Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 463638
Тема сообщения
КҚ 3-қосымша Техникалық тапсырманы түсіндіру
Тип сообщения
Запрос о разъяснении КД
Поставщик
ИП "КУЛЫМБЕТОВА КАЛИЛА "
Представитель поставщика
КУЛЫМБЕТОВА КАЛИЛА КЕНЖЕБЕКОВНА
Дата и время отправки сообщения
2024-06-04 23:02:05
Текст сообщения
Өнім беруші міндетті түрде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесін Тапсырыс берушімен бекітеді. Нақты тамақтану рационы перспективалық мәзірге сәйкес келуі тиіс.
Сұрақ, Тапсырыс беруші перспективалық ас мәзірін, буфетте сатылатын өнімдердің тізбесін жасап, бекітіп конкурстық құжаттамада ұсынып отыр. Енді, өнім беруші ас мәзірінде қамтылған тағамдардан басқа өнім шығарумен айналыспайды, сонда шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесіне не жатады және оның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес немесе сәйкес еместігіне өнім беруші кепілдік бере алмайды, өйткені ұсынатын өнімдер СЭС-пен келісілмейді және бүгінгі күні СЭС-те келісім құзыретінен шеттетілген.

Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря
Дата:
2024-06-10 16:46:25
Автор:
БАЙДИЛДАЕВА МАРИЯ ШЫНАЛИЕВНА
Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 177-ші тармағында тәрбиелеу және білім беру объектілерінің, мектепке дейінгі ұйымдардың, балалар үйлерінің, балаларды сауықтыру және санаторий объектілерінің тамақтану объектілерінде пайдалануға жол берілмейтін тағам өнімдері көрсетілген. Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне қолданылатын, 021/2011 КО ТР техникалық регламентінің 8-бабында және Одақтың техникалық регламенттерінде айқындалған тамақ өнімін, осы Санитариялық қағидалардың 97-тармағында көрсетілген тамақ өнімін, пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты, йодталмаған тұзды және құрамында темір бар дәрумендермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға жол берілмейтінін назарға алу қажет.