Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  11.05.2021

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 5 суәірдегі № 431 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілгені (ҚР ӘМ-де 2021 жылғы 6 суәірде № 22699 тіркелді) туралы хабарлайды.

Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Бұйрықтар ( 1, 2, 3, 4, 5, 6, Салыстырмалы кестемелер (1, 2 ), Новеллалар ( 1, 2 )

Толығырақ

Назар аударыңыз!

Хабарламалар  06.05.2021

"Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар" АЖ 2021 жылғы 6 мамырда сағат 20:00-ден 22:30-ға дейін профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу Веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтер өңделмейді.

Осыған байланысты сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді алдын ала тапсыруыңызды сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Хабарламаларды SMS арқылы тарату

Жаңалықтар  06.05.2021

Құрметті Өнім беруші! Сізге хабарламаларды SMS-тарату функциясы іске қосылғандығын хабарлаймыз. SMS хабарламалары Қазақстан Республикасындағы ұялы байланыс операторларының телефон нөмірлеріне жіберіледі. Хабарламаның жіберушісі «GOSZAKUP» болады. Бұл функцияны қолдану үшін ұялы телефонның нөмірін «Жеке деректер» - «Байланыс құралдары» бөлімінде жаңартып, байланыстырыңыз.
СМС-хабарламалар ақпараттандырудың негізгі әдістерінің бірі емес, қосымша ақпараттың бірі екенін ескеріңіз. Ұялы байланыс операторларының жұмысына, абоненттің қол жетімділігіне және басқа да бірқатар тәуелділіктерге байланысты, веб-порталдағы Жеке кабинеттегі хабарламаларды қарауды ұсынамыз. 

Толығырақ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуды ауыстыру!

Хабарламалар  30.04.2021

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 30.04.2021ж. «Орталықтандырылған біріздендіріліген дербес шоттар» АЖ тарапында техникалық ақаулықтың тіркелгенін хабарлаймыз. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында авторизациялану кезінде салық берешегі туралы деректер бойынша сұрау салудың өңделмеуіне, сондай-ақ оқтын-оқтын туындаған проблемалармен байланысты сынилықтың орташа деңгейінің туындауына байланысты 2021 жылғы 30 сәуірде сағат 10:09-дан бастап 2021 жылғы 30 сәуірде сағат 14:05-ке дейінгі кезеңге түсетін «Баға ұсыныстарына сұрау салу», «Ашық конкурс», «Аукцион», «Тұрғын үйді сатып алу», «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден», «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша конкурс», «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурс», «Тендер», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс» «МС емес өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден», «Баға ұсыныстарына сұрау салу (МЕ емес new)» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алулар» модуліне өтінімдерді қабылдау, баға ұсыныстарын қабылдау және қосымша өтінімдерді қабылдау мерзімдерінің аяқталуы 2021 жылғы 4 мамырда сағат 18:00-ге ауыстырылды.


Ауыстырылған сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!

Хабарламалар  29.04.2021

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 28.04.2021ж. сынилықтың орташа деңгейіндегі техникалық ақаулықтың тіркелгенін хабарлаймыз. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында авторизациялану кезінде оқтын-оқтын проблемалар туындағандықтан 2021 жылғы 28 сәуірде сағат 18:57-ден бастап 2021 жылғы 30 сәуірде сағат 10:00-ге дейінгі кезеңге түсетін «Баға ұсыныстарына сұрау салу», «Ашық конкурс», «Аукцион», «Тұрғын үйді сатып алу», «Алдын ала біліктілікті іріктеумен конкурс», «Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден», «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша конкурс», «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурс», «Тендер», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс» «МС емес өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден», «Баға ұсыныстарына сұрау салу (МЕ емес new)», «Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алулар» модуліне өтінімдерді қабылдау, баға ұсыныстарын қабылдау және қосымша өтінімдерді қабылдау мерзімдерінің аяқталуы 2021 жылғы 30 сәуірде сағат 20:00-ге ауыстырылды.

Ауыстырылған сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.
Сонымен қатар, 2021 жылғы 29 сәуірде сағат 23:59:59 аралығына түсетін камералдық бақылау хабарлауын жолдау, хабарлауды орындау, сапаны бақылау, арызды, қарсылықты, қорытындыны ұсыну, шарттарға қол қою мерзімінің 2021 жылғы 30 сәуірде сағат 23:59:59 ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Қол қою мерзімі ауыстырылған шарттар бойынша ақпаратты қарау үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Жоспарлы профилактикалық жұмыстар!

Хабарламалар  29.04.2021

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2021 жылғы 1 мамырда сағат 00:00-дан бастап 2021 жылғы 3 мамыр аралығында сағат 23:59-ға дейін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілетінін хабарлаймыз.
Көрсетілген уақыт аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталы қолжетімсіз болады.
Осыған байланысты сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді алдын ала ұсынуды сұраймыз.

Ауыстырылған сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуды ауыстыру!

Хабарламалар  16.04.2021

Осы хабарлама арқылы "орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар" ақпараттық жүйесіндегі (ЦУЛС АЖ) техникалық жұмыстарға байланысты 2021 жылғы 17 сәуір сағат 18:00:00-ден 2021 жылғы 18 сәуір сағат 01:30:00-ге дейінгі кезеңде ЦУЛС АЖ-не қол жеткізу мүмкін болмайды, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу Веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтер өңделмейді.

Осыған байланысты 2021 жылғы 17 сәуір сағат 17:45:00-ден 2021 жылғы 18 сәуір сағат 01:45:00-ге дейін түсетін "ашық конкурс", "Аукцион", "тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі Конкурс", "тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі Конкурс", "біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін Конкурс" сатып алу тәсілдері бойынша "электрондық сатып алу" модуліне өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімдері 2021 жылғы 18 сәуір сағат 18:00:00-ге ауыстырылды.

Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  14.04.2021

08.01.2021 жаңалыққа қосымша

«Бір көзден сатып алудың форматты-логикалық бақылауы!!!


Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден танысуға болады.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен Қаржы министрлігіне жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Назар аударыңыз!

Жаңалықтар  09.04.2021

2021 жылғы 9 наурызда ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тапсырыс берушілері үшін қатысушыларды сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу функционалы іске асырылғанын хабарлаймыз.

Толығырақ

Хабардар ету орындалмаған кездегі ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің жауапкершілігіне қатысты жадынама!

Жаңалықтар  08.04.2021

Бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту мақсатында хабардар етуді орындамаған жағдайда ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің жауапкершілігіне қатысты жадынамамен танысу қажеттігі туралы хабарлаймыз.


Хабардар ету орындалмаған жағдайда ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің жауапкершілігіне қатысты мемлекеттік сатып алу веб - порталындағы ақпарат (қысқаша жадынама)

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – Комитет) Тапсырыс берушілер мен Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларға мынадай ақпаратты жеткізеді:

"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V Заңының 30-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес камералдық бақылаудың ден қою шаралары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзыреті шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген камералдық бақылау жүргізу қағидаларының 12-тармағына сәйкес хабарламаны мемлекеттік аудит объектісі ол мемлекеттік аудит объектісіне жеткізілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындайды.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мемлекеттік аудит объектісіне хабарлама жеткізілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде дербес жойылған жағдайда, лауазымды адам әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

Өз кезегінде, жоғарыда көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін хабардар ету орындалмаған не тиісінше орындалмаған жағдайда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне және 207-бабына сәйкес лауазымды адамдардың жауапкершілігі қарастырылған.

Осыған байланысты, Комитет Қазақстан Республикасы заңнамасының көрсетілген талаптарын сақтау қажеттілігі туралы еске салады!

Толығырақ