Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Жаңалықтар


Шартты біржақты бұзу функционалының өзгеруі

Жаңалықтар  25.09.2018

Осы арқылы, 2018 жылғы 25 қыркүйекте  Өнім берушінің хабарламаны оқуы бөлігіндегі электронды шартты біржақты бұзу функционалының жаңартылғанын хабарлаймыз. Жүйе Өнім берушілерге жолданған хабарламалардың мерзімі өткеннен кейін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы Өнім берушінің хабарламаны оқыған не оқымағанына тәуелсіз шартты біржақты тәртіпте бұзуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұзу туралы хабарламаны қайтарып алу бөлігінде электронды шартты біржақты бұзу функционалы жаңартылды.

Нұсқаулықпен сілтеме бойынша егжей-тегжейлі танысуға болады.

Толығырақ

ТЖҚБНА 15 таңбалы кодтауына ауысу

Жаңалықтар  19.09.2018


Осымен 2018 жылғы 19 қыркүйекте жаңа ТЖҚБНА (Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы) 15 таңбалы кодтауына ауысу жүзеге асырылғандығын хабарлаймыз. Жоспардың жаңа тармақтары үшін ТЖҚ-ның 15 таңбалы кодтары ғана қол жетімді. Тапсырыс берушінің пайдаланушы нұсқаулығында егжей-тегжейлі.

Толығырақ

Құрметті мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушылар!

Жаңалықтар  05.09.2018

Құрметті мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушылар!

Ағымдағы жылғы 27 тамыздан бастап 29 тамызды қоса алғанда мемлекеттік сатып алу веб-порталында есептілік әкімшілерінің жаңа құрылымын енгізу жоспарлануда екендігін хабарлаймыз. Осы құрылымға сәйкес веб-порталда «Тапсырыс беруші» рөлімен тіркелген мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға есептілік әкімшілерін меншіктеу жөніндегі баптаулар автоматты түрде орындалатын болады.  Жаңадан тіркелген қатысушылар есептілік әкімшісіне өтінімдерді жаңа құрылымға сәйкес жіберуі тиіс.

Бірінші деңгейдегі есептілік әкімшілері Қаржы министрлігіне жіберілген хат негізінде қосылатын болады.

Жаңа құрылыммен сіздер мынадай сілтемелер бойынша таныса аласыздар:

Орталық мемлекеттік органдар(гиперсілтеме)

Жергілікті атқарушы органдар(гиперсілтеме)

Веб-порталға есептілік әкімшілерінің жаңа құрылымын енгізу уақытында өтінімдерді есептілік әкімшісіне бекітуге жіберу жөніндегі функционал, есептілік әкімшісінің өтінімдерді бекітуі / бас тартуы бұғатталатын болады.

Бұл туралы қосымша хабарландыру орналастырылатын болады.

Сондай-ақ пайдаланушы нұсқаулығы да жаңартылатын болады. 

 

 

Толығырақ

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар тізбесі

Жаңалықтар  05.09.2018

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабы 3 тармақ 8 тармақшасына сәйкес жаңарту және броннан алып тастау тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесімен мына сілтеме бойынша өтіп танысуға болатынын хабарлаймыз.
-Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен 2018 жылы шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының 2018 ж. 13 тамыздағы жағдай бойынша мынадай тізбеде

Толығырақ

NCALayer бағдарламасының «ҚР Мемлекеттік сатып алулары» деген модулінің нұсқасы жаңартылғандығын хабарлаймыз

Жаңалықтар  23.08.2018

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – Портал) 2018 жылғы 20 тамызда NCALayer бағдарламасының «ҚР Мемлекеттік сатып алулары» деген модулінің нұсқасы жаңартылғандығын хабарлаймыз, соңғы қол жетімді нұсқа 4.0. ҚР ҰКО ЭЦҚ Порталда жұмыс істеу үшін ұсынылған жаңартуларды көшіріп жүктеу қажет.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  22.08.2018

«Электрондық коммерция орталығы» АҚ (бұдан әрі - Орталық) электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай оператор болып табылып, «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - ЭМС АИАЖ) иесі ретінде, «ҚР Қаржы министрлігі» ММ (бұдан әрі - Министрлік) ұсынатын талаптарға сәйкес мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелерді дамытуды, енгізуді, ақпараттық-техникалық сүйемелдеуді және пайдалануды жүзеге асыратынын хабарлайды.

