Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушыларға
Жаңалықтар 14.10.2021
14 қазанда «Электрондық
депозитарий» модулінде әлеуеті өнім берушілер мен уәкілетті органдарға оның
аясында орындалған жұмыстар бойынша мәліметтерде «Қайта құрылды» белгісін қою
мүмкін болатын пысықтаудың жүргізілгенін хабарлаймыз.
Толығырақ өнім берушілердің нұсқаулықтарында және мемлекеттікоргандарға арналған нұсқаулықтар
Назар аударыңыз! Барлық әлеуетті өнім берушілерге!
Жаңалықтар 11.10.2021
«2021 жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығындағы, сондай-ақ 2021 жылғы 7 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығындағы кезеңде әлеуетті өнім берушілерге орындалған жұмыстар жөніндегі мәліметтерді дербес түзету бойынша мүмкіндік берілді.
Ағымдағы жылдың 1 қазаннан бастап осы түзетуді
Қазынашылық департаменттері жүзеге асырады.
Сонымен қатар, 2021 жылғы 5 қазаннан бастап электрондық
депозитарийге енгізілген әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын
құжаттарды верификациялауға (тексеруге) мынадай шарттарға сәйкес келетін
мәліметтер түсетінін атап өтеміз:
- 2014 жылдан кейін салынған объектілер, мұнда
тапсырыс берушілер МО (ММ, РММ, КММ) болып табылады
- «Расталды» мәртебесі бар барлық мәліметтер (бұрын
расталған ҚК мәліметтері)
- - «Расталды» мәртебесінде растауға сұраулары бар барлық мәліметтер .
Бұл ретте, электрондық депозитарийге енгізілген
жаңа мәліметтерді қоспағанда, верификациядағы жұмыс тәжірибесін растайтын
мәліметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерін қолдану үшін 2021
жылғы 31 желтоқсанға дейін қолжетімді болады.
Сонымен бірге, верификация қорытындылары бойынша «Қабылданбаған»
мәртебесін алған жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтерді, 2021 жылғы 31
желтоқсанға дейін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерде қолдану үшін
қолжетімді болатынын хабарлаймыз.
Жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен
құжаттардың дұрыстығын айқындау мақсатында мемлекеттік сатып алу веб-порталында
«Расталды» мәртебесі бар орындалған жұмыстар жөніндегі мәліметтер түс
гаммасында көрсетілетін болады (мысалы, расталған мәліметтер жасыл түспен белгіленеді).
Мұндай мәліметтер өтінім берген кезде жеңімпазды
айқындаудың автоматтандырылған есебіне көшу кезеңіне дейін мемлекеттік сатып
алуды есепке алу және қолдану үшін міндетті болады.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына
сәйкес, электрондық депозитарийге енгізілген әлеуетті өнім берушінің жұмыс
тәжірибесін растайтын құжаттарды верификациялау
(тексеру) 2021 жылғы 31 желтоқсанда
аяқталатын болады.
Осылайша, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап верификация (тексеру) жүргізілмеген орындалған жұмыстар жөніндегі мәліметтерді конкурсқа қатысуға өтінімге қосу үшін қолжетімсіз болады.
Осыған байланысты, әлеуетті өнім берушілерден Қағидалардың 453-454-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтерді растау бойынша жұмысты жандандыруды сұраймыз.»
Всем пользователям веб-портала!!!
Жаңалықтар 08.10.2021
Назар аударыңыз! Техникалық жұмыстар!
Хабарламалар 24.09.2021
Мемлекеттік кірістер комитетінде 2021 жылғы 24 қыркүйекте сағат 18:30-дан бастап 2021 жылғы 26 қыркүйекте сағат 22:35-ке дейін «Біріктірілген салықтық ақпараттық жүйеде» техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген кезеңде «Бірыңғай салықтық ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесінің барлық қызметтері қолжетімді болмайды.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Назар аударыңыз! Профилактикалық жұмыстар!
Хабарламалар 24.09.2021
2021 жылғы 24 қыркүйекте сағат 20:00-ден бастап 22:20-ға дейін «Орталықтандырылған бірыңғай дербес шоттар» АЖ-да техникалық жұмыстар жүргізілетінін, сол себепті салық берешегінің мәліметтері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу веб-порталында өңделмейтінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты, сатып алуға қатысуға өтінімдерді алдын ала беруіңізді сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Назар аударыңыз! Сатып алулар уақыты кейінге шегерілді
Хабарламалар 23.09.2021
23.09.2021 ж. Мемлекеттік сатып алу веб-порталының "Орталықтандырылған біріздендірілген жеке шоттар" АЖ тарапында техникалық ақаудың тіркеліп, салық берешегі туралы деректер бойынша сұрау салулардың өңделмегендігін хабарлаймыз. Осыған байланысты 1 қыркүйектен бастап сағат 12:06:00-ден 24 қыркүйекте сағат 16:00:00 аралығына түсетін «Ашық конкурс», «Аукцион (с 2022)», «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу бойынша конкурс», «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурс» сатып алу тәсілімен "Электрондық сатып алулар" модулінің өтінімдерін қабылдау мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 24 қыркүйекке сағат 19:00:00 ауыстырылды.
Ауыстырылған сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін, келесі сілтеме бойынша өтіңіз.
ТолығырақНазар аударыңыз! Порталдың барлық пайдаланушыларына!
Хабарламалар 23.09.2021
Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
Хабарламалар 22.09.2021
Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
Хабарламалар 22.09.2021
Назар аударыңыз! Порталдың барлық пайдаланушыларына!
Хабарламалар 21.09.2021
