррор бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өту және 2 жыл еңбек өтілінің талап етілуі.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2021-01-28 11:03:45

Автор:
АХМЕТОВ АДДИС БАГДАТОВИЧ

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Текст разъяснения
1) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының 9-бабы 1-тармағының 4)-тармақшасыныа сәйкес, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының болуы біліктілік талаптары қойылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы №85 Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес, Жеке күзет ұйымдары күзетшiлерiнiң қару мен арнаулы құралдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте қолдануға құқығы бар.
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің "Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 1142 бұйрығының 4-тараудың 9-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес, Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөніндегі қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқыту бағдарламасына терроризмге қарсы даярлық енгізілген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы №85 Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Күзет қызметінің субъектілері мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, тәжірибе алмасу, өз мамандарының біліктілігін арттыру, қазіргі заманғы техникалық құралдар мен технологияларды енгізу және пайдалану мақсатында күзет қызметі саласындағы шетелдік компанияларды тартуға құқылы.
3) Конкурстық құжаттамаға 1-4-қосымшасының еңбек ресурстары бөлігіне сәйкес, қызметкердің жұмыс өтілімі (қажет болған жағдайда) үш жылдан аспайтын (Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе бекітілген нормативтерінде неғұрлым жоғары өтілім көзделген жағдайларды қоспағанда) мерзімде белгіленеді.