Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!

Хабарламалар  11.06.2021

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін ұсыну сәтінде 8-қосымшада «Электронды әмияндағы ақшаны» таңдаудың көрінбеуіне байланысты 2021 жылғы 11 маусымда сағат 12:24:00 бастап 12:54:00 аралығына келіп түсетін өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 11 маусымда сағат 18:00:00 ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Ауыстырылған сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

Толығырақ

Барлық Тапсырыс берушілер мен Өнім берушілерге!

Жаңалықтар  08.06.2021

2021 жылғы 1 маусымда егер өнім беруші расталған тапсырыс негізінде жасалған шарттан бас тартса, тапсырысты электронды каталогта қалыптастырусыз шартты құру мүмкіндігі бөлігінде «Шарттар» модулінде пысықтаудың жүргізілгенін хабарлаймыз.


Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 378-тармағына сәйкес: «Мемлекеттік сатып алу Заңның 39-бабының 42) тармақшасына сәйкес .... 2) тауарлардың электрондық каталогында тауарды орналастырған әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қоюдан бас тартуы жағдайында электрондық каталогын пайдаланбай жүзеге асырылады".

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!

Жаңалықтар  01.06.2021

2021 жылғы 1 маусымнан бастап «Шарттар» модулінде Өнім берушінің веб-портал арқылы алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, бірақ камералдық бақылау жүргізуден бұрын емес «Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу» сатып алу (бұдан әрі – ТШЖА БКА) тәсілімен шартқа қол қою мүмкіндігі бөлігінде пысықтау іске асырылғанын хабарлаймыз.

МСА туралы Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасы айрықша болып табылады, осылайша Жүйе камералдық бақылауды жүргізуді күтпестен Тапсырыс беруші шартқа қол қойғаннан кейін дереу МСА туралы Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасы бойынша ТШЖА БКА тәсілімен Өнім берушінің шартқа қол қоюын қолжетімді етеді.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды аудару!

Хабарламалар  01.06.2021

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін беру кезінде 5-1-қосымшаны құруда жіберілген қатеге байланысты 2021 жылғы 31 мамырда сағат 20:24-тен бастап 2021 жылғы 1 маусымда 12:30-ға дейін белгіленген Ашық тендерден өткізілмеген сатып алулар үшін өтінімдерді қабылдау және өтінімдерді толықтыруларды сатып алу әдістерімен қабылдау мерзімі 2021 жылғы 1 маусымда сағат 18:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.


Қайта жоспарланған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін төмендегі сілтемені орындаңыз.

Толығырақ

Всем пользователям веб-портала!!!

Жаңалықтар  01.06.2021

В дополнение к новости от 28.02.2020

Сообщаем, что 01.06.2021 на веб-портале государственных закупок обновлен перечень поставщиков, которым доступно принять участие в закупках способом "Конкурс с предварительным квалификационным отбором» признак «Закупка товаров программного обеспечения и продукции электронной промышленности». С Реестром можно ознакомиться здесь.

При этом отмечаем, что в случае признания государственных закупок способом конкурса с предварительным квалификационным отбором несостоявшимися, заказчикам на Портале доступно осуществить повторные закупки тем же способом либо иными способами государственных закупок Республики Казахстан.
Создание заявки на закупку способом «Конкурс с предварительным квалификационным отбором» с признаком «Закупка товаров программного обеспечения и продукции электронной промышленности» доступно поставщикам, определенным Уполномоченным органом в сфере обеспечения информационной безопасности (далее - УО). По вопросам добавления в перечень определенных УО поставщиков необходимо обращаться в Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан. Ознакомится с Правилами формирования и ведения Реестра для признака «Закупка товаров программного обеспечения и продукции электронной промышленности» можно здесь.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына! (Электрондық депозитарий және т.б. сұрақтар бойынша)

Жаңалықтар  31.05.2021

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № 498 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілгені (ҚР ӘМ-де 2021 жылғы 31 мамырда № 22874 тіркелді) туралы хабарлайды.

Мемлекеттік сатып алу қағидаларына өзгерістер оларды қолданысқа енгізу мерзімдеріне сәйкес екіге бөлікке бөлінген:

- 2021 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін түзетулер;

- 2021 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін түзетулер..

Бұйрықтың мәтіні (1 kz, 2 ru ) , бұйрыққа қосымшалар  (1 kz, 2 kz, 3 kz, 4 kz, 1 ru, 2 ru, 3 ru, 4 ru ) , Салыстырмалы кесте ( 1 kz, 2 ru ) , өзгерістер новеллалары (1 kz,  2 ru ).

