Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 586278
Тема сообщения
ЕСКЕРТУ
Тип сообщения
Замечание к КД
Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "СЛУЖБА ОХРАНЫ ШЫҢ АЛЕМ"
Представитель поставщика
ПИРГЕЛДИЕВ ЖАНДОС КОШКАРОВИЧ
Дата и время отправки сообщения
2026-02-13 22:29:23
Текст сообщения
осы конкурс құжаттамасының 8-қосымшада көзделген талаптар ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы №112 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға» сәйкес келмейді. Атап айтқанда, 8-қосымшада белгіленген жекелеген талаптар негізсіз күшейтілген және күзет қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамалармен толық сәйкес келмейді. Сонымен қатар, ҚР ІІМ 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №959 бұйрығымен бекітілген күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес, шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттілігінен тікелей туындамайтын, шектейтін немесе негізсіз қиындататын талаптарды белгілеуге жол берілмейді. Осыған байланысты ескертеміз: 1.Орталықтандырылған бақылау пульттері туралы 8-қосымшада күзет қызметтерін көрсету орны бойынша біліктілік талаптарының 3-тарауы 3-тармағына сәйкес 4-дана орталықтандырылған бақылау пультінің болуы талап етілген. 1 ауданға қызмет көрсетуге 4-дана ПЦН талап ету – шарттық міндеттемелерді орындау қажеттілігінен тікелей туындамайтын артық талап. 2. Радиобайланыс құралдары туралы 8-қосымшаның 9-тізбесінде 3-тарау 4-тармаққа сәйкес 24 дана радиобайланыстың болуы талап етілген. Ал №112 бұйрықта РАДИОЖИІЛІК СПЕКТРІН ПАЙДАЛАНУҒА ТИІСТІ ОРГАН БЕРГЕН РҰҚСАТТЫҢ БОЛУЫ НЕМЕСЕ РАДИОБАЙЛАНЫСҚА АБОНЕНТТІК (ЖАЛҒА АЛУ) ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТЫНЫҢ БОЛУЫ КӨЗДЕЛГЕН.Осы конкурс құжаттамасында 24- дана Күзет қызметтерін көрсету орны бойынша біліктілік талаптарының 3-тарауының 4-тармағына сәйкес радиобайланыстың болуы болуы талап етілген. Нақты 24 дана РЧС талап ету – нормативтік актіде көзделмеген қосымша шектеу болып табылады және бәсекелестікті негізсіз шектейді. Осыған байланысты, жарияланған конкурс құжаттамасын ҚР Оқу-ағарту министрінің №112 бұйрығына және күзет қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамаға толық сәйкестендіруді сұраймыз.Осы конкурс құжаттамасын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге толық сәйкестендіріп, бәсекелестікті шектейтін және жекелеген компаниялардың мүдделеріне (лоббилеуге) қызмет етуі мүмкін талаптарды алып тастауды сұраймыз.
Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря
Дата:
2026-02-19 19:53:58
Автор:
ӘСІЛХАН ЕРНҰР ҚҰРМАНХАНҰЛЫ
Решение:
Внести изменения и (или) дополнения в проект конкурсной документации
Описание внесения изменения
Конкурстық құжаттаманың біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № 112 бұйрығына сәйкес белгіленеді.
