Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 583450

Тема сообщения
ЕСКЕРТУ

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "СЛУЖБА ОХРАНЫ ШЫҢ АЛЕМ"

Представитель поставщика
ПИРГЕЛДИЕВ ЖАНДОС КОШКАРОВИЧ

Дата и время отправки сообщения
2026-02-09 23:28:26

Текст сообщения
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 72-тармағына (ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығы) сәйкес, егер сатып алу нысанасы Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес бірінші немесе екінші санаттағы рұқсатты талап ететін қызмет болып табылса, материалдық және еңбек ресурстарының болуына қатысты біліктілік талаптары қойылмайды.
Сонымен қатар, Қағидалардың 73-тармағына сәйкес, жекелеген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша материалдық және еңбек ресурстарына қатысты біліктілік талаптары үлгілік конкурс құжаттамасында көзделуі тиіс.
Осы орайда, білім беру ұйымдарында қауіпсіздік қызметтерін сатып алуға арналған үлгілік конкурс құжаттамасына сәйкес (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы №112 бұйрығы), аталған қызмет түрі бойынша материалдық және еңбек ресурстарына қойылатын нақты біліктілік талаптары белгіленген.
Осыған байланысты, №112 бұйрықты басшылыққа ала отырып, конкурс құжаттамасындағы талаптарды бұйрыққа сәйкестендіруді және конкурс құжаттамасының 8-қосымшасына №112 бұйрықта көзделген біліктілік талаптарына сәйкес толықтырулар енгізуді сұраймыз.