Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Жаңалықтар


Барлық өнім берушілер !!! МС веб-порталын пайдалану бойынша қызметке ақы төлеу

Жаңалықтар  06.03.2019

 Назар аударыңыз! МС веб- порталын пайдалану (қол жетімдігі) бойынша қызметтерге төлем жүргізу кезінде ақшаны жіберуші ретінде мыналар міндетті түрде көрсетілуі қажет: Электронды әмиянға аударылған ақша түсуі тиіс ЗТ/ЖК БСН/ ЖСН, атауы. Егер ақша жіберуші ретінде ХХХХ компаниясы көрсетілген, ал төлемді тағайындауға ақшаны аудару үшін УУУУ компаниясы көрсетілген болса онда ақша ХХХХ Электронды әмиянға түсетін болады. Электронды әмиянға ақшаны жіберу бойынша неғұрлым толығырақ сипаттама мына сілтемеде көрсетілген

Толығырақ

«Сатып алу» модулінің функционалдығын өзгерту

Жаңалықтар  28.02.2019

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2019 жылғы 1 наурызда мемлекеттік сатып алу Ережелерінің өзгеруіне байланысты конкурстық құжаттаманың үлгісі жаңартылғанын, сондай - ақ« ашық конкурс" сатып алу тәсілі кезінде шартты жеңілдіктерді толтыру функционалы және бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі бойынша жеңімпазды анықтау тәртібі жаңартылғанын хабарлаймыз, бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі бойынша мәндер тең болған жағдайда жеңімпаз Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы төрт жыл үшін төленген салықтардың сомасы бойынша анықталады. Толығырақ Ұйымдастырушының нұсқаулығымен танысуға болады.


Толығырақ

ВЕБ-ПОРТАЛДЫҢ БАРЛЫҚ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНА! МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЕРЕЖЕСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ!

Жаңалықтар  28.02.2019

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 ақпандағы №142 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне өзгерістер енгізілді (Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 ақпанда №18353 болып тіркелді).

Мемлекеттік сатып алу ережелеріне өзгерістер 2019 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұйрық мәтінімен мына жерде танысуға болады
Салыстырмалы кестемен мына жерде танысуға болады

Толығырақ

Барлық мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне және (немесе) олармен құрылған ұйымдарға!

Жаңалықтар  28.02.2019

Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңа (бұдан әрі – Заң) сәйкес мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері (бұдан әрі – МҚБ) және (немесе) МҚБ құрылған ұйымдар Заңның 39-бабының 3-тармағының 54-тармақшасы және 51-бабы шеңберінде мемлекеттік сатып алуға ҚР Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйесінде:

1)      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 394-бабы 11) тармақшасында көзделген барлық шартқа алдындағы төрт салықтық кезең ішінде (мүгедектердің орташа саны жұмыскерлердің жалпы санының кемiнде 51 пайызын құраса, мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 пайызын (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айырылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда – кемiнде 35 пайызын) құраса);

2) МҚБ және (немесе) құрылтайшысы МҚБ болып табылатын ұйымдарға тиістілігіне сәйкестікке тексеруден өткенен кейін жіберіледі.


 Көрсетілген шарттарға сәйкестікке тексеру ҚР Еңбекминінің мынадай ақпараттық жүйелері арқылы автоматты түрде тексеріледі:

 1) ТМӨ (Төлемдерді міндетті түрде өңдеу) – соңғы 4 салықтық кезең (4 тоқсан) бойынша МҚБ және (немесе) МҚБ құрылған ұйымдар қызметкерлерінің әлеуметтік аударымдарының болуын тексереді;

 2) МОДҚ (Мүгедектігі бар тұлғалардың орталықтандырылған деректер қоры) МҚБ және (немесе) МҚБ құрылған ұйымдарда мүгедектердің санының 51% болуын тексереді.


 Осыған орай, МҚБ және (немесе) МҚБ құрылған ұйымдар мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін тек қана жұмыс істейтін қызметкерлердің емес және соңғы төрт салықтық кезең ішінде (төрт тоқсан) жұмыс істеген қызметкерлердің ЖСН көрсету қажет.