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!

Хабарламалар  28.05.2021

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін беру сәтінде үлестестігі туралы мәліметтерді және жақын туыстары туралы мәліметтерді алуға сұрау салуларды жіберу кезінде қатенің болуына байланысты 2021 жылғы 28 мамырда сағат 15:01:00-ден бастап 16:50:00-ге дейінгі кезеңге түсетін өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі 2021 жылғы 28 сәуірде сағат 20:00:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.

 

Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


Толығырақ

Назар аударыңыз!

Хабарламалар  28.05.2021

"Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар" АЖ 2021 жылғы 28 мамырда сағат 20:00-ден 22:30-ға дейін профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу Веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтер өңделмейді.

Осыған байланысты сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді алдын ала тапсыруыңызды сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ ӨНІМ БЕРУШІЛЕР!

Жаңалықтар  18.05.2021

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №308 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік сатып алу заңнамасын жетілдіру және жергілікті қамтылымды дамыту мәселесі жөніндегі жол картасы аясында «Қазақстандық қамтылым» интернет-порталынан алынған СТ-KZ сертификатын таңдау мүмкіндігі бөлігінде «Шарттар» модулін пысықтау орындалды.
Егер шығарушы елі «Қазақстан» таңдалса және шарт сомасы 100 АЕК артық болса, Сізге міндетті түрде СТ-KZ сертификатын таңдау міндетті (жергілікті қамтылым туралы есепте тауарды қосу кезінде 1. тауар және 2. жұмыс/қызмет үшін). Толығырақ жергілікті қамтылым туралы есепті толтыру бойынша пайдаланушының нұсқаулығында сипатталған (Өнім берушінің нұсқаулығы – Шарттармен жұмыс – Тауарлар, жұмыстар және қызметтердегі жергілікті қамтылым туралы есепті қараңыз)
Ұлттық режимнен алынған тауарлар үшін жергілікті қамту туралы есепте әрқашан СТ-KZ сертификатын таңдау міндетті.
Ұлттық режимді алып тастау (ұлттық режимнен алынған тауарлар) анықтамалығы "Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 356 қаулысына сәйкес толықтырылды.

Толығырақ

Автомобиль бензинін, дизель отынын және реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды мемлекеттік сатып алуға қатысты түсініктеме

Жаңалықтар  12.05.2021

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 42-бабына сәйкес тауар биржалары арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес биржалық тауарлар тізбесі бойынша Қосарланған қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады.

Егер биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі биржалық тауарлар тізбесінде көзделген партияның ең төменгі мөлшерінен аспаған жағдайда, тапсырыс беруші тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсілін таңдауға құқылы.

Сонымен, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 312-НҚ бұйрығына сәйкес 2021 жылғы 1 наурыздан бастап мұнай өнімдері биржалық тауарлар тізіміне енгізілген (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығымен бекітілген).

Бұл ретте, биржалық тауарлар тізбесінің ескертуіне сәйкес, тауар биржалары арқылы өткізілетін автомобиль бензинін, дизель отынын және қозғалтқыштарға арналған отынды өткізу көлемін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 7-тармағына сәйкес мұнай өнімдерін беру жоспарының шеңберінде белгілейді.

Сонымен бірге, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес, егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде оның қандай да бiр құқық нормасы қосымша нормативтiк құқықтық акт негiзiнде қолданылатындығы көрсетiлсе, онда бұл норма негiзгi және қосымша нормативтiк құқықтық актiге сәйкес қолданылатындығына назар аударамыз.

Қосымша нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін тиісті қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер әрекет етеді.

Осылайша, мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі уәкілетті орган тауар биржалары арқылы сатылатын автомобиль бензинінің, дизель отынының және авиакеросиннің сату көлемін бекіткенге дейін тиісті қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер қолданылады.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңның 60-бабы 4 тармағына сәйкес мемлекеттік саясатты жүргізетін, белгілі бір салада (қызмет аясында) реттеу мен басқаруды жүзеге асыратын немесе тиісті мәселелерді шешу   өз құзыретіне жатқызылған мемлекеттік органдар не өзге демемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттіктерге сәйкес нақты субъектілерге қатысты немесе нақты жағдайға қолдануға қатысты нормативтік құқықтық актілерге өз құзыреті шегінде түсiндiрме бере алады.

Толығырақ