Жаңалықтар
"Жоспарлау", "Бірыңғай ұйымдастырушы" және "Сатып алу" модульдерінің жаңа функционалдылығын іске қосу
Жаңалықтар 29.06.2018
2018 жылғы 2 шілдеден бастап Бірыңғай ұйымдастырушы өткізетін сатып алу бойынша жаңартылған функционал қолжетімді болатынын хабарлаймыз. Өтінімнің/конкурстың жалпы сомасы ол бойынша Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын, Тауарлар, жұмыстар, қызметтер тізбесімен бекітілген сомадан асып кетсе, сатып алуға арналған бір өтінімде бірнеше лоттарды көрсету мүмкіндігі енгізілген. Хабарландыруды құру жобасында сарапшы туралы деректерді бейнелеумен конкурс/аукцион жобаларын құру үшін жауапты орындаушылар арасында расталған өтінімдерді бөлу функциясы қосылды. «Өтінімді бекітуші» рөлімен қызметкердің расталған өтінімдерді кері қайтаруы бөлігінде «Бірыңғай ұйымдастырушы» модулінің функционалы түрлендірілген. «Сатып алу – Хабарландыруларды іздеу» бөліміндегі сыртқы сайтта «ҚР ҚМ МСК бірыңғай ұйымдастырушысының сатып алуы» белгісі қосылған. Егжей-тегжейлі Тапсырыс беруші (https://wiki.goszakup.gov.kz/pages/viewpage.action?pageId=7110746), Ұйымдастырушы (https://wiki.goszakup.gov.kz/pages/viewpage.action?pageId=331347#id-2.%C2%AB%D0%90%D1%88%D1%8B%D2%9B%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BA%D1%83%D1%80%D1%81%C2%BB%D1%82%D3%99%D1%81%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%81%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BF%D0%B0%D0%BB%D1%83%D2%B1%D0%B9%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B%D1%80%D1%83%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5%D3%A9%D1%82%D0%BA%D1%96%D0%B7%D1%83-%D0%9B%D0%BE%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B4%D1%8B%D1%82%D0%B0%D2%A3%D0%B4%D0%B0%D1%83%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5%D0%BB%D0%BE%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B1%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BD%D1%88%D0%B0%D0%B4%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B4%D1%96%D0%B5%D0%BD%D0%B3%D1%96%D0%B7%D1%83), «Бірыңғай ұйымдастырушы» модулінің (https://wiki.goszakup.gov.kz/pages/viewpage.action?pageId=7110905) нұсқаулықтарында.
2018 жылғы 2 маусымда жылдық жоспар нысанында «Сатып алудың жоспарланған мерзімі (ай)» алабының атауын өзгерту бөлігінде «Жоспарлау» модулі жаңартылғанын хабарлаймыз. Алап «Сатып алу хабарландыруының жоспарланған мерзіміне (ай)» ауыстырылған болатын.
"Сатып алу" модулінде орнатылған сәйкестігін тексеру мерзімдерін сатып алуды жариялау мерзімі-тармағында көрсетілген.
Қорытындылар хаттамасы нысанында хаттаманы қалыптастыру күні және
уақыты, конкурстық/аукциондық комиссия мүшелерінің дауыс беру күні және
уақыты бейнеленді.
Егжей-тегжейлі сипаттама Тапсырыс беруші (ссылка https://wiki.goszakup.gov.kz/pages/viewpage.action?pageId=328455#id-3.%D0%A0%D0%B0%D0%B1%D0%BE%D1%82%D0%B0%D1%81%D0%BF%D1%83%D0%BD%D0%BA%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B8%D0%BF%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%B2%D0%B3%D0%BE%D0%B4%D0%BE%D0%B2%D0%BE%D0%BC%D0%BF%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D0%B5-%D0%A0%D0%B0%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D0%BB%C2%AB%D0%A1%D1%80%D0%BE%D0%BA%D0%B8%C2%BB) және Ұйымдастырушы (https://wiki.goszakup.gov.kz/pages/viewpage.action?pageId=327715) нұсқаулығында бейнеленген.
Маңызды ақпарат!!!
Жаңалықтар 20.06.2018
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер қолданысқа енгізілетінін (Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 562 бұйрығы) хабарлайды.
