Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 565011

Тема сообщения
Жұмыс өтілі бойынша

Тип сообщения
Запрос о разъяснении КД

Поставщик
ИП ЖУБАТКАНОВА

Представитель поставщика
ЖУБАТКАНОВА АЙНА КЕНЖАЛИЕВНА

Дата и время отправки сообщения
2025-11-25 13:00:02

Текст сообщения
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген Қағиданың үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі – әр 8 айға 1 балдан бал беріледі.
Осы балды есептеу тәртібі бойынша түсіндірме беруді сұраймыз. Балды есептеу барысында әр жылға 8 айдан болуы керек пе, әлде соңғы 7 жылдағы барлық балдардың қосындысы бойынша есептеледі ме ?
Келесі сұрақ: Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта басқа қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі – әр 12 айға 1 балдан беріледі.
Осы ретте, конкурсқа қатысушы әлеуетті өнім берушінің жеке балабақшада тамақтандыру саласы бойынша көрсетілген қызметтері, растаушы құжаттары толық болған жағдайда есепке алынады ма ?


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2025-12-02 17:43:26

Автор:
БАЗАРБАЕВА НАЗЕРКЕ БАЗАРБАЙҚЫЗЫ

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларының 7-қосымшасына сәйкес, жұмыс тәжірибесінің болуы әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі – әр 8 айға 1 балдан; әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта басқа қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі – әр 12 айға 1 балдан есептелетіндігі көрсетілген растаушы құжаттары ұсынылғанда жүзеге асырылатындығы көзделген. Сондықтан, конкурстық комиссия балл есептеуде қолданыстағы заңнама талаптары негізінде шешім қабылдайды.