Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 571155
Тема сообщения
Конкурстық құжаттамаға
Тип сообщения
Запрос о разъяснении КД
Поставщик
ИП НУРМАХАНОВА
Представитель поставщика
НУРМАХАНОВА НУРСУЛУ КИТАБАЛИЕВНА
Дата и время отправки сообщения
2025-12-19 22:29:33
Текст сообщения
Ресей Федерациясының білім беру ұйымдарынан аспаз мамандығы бойынша алынған білім туралы дипломдар бойынша, егер осы дипломға қосымша Қазақстан Республикасының Ғылым және жорғары білім министрлігінің «Жоғары білім беруді дамыту орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құқықтық теңдігі танылу құқығы берілген куәлік болса, аспазшы ретінде есепке алынуға жатады ма, есепке алынса, тиісті балл беріледі ме? Осыған дейінгі берілген сұраққа түсінікті жауап берілмеді.
Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря
Дата:
2025-12-26 13:21:32
Автор:
НҰРҒАЛИЕВА ГАУХАР СЕРІКҚЫЗЫ
Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларының 7-қосымшасына сәйкес, жұмыс тәжірибесінің болуы әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі – әр 8 айға 1 балдан; әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта басқа қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі – әр 12 айға 1 балдан есептелетіндігі растаушы құжаттары ұсынылғанда жүзеге асырылатындығы көзделген. Сондықтан, конкурстық комиссия қолданыстағы заңнама талаптары негізінде шешім қабылдайды.