Қағидалардың тұжырымдамалық түзетулері:
бірінші, мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы рәсімделетін Консорциалдық келісімнің Үлгілік нысанын бекіту;
екінші, құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде жұмыс тәжірибесін есептеудің нақты регламенті;
үшінші, тапсырыс берушілердің міндетіне техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің ұлттық стандартын (бар болса) көрсетуді енгізу. Олар болмаған жағдайда мемлекет аралық стандарттарды көрсету;
төртінші, өнім берушілердің міндетіне тауарларды жеткізу және жұмыстарды орындау кезінде, оларға Тауардың шығарылғаны туралы сертификатты ұсынуды енгізу болып табылады.
Егер тауар Қазақстанда шығарылған болса, онда өнім беруші СТ-КZ Сертификатын ұсынуға міндетті. Егер тауар импорттық өнім болса, онда шығарылған елдің тиісті уәкілетті органымен берілген, Тауардың шығарылғаны туралы сертификатты ұсынады.
Ұсынылған түзетулер құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жеңілдету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында енгізіледі.
Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы №562 бұйрығымен және өзгерістердің салыстырмалы кестесімен осы жерден танысуға болады.
«Сыртқы сайт» модулінің жаңа функционалдылығын іске қосу
Жаңалықтар 31.05.2018
2018 ж. 31 мамырда «Сыртқы сайт» модулі бекітілген жоспар тармақтарының, жарияланған лоттардың және жасалған шарттардың саны бойынша «есептеуішті» бейнелеу бөлігінде жаңартылғанын хабарлаймыз.
Сондай-ақ порталдың сыртқы бетінде «Тізілімдер – Шарттар – Тапсырыс берушілердің TOP 100/ Өнім берушілердің TOP 100» бөлігінде жасалған шарттар бойынша «Тапсырыс берушілердің TOP» және «Өнім берушілердің TOP» қалыптастыру үшін функционал қолжетімді.
ТолығырақХабарламаны орындау туралы ақпарат
Жаңалықтар 04.05.2018
«Сыртқы сайт» модулінің жаңа функционалдылығын іске қосу
Жаңалықтар 03.05.2018
2018 ж. 3
мамырдан бастап сыртқы беттегі «Тізілімдер» және «Сатып алу» бөлімінде
статистикалық деректерді бейнелеу жөніндегі функционал қолжетімді болатынын
хабарлаймыз.
«Тізілімдер
– Шарттар тізілімі, Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімі,
Мемлекеттік сатып алу қатысушыларының тізілімі, Мемлекеттік сатып алу
жоспарларының тізілімі» қойындыларындағы «Статистика» бастырмасына басқан кезде
таңдалған тізілімнің мазмұнына сәйкес жиынтық деректер бейнеленеді.
«Сатып алу – Лоттарды іздеу, Хабарландыруларды іздеу» қойындыларындағы «Статистика»
бастырмасына басқан кезде лоттар және хабарландырулар бойынша тиісінше жиынтық
деректер бейнеленеді.
Сондай-ақ шарттарды сатып алу нысанының түрі және шарттардың бірнеше
мәртебелері бойынша іздеу, жосықсыз қатысушыларды ұйымдық-құқықтық нысан және
енгізу негіздері бойынша іздеу параметрлері қосылған.
«Жылдық жоспарлар» есебі бойынша деректерді Excel –
есептілік әкімшісінің есеп беретін ұйымының тізімімен бетінде (беттің жоғарғы
және төменгі жағында) және Тапсырыс беруші бойынша жоспар тармақтарын қарау
кезінде (жоғарғы жақтағы сүзгіде) жүктеу мүмкіндігі іске асырылған.
ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 06.04.2018
«Техникалық ерекшелік» нысанында тауарды шығаратын бірнеше елді,
ең көп саны – 20, көрсету мүмкіндігі іске асырылғандығын қосымша хабарлаймыз.
«Сатып алу» модулінде - «Жеңіл және жиһаз өнеркәсібін сатып алу» белгісі жаңа функционалдылығын іске қосу, «Техникалық ерекшелік» нысанында тауарды шығаратын бірнеше елді көрсету мүмкіндігі!
Жаңалықтар 06.04.2018
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 19 қаңтардағы №41 бұйрығымен Жеңіл және жиһаз өнеркәсібі
тауарларының үлгілік конкурстық құжаттамасы бекітілгендігін хабарлаймыз. Осыған
байланысты 2018 жылғы 6 сәуірден бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталында
жеңіл және жиһаз өнеркәсібі лоттары бойынша сатып алуды құрған жағдайда
хабарландыру құру нысанында «Жеңіл және жиһаз өнеркәсібін сатып алу» деген
тиісті белгіні қою қажет. Нұсқаулықта егжей-тегжейлі сипатталған.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы №41 бұйрығымен осында танысуға болады, жеңіл және жиһаз өнеркәсібі бойынша ТЖҚ БНА тізбесімен осында танысуға болады.
