Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 166110

Тема сообщения
Ескертпе негізсіз орындалмаган

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "КомпанияБауыржанКурылыс"

Представитель поставщика
ӘМИШАЕВ АЙДАР ШЫНТЕМІРҰЛЫ

Дата и время отправки сообщения
2021-01-24 04:17:48

Текст сообщения
5314777-1 хабарламада төменде көрсетілген заң талаптарына сәйкес келмейтіндігі жөнінде ескертілген осыған сәйкес ұйымдастырушы тарапынан, тапсырыс беруші тарапына сметалық құжаттаманы еңгіздіру жөнінде жұмыстар жүргізілмеген. Қазіргі таңда қаламызда жарияланып жатқан жалпы күтіп ұстау жұмыстары тағыда басқа жұмыстарға сметалық құжат ұсынылып жарияланған. Осыған осы заң талаптарына сәйкес Облыстық маңызы бар автомобиль жолын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмысы бойынша «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай-Заң) объектілердің және олардың кешендерінің құрылысы (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу), сондай-ақ коммуникацияларды төсеу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және ағымдағы жөндеу белгіленген тәртіппен бекітілген (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
Атап айтқанда "Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" 2017-2021 жыл аралығында Облыстық маңызы бар автомобиль жолын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары бойынша (жобалау-смета немесе смета) құжаттамасы жасалынып ашық конкурс барысында жарияланбасада сметалық құжаттамасы жасалынбаған.
Облыстық маңызы бар "Қызылорда-Жалағаш" 0-91 км автомобиль жолының ағымдағы жөндеу және күту жұмыстары қанша кв.м жол жөндеу жұмыстары, жол сызығын (разметуа) сызу т.б жұмыстары толық көрсетілмеген.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2021-01-27 18:15:33

Автор:
АХМЕТОВ АДДИС БАГДАТОВИЧ

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Текст разъяснения
Тапсырыс берушінің 26.01.2021 жылғы № 06-16/159 хатына сәйкес:
«Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығының 16-тармағына сәйкес күтіп ұстау жұмыстары жобалық құжаттаманы жасауды талап етпейді. Оларды "Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелеріп, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы" 2015 жылғы 17 маусымдағы №711 бұйрығымен бекітілген қолданыстағы нормативтік қаржыландыруға сәйкес, күтіп ұстауға бөлінген қаражат шегінде ақаулықтар тізбесі бойынша жолдарды тексеру нәтижесіпің негізінде жоспарлайды. Күтіп ұстауға арналған қаражаттардың шегінде, ақаулардың ведомосі бойынша тексерілген жолдардың нәтижелерінің негізінде жоспарланатын, жол және жол құрылыстарының зақымдарын алдын алу және түзету бойынша жұмыстар орындалады. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында «ағымдағы жөндеу» сөз ұғымы көрсетілмеген. Осыған орай, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға жоба-сметалық құжаттама жасауды талап етілмейді және ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстар қаржыландыру нормативтеріне сәйкес бөлінген қаржы шегінде ақаулықтар тізбесі бойынша жолдарды тексеру нәтижелері негізінде жоспарланады.