Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Назар аударыңыз! Сатып алуды кейінге қалдыру.

Хабарламалар  29.05.2020

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталының қолжетімсіздігіне байланысты өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі, сондай-ақ «Баға ұсыныстарын сұрату» бойынша «Ашық тендер», «Алдын ала іріктеу конкурсы» сатып алу әдістері бойынша 2020 жылғы 29 мамырда сағат 09:30-дан бастап 2020 жылғы 29 мамырда сағат 10:30-ға дейін белгіленген «Электрондық сатып алу» модулін ашу рәсімі 2020 жылғы 29 мамырда сағат 13:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Қайта жоспарланған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.


Толығырақ

Квазисектордың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  26.05.2020

Осымен 2020 жылғы 26 мамырда сатып алудың веб-порталында Аукцион тәсілімен (МС емес) ұйымдастыру және өткізу мүмкіндігі іске асырылды. Ұйымдастырушының нұсқаулығы, ал өнім берушінің нұсқаулығы сілтемесі бойынша орналастырылған.


Толығырақ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Хабарламалар  22.05.2020

"Электрондық қаржы орталығы" АҚ-да 2020 жылғы 24 мамырда сағат 00:00-ден 09:00-ге дейін алдын алу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу Веб-порталы қолжетімсіз болады.

Осыған байланысты, сатып алуға қатысуға өтінімдерді алдын ала беруді сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуды ауыстыру!

Хабарламалар  19.05.2020

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тарапынан 2020 жылғы 19 мамырда сағат 00:00-ден бастап 00:40-қа дейін жоспарлы профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізілгенін, сонымен қатар IP адресі pki.gov.kz болып өзгертілгенін хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында NCALayer қол қою бағдарламасының көмегімен файлдарға қол қою және тіркеу кезінде қиындықтар туындады.

Осыған байланысты, 2020 жылғы 19 мамырда сағат 00:00-ден бастап 11:30-ға дейін белгіленген өтінімдерді қабылдау, баға ұсыныстарын қабылдау, өтінімдерді толықтыру және аукционды өткізу мерзімі 2020 жылғы 19 мамырда сағат 18:00-ге ауыстырылды, ал осы кезеңге жататын аукциондар 2020 жылғы 20 мамырда сағат 11:00-ге ауыстырылды.

Қайта жоспарланған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрметті мемлекеттік сатып алу веб-порталын қолданушылар!

Хабарламалар  19.05.2020

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында қол қою кезінде туындаған мәселеге байланысты конкурстық өтінімдерді қабылдау, баға ұсыныстарын қабылдау, өтінімдерге толықтыруларды қабылдау, аукциондарды бастау мерзімі, сондай-ақ сатып алудың барлық әдістеріне арналған «Электрондық сатып алу» модулін ашу рәсімі кейінге қалдырылғанын хабарлаймыз.

Ақаулықтың себебі және сатып алуды кейінге қалдыру туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.


Толығырақ

Тауарларды жеткізушілерге!

Жаңалықтар  18.05.2020

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес (31.01.2020 ж. №92 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы) 01.06.2020 ж. бастап тармақтың қолданысқа енгізілетінін хабарлаймыз.
19) тауарлардың электрондық каталогы – интернет-дүкендер арқылы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар туралы мәліметтер орналыстырылатын веб-порталмен интеграцияланған ақпараттық жүйе.
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ мемлекеттік сатып алу Біріңғай операторы (бұдан әрі – ЭҚО АҚ) «пилоттық» жоба ретінде, 31.12.2020 ж. дейін мемлекеттік мекемелердің сатып алуларының электронды Каталогы ретінде www.omarket.kz электронды алаңында отандық өнім беруші «Электронды коммерциялық орталығы» ЖШС жеңімпаз ретінде баға ұсыныстарына сұрау тәсілімен тауарлардың электрондық каталогына қатынауды ұсыну бойынша қызметтерді сатып алуды бәсекелестік негізде жүзеге асырды. Каталог www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланды және құны 100 АЕК дейінгі тауарларды мемлекеттік мекемелердің жедел сатып алуы үшін электронды алаң болып табылады.
Анықтама үшін:
Қағиданың 378-тармағы: «..... Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасында көзделген негіз бойынша шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың электрондық каталогынан жүзеге асырылады.
Сатып алынатын тауарлар тауарлардың электрондық каталогында болмаған не тауарды тауарлардың электрондық каталогында орналастырған әлеуетті өнім беруші шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда, мұндай мемлекеттік сатып алу Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасына сәйкес тауарлардың электрондық каталогын пайдаланбай жүзеге асырылады.»
Жоғарыда жазылғандардың негізінде, бәсекелестікті арттыру, сатудың көлемін ұлғайту және бір көзден мемлекеттік мекемелердің тауарларын сатып алудың айқындылығын жүзеге асыру үшін – барлық әлеуетті өнім берушілерді сіздің тауарларыңыз бойынша ақпаратты www.omarket.kz электрондық каталогқа орналастыруға шақырамыз.