Бейрезидент өнім берушімен шетел валютасында шарт жасасу және электрондық актілер қойылмаған шарттарды іздеу бөлігінде «Шарттар» модулінің жаңа функционалдылығын іске қосу!
Жаңалықтар 04.04.2018
2018 жылғы 4 сәуірден бастап бейрезидент өнім берушімен «Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу» сатып алу тәсілі үшін шетел валютасында шарт жасасу жөніндегі функционал, сондай-ақ «Менің шарттарым (Тапсырыс беруші)», «Менің шарттарым (Өнім беруші)» бөлімдерінде электрондық актілер қойылмаған шарттарды іздеу қол жетімді екендігін хабарлаймыз.
Шетел валютасында шарт жасасудың анағұрлым егжей-тегжейлі сипаттамасы сілтеме бойынша Тапсырыс берушінің нұсқаулығында келтірілген.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 30.03.2018
Қаржылық, телекоммуникациялық қызметтер мен электрмен жабдықтау қызметтері актілерінің функционалдылығы алынып тасталған болатын. Қызметтер тізбесін қарау үшін мынадай сілтеме
бойынша өтіңіз.
Белгілі бір қызмет бойынша актілерді алып тастау үшін Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне актілерді қалыптастыруды алып тастауға арналған қызметтер тізбесіне ТЖҚБНА коды бойынша қызметті қосу үшін ресми сауал жолдауы қажет.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!
Жаңалықтар 16.03.2018
Бұдан бұрын, 2016 жылдан бастап Қаржы министрлігінің мекенжайына (бұдан әрі - Министрлік) олардың өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеу себебі бойынша сәйкестікке келтіру құқығынсыз олардың өтінімдерінен бас тарту туралы мемлекеттік сатып алу қатысушыларының өтініштері жаппай келіп түсті.
Осы мәселені пысықтау барысында, көптеген жағдайларда мемлекеттік сатып алудың қатысушыларының конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімге өтінімді қамтамасыз ету сомасын енгізу туралы тиісінше ресімделген төлем тапсырмаларын қоса жалғағаны анықталған болатын. Бірақ көрсетілген төлем тапсырмаларында өтінімді қамтамасыз ету сомалары түсуі тиіс шоттар дұрыс емес көрсетілді – депозиттік шоттың орнына ұйымдастырушының ағымдағы шоттары көрсетілді, немесе тапсырыс берушінің шоттары көрсетілді.
Осылайша, Министрлік, өтінімді қамтамасыз ету сомасын енгізу бойынша әлеуетті өнім берушілердің адал ниетін ескере отырып, өз өтінімін сәйкестікке келтіру құқығын осындай әлеуетті өнім берушілерге ұсыну туралы ұстаным жасаған болатын.
Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткендей, өтінімді қамтамасыз ету сомасын енгізу бойынша төлем тапсырмаларын қолдан жасау (жасау) жағдайлары жиілеп кетті немесе жеке әлеуетті өнім берушілер ұйымдастырушының дұрыс емес шотын әдейі көрсетеді, ол ақшалай қаражаттарды әлеуетті өнім берушіге қайтаруға әкеліп соғады.
Осыған байланысты, Министрлік тиісті қамтамасыз етуді енгізбеу себебі бойынша өтінімге сәйкес келтіру құқығын ұсынуға қатысты бұрын жасалған ұстанымды қайта қарады. Осыған байланысты, өтінімді қамтамасыз етуді енгізу үшін шоттарды әлеуетті өнім берушілердің дұрыс емес көрсету фактілерін болдырмау мақсатында, мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық және аукциондық құжаттаманың үлгілері мынадай мәліметтермен «Өтінімді қамтамасыз етуді енгізу үшін банк деректемелері: ұйымның атауы, ұйымның БСН және ұйымның банк шоты» толтырылған.
Осылайша, көрсетілген банк деректемелеріне өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, әлеуетті өнім берушілер өз өтінімін сәйкестікке келтіру құқығынсыз бас тартуға жататынын хабарлаймыз.
