Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Жаңалықтар


Барлық тапсырыс берушілерге және өнім берушілерге актілер бойынша түсіндірме!

Жаңалықтар  07.03.2018

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 426-тармағына сәйкес, тауарларды жеткізген кезде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мынадай кезекпен жүзеге асырылады:

1) жүкқұжаттың түпнұсқасын бере отырып, тауарды жеткізу орнына тауарды жеткізу;

2) өнім беруші тауарды жеткізу фактісін растайтын жүкқұжаттың электрондық көшірмесін тіркей отырып, веб-портал арқылы тауарды қабылдап алу-беру актісін ресімдейді;

3) тапсырыс беруші тауарды қабылдайды;

4) Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеу;

5) тапсырыс беруші жеткізілген тауар үшін ақы төлейді.

Бұл ретте, Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттың 5.3 және 5.4-тармақтарына сәйкес, жеткізу өнім беруші тапсырыс берушіге тауарлардың техникалық ерекшелікте (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға нақты сәйкестігін толық берген жағдайда жеткізілген болып есептеледі.

Осы талаптарды сақтаған кезде, тауарды жеткізу/беру күні веб-портал арқылы өнім берушінің тапсырыс берушіге тауарды қабылдау-тапсыру актісінің жіберу күні болып есептеледі.

Осылайша, тауарды жеткізу Қағиданың жоғарыда көрсетілген талаптары сақталған жағдайда жеткізілген болып есептеледі. Бұл ретте, тауарды жеткізу/тапсыру күні веб-портал арқылы өнім берушінің тапсырыс берушіге тауарды қабылдау-тапсыру актісінің жіберу күні болып есептеледі.

Бұл реттте, жіберу күні өнім берушінің тауарды (ларды) қабылдау-тапсыру актісіне қол қою күні болып есептеледі.

Толығырақ

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары тізбесі

Жаңалықтар  05.02.2018

Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 13-бабы 5 тармағына сәйкес жаңарту және броннан алып тастау тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесімен мына  бойынша өтіп танысуға болатынын хабарлаймыз

- Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен 2018 жылышығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының 2018 ж. 31қаңтардағы жағдай бойынша мынадай тізбеде

Толығырақ

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу» тәсілімен сатып алуды жариялауға қатысты

Жаңалықтар  30.01.2018

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу» тәсілімен сатып алуды жариялауға қатысты
2018.29.01 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жарияланған сатып алу бойынша техникалық ерекшеліктердің әлеуетті өнім берушілері ұсынған бағалау критерийлері бөлігінде өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз – 2017 жылы басталған сатып алу рәсімдері 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасына сәйкес аяқталуы тиіс.
26 қаңтарда «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу» тәсілімен сатып алу үшін конкурстық құжаттама үлгісі жаңартылған болатын. Осыған байланысты, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жарияланған сатып алу бойынша Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасының 233, 234, 237 және 240-тармақтарына енгізілген өзгерістерді ескере отырып конкурстық құжаттама үлгілері қайта қалыптастырылатын болады. Егер 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін құрылған хабарландыру жобасы болса, хабарландыруды жарияландыру алдында конкурстық құжаттаманы қайта қалыптастыру қажет екеніне назар аударамыз.

Толығырақ

2018 жылға жылдық жоспарларды орналастыру үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын импорттау үлгісі жаңартылғанын хабарлаймыз

Жаңалықтар  30.01.2018

2018 жылғы 30 қаңтарда мемлекеттік сатып алу веб-порталында ТЖҚБНА және ББС анықтамалықтарын жаңарту бөлігінде, 2018 жылға жылдық жоспарларды орналастыру үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын импорттау үлгісі жаңартылғанын хабарлаймыз. Мәзірге «ММ кодтарын жаңарту» опциясы қосылды.

64 разрядты нұсқасы 

32 разрядты нұсқасы 

Толығырақ

Қаржы министрінің бұйрығы күшінің, ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қарым-қатынастарға тарауына қатысты

Жаңалықтар  24.01.2018

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына ҚР ҚМ 2017 жылғы 22 желтоқсандағы бұйрығымен енгізілген түзетулерге сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жобалауға тиісті лицензиясы бар құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысушылар материалдық және еңбек ресурстарына ие екендігін растайтын құжаттарды ұсынбауына болады. «Құқықтық актілер туралы» Заңның 43-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды.


Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң керi күшi оның өзiнде немесе нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзу туралы актiде көзделген, сондай-ақ кейiнгiсi азаматтарға жүктелген міндеттерді алып тастайтын немесе олардың жағдайын жақсартатын жайттар осы баптың 1-тармағының қағидаларына кiрмейдi.


Бұл ретте қаралып отырған жағдайда Қағидаларға енгізілген түзетулердің кері күші көзделмеген.
Осыған байланысты Қаржы министрлігі 2017 жылы басталған конкурстық рәсімдер 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қағидаларға сәйкес аяқталуы тиіс екендігін хабарлайды».

Толығырақ

«Қазақтелеком» АҚ-да техникалық жұмыстары

Жаңалықтар  22.01.2018

«Қазақтелеком» АҚ-да техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты ҚР Мемлекеттік сатып алу веб-порталын  Байланыс орталығы қызметкерлерінің консультациялық көмек көрсетуі 2018 жылғы 22 қаңтарда мүмкін болмайды.
Техникалық жұмыстар жүргізілгеннен кейін, Орталық Порталдың басты бетінде тиісті ақпарат орналастыратын болады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Толығырақ

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті

Жаңалықтар  16.01.2018

Қазынашылық жүйеде жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің төртінші деңгейін құруға байланысты , мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Ауылдық округтің, ауылдың, поселканың, аудандық маңызы бар қаланың бюджеті» бюджетінің түрі қосылды

Толығырақ

Назар аударыңыз!

Жаңалықтар  12.01.2018

Құрметті мемлекеттік сатып алулар веб-порталының тапсырыс берушілері! 2017 жылға арналған жылдық жоспарға өзгерістер енгізу функционалдығы 2018 жылдың 1 ақпанына дейін қол жетімді болады. Осыған байланысты қажет болған жағдайда жылдық жоспарлар мен келісімшарттарға уақтылы өзгерістер енгізуді сұраймыз.

Толығырақ

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ БАРЛЫҚ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР МЕН ӨНІМ БЕРУШІЛЕРГЕ!!!

Жаңалықтар  10.01.2018

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржылық қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мәселелері жөнінде келіп түскен хаттарды қарап, мынаны хабарлайды.
Салық кодексінің 263-бабы 15-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, Салық кодексінің 250-бабында көзделген қызметтер көрсетілген жағдайда шот-фактура жазып беру талап етілмейді.
Салық кодексінің 250-бабына сәйкес, Салық кодексі 250-бабының 2-тармағында көзделген қаржылық операциялар қосылған құн салығынан босатылады.
Салық кодексі 250-бабының 2-тармағында қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар, соның ішінде аударым және кассалық операциялар көзделген.
Бұдан басқа Салық кодексі 263-бабының 16-тармағында Салық кодексінің 263-бабы 15-тармағының 6) тармақшасында көзделген қызметтер бойынша өнім берушінің, яғни қаржылық қызметтер көрсетілген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушының талабы бойынша шот-фактура жазып беру міндеттері жоқ.
Бұған қоса «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңның нормаларына сәйкес қаржылық қызметтер көрсетілгені үшін комиссияны өндіріп алу төлемнің және (немесе) шартта көзделген ақша аударымының сомасынан шегеру арқылы, яғни қаржылық қызмет көрсетілген сәтте жүзеге асырылуы мүмкін.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде қаржылық қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды, қызметтер көрсету актісін ресімдемей және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдемей веб-портал арқылы жүзеге асыру мүмкін деп есептейміз.
Тиісті түзетулер Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілетін болады. 

Толығырақ

Тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау/тапсыру актілеріндегі күнді түзету

Жаңалықтар  10.01.2018

    Құрметті пайдаланушылар, мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау/тапсырудың қалыптастырылған актілерінде электрондық актіні құру күні көрсетілген болатын. Осыған байланысты, 2018 жылғы 10 қаңтарда Орталықтың мамандары 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін құрылған және бекітілген, тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау/тапсырудың қалыптастырылған актілеріндегі күнді өнім берушінің актіні жіберу күніне ауыстырған болатын.

    2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларындағы өзгерістерге сәйкес (Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №739 бұйрығы) тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау/тапсырудың қалыптастырылған актілерінде тапсырыс берушінің актіге қол қою күні көрсетілетінін қосымша хабарлаймыз.

Толығырақ