Толығырақ

Назар аударыңыз, сатып алуды кейінге қалдыру!

Хабарламалар  15.05.2020

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында техникалық жұмыстарға байланысты 2020 жылғы 15 мамырда сағат 19:20-дан бастап 19:30-ға дейінгі аралықта келетін өтінімдерді толықтыру мерзімі 2020 жылғы 15 мамырда сағат 20:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Қайта жоспарланған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Профилактикалық жұмыстар

Хабарламалар  15.05.2020

2020 жылғы 15 мамырда сағат 20:00-ден бастап 21:55-ке дейін «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ-да профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін, сол себепті Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы ақпарат өңделмейтінін хабарлаймыз.

Осыған байланысты, сатып алуға қатысуға өтінімдерді алдын ала беруіңізді сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз

Толығырақ

всем пользователям квазигоссектора!

Жаңалықтар  14.05.2020

Уважаемые пользователи!
15 мая изменен функционал  Модуля  "Закупки" добавления данных по лотам в части расчета демпинга для тендера на основании изменений Правил осуществления закупок товаров, работ, услуг национальными управляющими холдингами, национальными холдингами, национальными компаниями и организациями, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых прямо или косвенно принадлежат национальному управляющему холдингу, национальному холдингу, национальной компании.
В этой связи Вам необходимо удалить проект объявления и повторно создать объявление в соответствие с учетом расчета демпинга, указанных в Правилах  (см. Инструкция пользователей (квазигоссектор)-Инструкция Организатора(не ГЗ)- Организация и проведение закупок способом "Тендер"- Добавление данных по лотам
При подаче заявок от поставщика (см. Инструкция пользователей (квазигоссектор)-Инструкция Поставщика (не ГЗ)- Участие в закупках способом "Тендер"



Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!

Хабарламалар  13.05.2020

2020 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесіндегі Интернет желісінен DDOS-шабуылдардың алдын алу бойынша ілеспе техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.
Қазіргі уақытта Қоғам Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК бірлесіп жүйеге толық қолжетімділікті қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Орталық мынадай іс-шараларды өткізді:
Өтінімдерді қабылдаудың, баға ұсыныстарын қабылдаудың, өтінімдерді толықтыруларды қабылдаудың, аукциондық сауда-саттықтың басталуының 2020 жылғы 13 мамыр сағат 11:00 бастап 2020 жылғы 14 мамыр сағат 13:00 дейінгі аралыққа түсетін мерзімдер 2020 жылғы 15 мамырда сағат 13:00 ауыстырылды.
2020 жылғы 13 мамыр сағат 11:00 бастап 14 мамыр сағат 18:00 дейінгі кезеңге түсетін «Арнайы тәртіп қолданылатын конкурс», «АТҚО БК» және «АТ белгісі бар БҰСС-мен БК» сатып алу тәсілдері бойынша «Жарияланды» статусындағы өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімдері 2020 жылғы 15 мамыр сағат 13:00 ауыстырылды.
2020 жылғы 13 мамыр сағат 00:00 бастап 2020 жылғы 14 мамыр сағат 13:00 дейінгі аралықтағы камералдық бақылау хабарламаларын жөнелту мерзімдері, хабарламаларды орындау мерзімдері, шағымдар, қарсылықтар, қорытындылар беру мерзімдері, шарттарға қол қою 2020 жылғы 14 мамырда сағат 23:59:59 ауыстырылды.

Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіз (парақтар бойынша бөлу).

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