Осылайша, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларына түсінік беру, немесе ЭМС АИАЖ функционалына өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда – Орталық Министрлікпен байланысуды ұсынады.


Толығырақ

Ұлттық стандарттар және ТС-KZ Стандарттары бойынша!!!

Жаңалықтар  05.07.2018

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) енгізілген өзгерістерге сәйкес тапсырыс берушілердің техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ұлттық стандартты (болған кезде), олар болмаған жағдайда халықаралық стандарттарды көрсету қажеттілігі көзделген. 
Бұдан басқа, Қағидаларда өнім берушілердің тауарларды жеткізу және жұмыстарды орындау кезінде оларға Тауардың шығарылған жері туралы сертификат беру қажеттілігі көзделген.
Егер тауар Қазақстанда шығарылса, онда өнім беруші ТС-KZ Сертификатын беруге міндетті. Егер тауар шетелде өндірілсе, шығарылған елдің тиісті уәкілетті органы берген Тауардың шығарылған жері туралы сертификат беріледі. 
Ұлттық стандарттар мен СТ-KZ Стандарттарды іздеу бойынша ақпараттық сілтемелермен осы жерде танысуға болады.

Толығырақ

«Шарттар» модулінің жаңа функционалын іске қосу

Жаңалықтар  02.07.2018

3 шілдеден бастап мынадай  функционал қолжетімді екенін хабарлаймыз: 

-  Қосымша келісімде (егер шарт «Қолданыста» мәртебесімен берілсе), ағымдағы шартта  (егер шарт «Жасасылмады», «Біржақты тәртіпте бұзылды»,  «Тараптардың келісімі бойынша  бұзылды», «Орындалды»,  «Ішінара орындалды» мәртебелерінің бірімен берілсе)  тапсырыс берушіні  қайта ұйымдастыру туралы мәліметтерді қарау бойынша;

«Ашық конкурс», «Аукцион», «Баға ұсыныстарын сұрату», «Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден алу» тәсілдері үшін  шартқа қол қояр алдында  әрбір лоттың  техникалық ерекшелігіне  өнім беруші мен тапсырыс берушінің қолтаңба қою функционалы алып тасталды;

Шартты келісуді кері қайтарып алмай «Келісуге өнім берушіге жіберілді», «Келісуге Тапсырыс берушіге жіберілді», «Өнім берушіде қол қоюда» шарттар мәртебелерінің бірімен  өнім берушінің банктік деректемелерін өзгерту бойынша;

Шартты келісуді кері қайтарып алмай «Келісуге өнім берушіге жіберілді», «Өнім берушіде қол қоюда» шарт мәртебелерінің бірімен тапсырыс берушінің банктік деректемелерін өзгерту бойынша;

- Шартты келісуді кері қайтарып алмай  «Келісуге өнім берушіге жіберілді», «Келісуге тапсырыс берушіге жіберілді», «Өнім берушіде қол қоюда» шарт мәртебелерінің бірімен өнім берушінің жағынан шартқа қолтаңба қоюшыны өзгертуі бойынша;

Шартты келісуді кері қайтарып алмай  «Келісуге өнім берушіге жіберілді», «Тапсырыс берушіде  қол қоюда» шарт мәртебелерінің бірімен тапсырыс берушінің жағынан шартқа қолтаңба қоюшыны өзгертуі бойынша;

- Қосымша келісімде оны жасасу негізін қайта қарау бойынша;

- Шарт файлын қоса тіркемеу жолымен «Жүргізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу» сатып алу тәсілі үшін нысанды толтыру жолымен үлгілік емес нысандағы шарттар құру;

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін өткізу негіздерін қайта қарау бойынша;

- Қалыптасқан акт нұсқасына қолтаңба қоюдың тиісті айыру белгісін қайта қарау бойынша;

- Шарттарды құру, келісу және қолтаңба қою кезінде өнім берушінің  жосықсыз қатысушылар тізілімінде бар  болуын тексеруді жүзеге асыру бойынша;

