Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 465266

Тема сообщения
Замечание к КД

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "TGL Kazakhstan" (ТиДжиЭл Казахстан)

Представитель поставщика
СЕЙІЛХАН АБЫЛАЙХАН РАХЫМЖАНҰЛЫ

Дата и время отправки сообщения
2024-06-14 17:11:06

Текст сообщения
Осымен Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 2-бабының 9-тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз қиындататын талаптарды белгілеуге жол берілмейтінін хабарлаймыз.
Сондай-ақ, ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының 10-тармағына сәйкес құрылыстарды есептеу нәтижелері бойынша , мемлекеттік нормативтермен белгіленетін негіздер мен құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптар дәрежесі бойынша жобалау процесінде жобаны әзірлеуші құрылыс салуға белгіленген объектінің жауапкершілік деңгейін нақтылайды, есептеулер, жүктемелер мен әсерлер бойынша негізгі ережелерді анықтайды. Осыған байланысты, құрылысқа белгіленген объектінің жауапкершілік деңгейін белгілеу және ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге айқындау кезінде жоғарыда көрсетілген нормаларды ескеруіңізді және объектінің техникалық күрделілігін белгілеу бөлігінде конкурсқа қатысуға қойылатын талаптарды негізсіз күрделендірмеуіңізді сұраймыз.
Көбінесе Тапсырыс беруші конкурс жариялаған кезде объектіні техникалық күрделі деп анықтайды, бірақ жобалау кезінде бұл объектінің техникалық күрделі емес екендігі анықталады, осылайша Тапсырыс берушінің көрсетілген талаптары әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектейді және негізсіз қиындатады.
Сондықтан объектінің техникалық күрделілігін анықтаған кезде жоғарыда аталған нормаларды ескеруіңізді сұраймыз.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2024-06-27 15:03:13

Автор:
РАХИМЖАН ДАНИЯР КУРМАНЖАНУЛЫ

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

"Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына сәйкес объект барлық санаттағы жолдардағы ұзындығы 100 м (метр) кем көпір құрылыстарына, яғни жауапкершілігі II (қалыпты) деңгейдегі объектіге жатқызылады. Сондай-ақ, ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының 7-тармағына сәйкес "техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) осы Қағидалардың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, жауапкершіліктің бірінші (жоғары) және екінші (қалыпты) деңгейлеріндегі барлық ғимараттар мен құрылыстар жатады". Жоғарыда айтылғандардың негізінде объектінің күрделілігі бөлігіндегі біліктілік талаптары өзгеріссіз қалады. Конкурстық құжаттамаға жобалау қызметінің II санаты бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады.