Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 567166

Тема сообщения
Жұмыс өтілі бойынша

Тип сообщения
Запрос о разъяснении КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "Кызылорда-ЭМС"

Представитель поставщика
УРАЗАЛИЕВА ЭЛЬМИРА ЕРГАЛИЕВНА

Дата и время отправки сообщения
2025-12-01 09:58:31

Текст сообщения
Жекелеген жағдайларда, актінің күні мен қызмет көрсетілген кезеңде қарамақайшылар туындауда.
Атап айтқанда, автоматты түрде мемлекеттік сатып алу веб-порталымен толтырылатын мектеп бойынша көрсетілген қызмет актілерінің толтырылған күні мен «қызмет көрсету күні/кезеңі» бөлігінде көрсетілген мәліметтер арасында күнмен, кейде айлар бойынша айырмашылықтар орын алып жатады.
Осы ретте қайсы акті есепке алынуға жатады, актілердің толтырылған күні ме, әлде «қызмет көрсету күні/кезеңі» бөлігінде көрсетілген күні ме?


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2025-12-04 17:21:36

Автор:
СУЛЕЙМЕНОВА ГУЛЬМИРА КАМАЛОВНА

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларының 96-тармағына сәйкес, өнім беруші веб-портал арқылы тапсырыс берушіге тауарлар, қызметтер туралы мәліметтерді толтыра отырып, электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтер актісін жібереді. Ал, аталған Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес, жұмыс тәжірибесінің болуы орта мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша бұрын жасалған шарттардың көшірмелерімен, осы шарттардың орындаудың әрбір айы үшін көрсетілген қызметтер актілерімен және шот-фактуралармен, мемлекеттік заңды тұлғалардың асханаларын мүліктік жалдау (жалға беру) шарттарының көшірмелерімен расталады. Сондықтан, конкурстық комиссия қолданыстағы заңнама талаптары негізінде шешім қабылдайды.