НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуды ауыстыру!
Хабарламалар 14.08.2020
"Электрондық қаржы орталығы" АҚ-да 2020 жылғы 15 тамыз сағат 09:00-ден 2020 жылғы 16 тамыз сағат 23:00-ге дейін профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу Веб-порталы қолжетімсіз болады.
Осыған байланысты, сатып алудың барлық тәсілдері бойынша өтінімдер мен баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімі кезеңге келіп түседі:
15 тамыз сағат 08:45-тен бастап 2020 жылғы 15 тамыз сағат 23:59-ға дейін 2020 жылғы 17 тамыз сағат 18:00-ге ауыстырылды, сатып алу тізімін көру үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.
16 тамыз сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 16 тамыз сағат 23:15-ке дейін 2020 жылғы 18 тамыз сағат 18:00-ге ауыстырылды, сатып алу тізімін көру үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Профилактикалық жұмыстар!
Хабарламалар 13.08.2020
"Электрондық қаржы орталығы" АҚ-да 2020 жылғы 15 тамыз сағат 09:00-ден 2020 жылғы 16 тамыз сағат 23:00-ге дейін профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу Веб-порталы қолжетімсіз болады.
Осыған байланысты сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді алдын ала тапсыруыңызды сұраймыз.
Сатып алу мерзімдерін ауыстыру туралы ақпарат кейінірек орналастырылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
ТолығырақВсем пользователям веб-портала!!!
Жаңалықтар 04.08.2020
Құрметті мемлекеттік сатып алу веб-порталың қолданушылары!
Жаңалықтар 24.07.2020
Әлеуетті өнім берушіде лицензияның және (немесе) рұқсаттың болуы мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып танылатын жағдайларды қоспағанда, жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары белгіленетін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 9-бабының өзгеруіне байланысты 2020 жылғы 24 шілдеден бастап Порталда ашық конкурс, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, аукцион тәсілдерімен жүргізілетін ұйымдастырушының хабарландыруын құру функционалына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрметті мемлекеттік сатып алу веб-порталын қолданушылар!
Хабарламалар 24.07.2020
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2020 жылғы 25 шілдеде сағат
21:00-ден бастап 23:59-ға дейін «Электрондық үкімет» шлюзі мен «Электрондық үкіметтің»
сыртқы шлюзінің жоспарлы жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды, сол
себепті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында «Мүгедектердің
қоғамдық бірлестігі» белгісі мен аффилирленгені туралы мәліметтер алуға сұрау
салулар өңделмейді.
Осыған байланысты сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді алдын ала
тапсыруыңызды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!
Жаңалықтар 24.07.2020
19.03.2020 жаңалыққа қосымша
«Бір көзден сатып алудың форматты-логикалық бақылауы!!!
Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден танысуға болады.
Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден танысуға болады.
Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен Қаржы министрлігіне жүгіну қажет.
Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің тізбесі толықтырылатын болады».
Назар аударыңыз! Профилактикалық жұмыстар!
Хабарламалар 16.07.2020
2020 жылғы 16 шілдеде сағат 20:00 бастап сағат 22:15 дейін «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтерді алу өңделмейтінін хабарлаймыз.
Электрондық депозитарийге қатысты!
Жаңалықтар 14.07.2020
Назар аударыңыз! ОБДШ техникалық жұмыстары
Хабарламалар 09.07.2020
«Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ-да 2020 жылғы 9
шілдеде сағат 20:00-ден бастап 21:55-ке дейін техникалық жұмыстар
жүргізілетінін хабарлаймыз, сол себепті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтер өңделмейді.
Осыған байланысты сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді алдын ала беруіңізді
сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Құрметті Тапсырыс берушілер!
Жаңалықтар 09.07.2020
7 шілде күні жоспар тармағын құру және шартты өзгерту үшін жоспар тармағына өзгерістер енгізу кезінде ерекшеліктер мен алғытөлем бойынша шектеулер бөлігінде «Жоспарлау» модулі жаңартылды (Тапсырыс берушінің нұсқаулығы –
Жылдық жоспардағы жоспар тармақтарымен жұмысты қараңыз):
- басыңда шарт үшін таңдалған ерекшелік негізгі шартты өзгертуге арналған жоспардың жаңа тармағында және әрекет ететін жоспар тармағына өзгерістер енгізу кезінде өзгеріссіз қалуы тиіс;
- алғытөлем % ББС жазбалар бойынша өзгеріссіз қалу тиіс, демек алғытөлем % негізгі шарттың ерекшеліктерімен бірдей болуы тиіс;
- ББС жаңа жазбаларды қосу кезінде, егер ББС біріңғай ерекшеліктері болса, демек алғытөлем % осы ерекшеліктер үшін бірдей болуы тиіс.
9 шілдеде Қазынышалықта қосымша келісімді тіркеу үшін өтінімді жолдау кезінде алғытөлем сомасының артық болмауына тексеруді орындау бөлігінде «Шарттар» модулі жаңартылды. Пысықтау шарт өзгерілген және бұрын төленген алғытөлем болғанда, сондай-ақ ілеспе тексерулер кезінде ерекшеліктер бойынша (ББС) соманы ауыстырумен байланысты тексерулерге қатысты. Егжей-тегжейлі Тапсырыс берушінің нұсқаулығы – Шартты Қазынашылықта тіркеуге жолдауда танысуға болады.
Қосымша:
- сонымен қатар «Төлем – бұрын төленген алғымтөлем туралы ақпарат» тарауындағы қосымша келісім жобасында негізгі шарт «Қосымша келісімі құрылды» статусында болғанда, күшіне енгенге дейінгі үстіміздегі жылға арналған «бұрындары төленген алғытөлем» жиегінің мәнін түзету мүмкіндігі бар
- қосымша келісімді құру кезінде, егер шарттың жаңа мәні енгізілетін болса Жүйе ерекшелік бойынша негізгі шарттың мәні сияқты алғытөлемнің пайызын автоматты түрде белгілейді – шарттың жаңа мәні үшін алғытөлем пайызындағы бірдей ерекшеліктер бойынша алғытөлем пайызының мәнін негізгі шарттан көшіреді.
