Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Жаңалықтар


Барлық тапсырыс берушілерге!!!

Жаңалықтар  06.02.2019

Осымен 2019 жылғы 6 ақпанда «Шарттар» модулінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы «Тауар биржалары» тәсіліндегі шарттарды және «Портал арқылы емес» нысанындағы шарттарды тіркеу мүмкіндігі іске асырылғанын хабарлаймыз. Егжей-тегжейлі сілтеме бойынша нұсқаулықпен танысуға болады.

Толығырақ

«Бағаларды мониторингілеу» модульінің жаңа функционалдығын іске қосу.

Жаңалықтар  05.02.2019

2019 жылы 5 ақпанда «ЭМС» АИАЖ тауарларының сатып алу бағалары бойынша есептерді қалыптастыру  функционалы іске қосылғанын хабарлаймыз.

Тұтынушылардың нұсқаулығы  жаңартылды, толығырақ:

https://wiki.goszakup.gov.kz/pages/viewpage.action?pageId=17039987.

Осы есептің негізінде жоспардың тармақтарымен жұмыс істеу кезінде «Тауар» сатып алу мәніне байланысты болжамды бағаны тексеру мүмкіндігі болады.

https://wiki.goszakup.gov.kz/pages/viewpage.action?pageId=17040002 .

 

 

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  28.01.2019

 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап өнім берушілер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу шеңберінде шарт жасасқан күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде шартты қамтамасыз ету енгізуге міндетті («Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 43-бабының 9 және 11 тармақтары). 

 
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 43-бабының  10-тармағына сәйкес шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері шарттың жалпы сомасының   3%-ын құрайды.
 
Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу жөніндегі нұсқаулық сілтеме бойынша орналастырылған

Толығырақ

«Шарттар» модулінің жаңа функционалдылығын іске қосу

Жаңалықтар  23.01.2019

2019 жылғы 23 қаңтарда түрлі кіші типтер бойынша қамтамасыз етудің әр түрлі типтерін қосу мүмкіндігі бөлігінде «Шарттар» модулінің функционалдылығы жаңартылғанын хабарлаймыз. Толығырақ ақпаратпен сілтеме бойынша танысуға болады


Толығырақ

Құрметті мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушылар!

Жаңалықтар  16.01.2019

Құрметті пайдаланушылар! 11.01:2019 жылы заңды тұлғаларды мемелекеттік қайта тіркеу анықтамасына сәйкес  "Электронды коммерция орталығы" АҚ "Электрондық қаржы орталығы" АҚ-на қайта тіркелді.

Анықтамамен осы жерде танысуыңызға болады 

Толығырақ

«Жоспарлау» жаңа функционалдық модульді іске қосу

Жаңалықтар  02.01.2019

2019 жылғы 2 қаңтарда «Жоспарлау» жаңа функционалдық модулінің:
- тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден – негізгі 39 баптың тізбесін өзектендіру; 
- қосымша келісім үшін құрылған жоспар тармағының рұқсат етілген сомасына ФЛБ белгілеу (егжей-тегжейлі тапсырыс берушінің нұсқаулығында);
- егер мұндай біртекті тауарлардың құндық мәндегі жылдық көлемі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспаса, егер мұндай біртекті жұмыстар мен қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспаса, ал аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері аппараттары үшін айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу (егжей-тегжейлі тапсырыс берушінің нұсқаулығында);
- жоспар тармағында «ТЭН/ЖСҚ жұмыс» белгісін көрсету, жоспар тармағына ТЭН/ЖСҚ жүктеу мүмкіндігін ұсыну (егжей-тегжейлі тапсырыс берушінің нұсқаулығында);
- «ТЭН/ЖСҚ жұмыс» белгісі болған жағдайда алдын ала төлемнің 30% артық болмайтын ФЛБ белгілеу бөліктерінің іске қосылғанын хабарлаймыз.

Толығырақ

Сатып алу модулінің жаңа функционалдылығын іске қосу

Жаңалықтар  02.01.2019

Осымен 2019 жылғы 2 қаңтарда «Сатып алулар» модулінің мына:

- «Баға ұсыныстарын сұрату» тәсілімен сатып алуларға, тек қана осындай рұқсаттары, рұқсат етулері бар әлеуметті өнім берушілер ғана қатыса алатын рұқсаттар, хабарламалар түрі бөлігінің;
Егжей-тегжейлі Ұйымдастырушының және Өнім берушінің нұсқаулығынан танысуға болады.

- Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес бірдей бағадан кейін өткен жылдың алдындағы төрт жыл үшін төленген салықтардың сомасы бойынша жеңімпазды айқындау бөлігінде «Ашық конкурс»;

- республикалық бюджет туралы Заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген алты айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде салықтық берешегі болған жағдайда өнім берушілерді шектеу;

- хабарлама жарияланған күннен бұрын салықтық берешегі туралы мәліметтерді алуға тексеруді белгілеу;
Егжей-тегжейлі Өнім беруші нұсқаулығынан танысуға болады.

- екінші рет сатып алуларды өткізу мерзімін күнтізбелік 10 күннен 5 жұмыс күніне өзгерту.
Егжей-тегжейлі Ұйымдастырушының нұсқаулығынан танысуға болады.

- алдын ала рұқсат беру хаттамасын орналастырған күннен бастап үш жұмыс күнін өткеннен кейін қатысқан өнім берушіге өзге өнім берушілердің өтінімдерін қарауға тексеру белгілеу;
Егжей-тегжейлі Өнім беруші нұсқаулығынан танысуға болады.

- Өнім беруші қатысу өтінімін ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін конкурстық/аукциондық құжаттаманы Ұйымдастырушының жеке бастамасы бойынша өзгерістер енгізу бөлігінің жаңартылғанын хабарлаймыз.
Егжей-тегжейлі Ұйымдастырушының және Өнім берушінің нұсқаулығынан танысуға болады.

Мемлекеттік сатып алу ережелерінің өзгеруіне байланысты жұмыстар/қызметтер/тауарлар үшін конкурстық/аукциондық құжаттаманың үлгі үлгілері жаңартылғанын қосымша хабарлаймыз.

Толығырақ

«Шарттар» модулінің жаңа функционалдылығын іске қосу

Жаңалықтар  02.01.2019

2 қаңтарда төмендегілер бөлігінде «Шарттар» модулі жаңартылғанын хабарлаймыз: 

- «Қаржы жылынан асатын» типімен жоспар тармақтары бойынша «Тікелей шарт жасасу  жолымен бір көзден алу» тәсілімен шарт жасасу мүмкіндігі; 

- МС туралы заңның 39-бабы 3-т. 42 тт. бойынша «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» тәсілімен біркелкі  тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға шарт жасасқан кездегі шектеулер.   Толығырақ ақпаратпен сілтеме бойынша танысуға болады;

- МС туралы заңның 39-б. 3-т. 54 тт. сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен және (немесе)  мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері  құрған ұйымдармен    «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» тәсілімен шарт жасасу. Толығырақ ақпаратпен сілтеме бойынша танысуға болады;

-  шарттың орындалуына қамтамасыз ету енгізу. Толығырақ ақпаратпен сілтеме бойынша танысуға болады;

- өнім берушілер шартты жасасудан бас тартқан жағдайда жеңімпаздарды Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне  екінші жеңімпаздарды қоспау;

- тауарларға/жүмыстарға/қызметтерге арналған үлгілік шаблондарды өзгерту.

Толығырақ

Барлық пайдаланушыларға!!! Жаңалық «Мемлекеттік сатып алу туралы Қағида»

Жаңалықтар  31.12.2018

2018 жылғы 29 желтоқсанда Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №1130 бұйрығы Мемлекеттік сатып алуды өткізу ережесіне (Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18134 тіркелген) өзгерістер енгізілді.

Мемлекеттік сатып алу ережелеріне өзгерістер енгізілуде 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап.

Қаржы министрінің бұйрығы және Қағиданың мәтіні өзгертілгенсалыстыру кестесін табуға болады

Толығырақ

Барлық пайдаланушыларға!!! Жаңалық «Мемлекеттік сатып алу туралы Заң»

Жаңалықтар  31.12.2018

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алулары мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заң (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізіледі.

Заң 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


Заңныңсалыстырмалы кестенің және заңның новеллараның мәтінін мына жерден табуға болады.

Толығырақ