 Бұл жоғарыда көрсетілген Заңның шарттарына МҚБ және (немесе) МҚБ құрылған ұйымдардың сәйкестігіне дұрыс тексеруге мүмкіндік береді. 

Толығырақ

Құрметті мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушылар!

Жаңалықтар  25.02.2019

Осымен 2019 жылғы 25 ақпанда Порталдың басты парақшасындағы «Тізілімдер» қосымша парақшасында «Салық аударымдары тізілімі» орналасқанын хабарлаймыз. Тізілімдегі ақпарат мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес көрсетіледі. Егер «Ашық конкурс» тәсіліндегі сатып алулардағы бірдей бағалардан кейін алдыңғы жылдың алдындағы төрт жылда төленген салық сомасы бойынша жеңімпаз анықталған жағдайда, жеңімпаз бойынша ақпаратты Тізілімнен көруге болады.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ- ПОРТАЛЫНЫҢ ӨНІМ БЕРУШІЛЕРІ!

Жаңалықтар  21.02.2019

Мүгедектердің орташа санына, мүгедектердің еңбек ақысы бойынша шығыстарына ұйымдарды тексеру және интеграция арқылы «Мүгедектердің бірлестігі» белгісін қосу бойынша функционал іске қосылғанын хабарлаймыз.

«Мүгедектер белгісін» алу үшін деректерді тексеруге өтінім жасау және жіберу қажет етіледі. Ұсынылған деректер бойынша тексеру «Төлемдерді өңдеу ұйымы» , ААЖ- ге ҚР ЕХӘҚМ «Мүгедектігі бар адамарды орталықтандырылған деректер қоры» ААЖ- де жүргізетін болады.

«Мүгедектер белгісі» егер:

- Мүгедектердің орташа саны қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құраса;

- Мүгедектердің еңбек ақы бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 пайызын құраса (есту, сөйлеу, көру қабілетін жоғалтқан мүгедектер жұмыс істейтін арнайы ұйымдарда кемінде 35 пайыз) болған жағдайда қойылады.

Өтінім жасау және жіберу бойынша кеңінен барынша ақпарат өнім берушінің нұсқаулығында орналасқан.

Толығырақ

Құрметті мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушылар!

Жаңалықтар  15.02.2019

Мемлекеттік сатып алу порталында «Әзірлеушілерге» менюінде сәйкестендірілген сервистер арқылы электрондық актілер бойынша мәліметтерді сұрату мүмкіндігі берілгенін хабарлаймыз.   15.02.2019

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілерге!!!

Жаңалықтар  15.02.2019

Осымен 2019 жылғы 15 ақпанда «Шарттар» модулінде мемлекеттік сатып алу веб-порталынсыз тіркелген Қазынашылықтағы шарттарды қағаз түрінде тіркеу туралы мәліметтерді енгізу мүмкіндігінің ұсынылғанын хабарлаймыз. Егжей-тегжейлі сілтеме бойынша нұсқаулықпен танысуға болады.

Толығырақ

«Сыртқы сайттар» модулінің жаңа функционалдығын іске қосу

Жаңалықтар  11.02.2019

Осымен 2019 жылғы 11 ақпанда сатып алу тәсілдері бөлісінде мемлекетік сатап алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі бойынша сүзгілерді қосу және статистикалық деректерді көрсету бөлігінде «Сыртқы сайт» модуліне пысықтау жүргізілгенін хабарлаймыз.

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  07.02.2019

2019 жылдың 28 қаңтарында   мемлекетті сатып алу веб-парталында мемлекеттік сатып алу қағидаларының жаңа редакциясы шеңберінде шарттарда шаблонның жаңартылғанын хабарлаймыз, осыған байланысты сатып алу шартының жобасына бұрын қосылған тармақтар болмаған жағдайда шартты «Жоба» статусына қайтарып алу және «Тармақ қосу» функциясы арқылы шартқа қажетті бөлімнің тармақтарды қайта енгізу ұсынылады. 
Қосымша «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден» тәсілімен шарттарға бұрын қосылған тармақтарды тексеру және олар болмаған жағдайда жоғарыда көрсетілген іс- әрекетті жасау қажеттігін хабарлаймыз.

Толығырақ