Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 110720

Тема сообщения
Жұмыс тәжірибесі

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "Caspian Green Wave"

Представитель поставщика
МАТИКОВ КОШКАРБАЙ

Дата и время отправки сообщения
2019-06-10 18:44:36

Текст сообщения
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 441-тармағында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 9-бабының 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес тапсырыс берушілер өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесіне ие болуы бөлігінде әлеуетті өнім берушілерге біліктілік талаптарын ұсынады деп көрсетілген. Алайда Тапсырыс беруші Конкурстық құжаттамада Қағиданың 442 тармағының 2-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесі екі жылға дейін біліктілік талаптары ұсынылмаған.
Алдыңғы Құжаттаманы талқылау кезіндегі "Қаржы жылы күнтiзбелiк есептеу бойынша 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады" деп заң талаптарын бұрмаламай, мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы 2019 жылға белгіленген екі жүз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын 2 лот бойынша жұмыс тәжірибесін талап етуді сұраймын.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2019-06-12 18:36:23

Автор:
СУНГАТОВ НАРЫНБЕК БАКЫТНУРЫВИЧ

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Текст разъяснения
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 442 тармағында Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің сатып алынатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесі келесі өлшемшарттарға сәйкес:
1) Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына белгіленген елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, екі жылға дейін;
2) Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, бес жылға дейін - белгіленуі мүмкін делінген.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңының 65-бабына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы күнтiзбелiк есептеу бойынша 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады делінген, яғни № 22634733-ОК1, 24484049-ОК1, 22633890-ОК1 лоттары бойынша үш қаржы жылына бөлек қаржыландыру қарастырылған және ол Қағиданың 442 тармағының 1,2-тармақшасына сәйкес қызмет нарығындағы 2 немесе 5 жыл жұмыс тәжірибесін белгілеуге сәйкес келмейді.