- "Қолданыста" мәртебесімен шартты біржақты бұзуды жүзеге асыру және хабарламалар жіберу бойынша;

- "Шарт жобасы", "Өнім берушіге келісуге жіберілді", "Тапсырыс берушіде қол қоюда" , "Тіркеуге жіберуге дайын", "Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді", "Басу үшін нұсқасын қалыптастыру", "Өнім берушіде қол қоюда" мәртебесімен шарт жасасудың күшін жоюды жүзеге асыру бойынша;

- Әрекет ету мерзімдерін қарау бойынша Тапсырыс берушінің пайдаланушысының кабинетінде, шарттарды орындауда, актіні келісу және қол қоюда;

- Орындауда, шарттарға қол қоюда, актілерге қол қоюда мерзімдері өтуін  қарау бойынша Өнім берушінің пайдаланушысының кабинетінде.










Толығырақ

Әдісі арқылы сатып алуды жариялауға қатысты

Жаңалықтар  30.06.2018

2018 жылғы 1 шілдеде «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу» тәсілімен сатып алу үшін конкурстық құжаттама шаблоны жаңартылғаныны хабарлаймыз, сондай-ақ Жобаны іске асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалау бойынша индикаторлардың болуы сатып алуы бойынша әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау критерийлері бойынша баллдарды меншіктеу бөлігінде өзгерістер енгізілген болатын
0 балл – техникалық ерекшелікте индикаторлар жоқ 
2 балл – сандық немесе сапалық индикаторлардың болуы
4 балл – сандық немесе сапалық индикаторлардың болуы
6 балл – барлық деңгейлерде (салым, процесс, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелер) сандық немесе сапалық индикаторлардың болуы
Конкурстық өтінімдері Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 233-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақтарында көрсетілген критерийлер бойынша кемінде бір балл алған әлеуетті өнім берушілер алған баллдарының жалпы санына тәуелсіз конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Осы өзгерістер 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жарияланған сатып алуда қолданылатынын атап айтамыз. 2018 жылғы 1 шілдеге дейін басталған сатып алу рәсімдері 2018 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес аяқталуы тиіс.
Шартты жеңілдіктерді толтыру бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу» тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Ұйымдастырушының нұсқаулығы жаңартылған.

Шартты жеңілдіктерді толтыру бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу» тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Ұйымдастырушының нұсқаулығы жаңартылған


Толығырақ

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының өзгеруіне байланысты «Сатып алу» және «Шарттар» модульдерінің жаңа функционалдылығын іске қосу 1 шілдеден бастап 2018 жылғы (Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы №562 бұйрығы).

Жаңалықтар  30.06.2018

«Сатып алу» модулі:

- «Жұмыс» сатып алу нысанының түрімен «Ашық конкурс» тәсілімен сатып алуда мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы консорциалдық келісімді, консорциалдық келісімге шартты қалыптастыру бойынша. Консорциум қатысушыларының жосықсыз қатысушылар тізілімінде, борышкерлердің бірыңғай тізілімінде болуын тексеру бойынша, сондай-ақ консорциум қатысушыларында салық берешегінің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді тексеру бойынша.

Егжей-тегжейлі сипаттама Өнім беруші нұсқаулығында келтірілген.

- Мемлекеттік сатып алу қағидаларының өзгеруіне байланысты жұмыстар/қызметтер/тауарлар үшін конкурстық/аукциондық құжаттаманың үлгілік шаблондары жаңартылды.

«Шарттар» модулі:

- шарттарда консорциум және консорциалдық келісім қатысушыларын қарау, мемлекеттік сатып алу қағидаларының өзгеруіне байланысты шарттарды құру, келісу және қол қою кезінде жосықсыз қатысушылардың тізілімінде консорциум қатысушыларының болуына тексеріс жүзеге асыру бойынша. Егжей-тегжейлі сипаттама Тапсырыс беруші нұсқаулығында мынадай сілтеме бойынша келтірілген.

-тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт, сатып алынатын тауарлардағы жергілікті қамту туралы есеп, жұмыстардағы және қызметтердегі жергілікті қамту туралы есеп, мемлекеттік сатып алу қағидасының өзгеруіне байланысты орындалған жұмыстардың актісі жаңартылды.

Толығырақ