Жаңалықтар
Барлық веб-порталды пайдаланушыларға!!!
Жаңалықтар 31.05.2019
Осымен 2019 жылғы 31 мамырда мемлекеттік сатып алу веб-порталында өнім берушілер тарапынан шағымдар бойынша апелляцияларды жіберу, сондай-ақ уәкілетті орган тарапынан апелляциялық комиссияның шешімдерін орналастыру іске асырылғанын хабарлаймыз.
Бұл туралы Өнім берушінің нұсқаулығында және Апелляциялық комиссияның шешімдерін орналастыру нұсқаулығында толығырақ таныса аласыз.
Шағымдарды бөлу функционалын өзгерту
Жаңалықтар 30.05.2019
Осымен, шағымдарды бөлу бөлігінде өзгерістер жүргізілгенін хабарлаймыз.
Егер шағым сатып алуға түскен болса, онда ол мемлекеттік аудиттің
уәкілетті органына жолданады. Мемлекеттік аудиттің уәкілетті органы
шағымды қарау үшін Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының орналасқан
орны бойынша веб-порталмен автоматты түрде анықталады. Мысалы, егер
ұйымдастырушының орналасқан орны Алматы қаласында болса, онда шағымды
Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қарастыратын
болады.
Бұрындары, егер сатып алуға шағым түскен жағдайда, ол автоматты түрде Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданатын.
Камералдық бақылау бойынша функционалдықты өзгерту
Жаңалықтар 15.05.2019
- тек қана басшыларға тағайындалатын "ІМАД қызметкері" жаңа ролін құру. Аталған ролмен мемлекеттік сатып алудың барлық тәсілдері мен барлық облыс/қала бағыттар бойынша ІМАД камералдық бақылау нәтижелері туралы жиындық есеп бойынша деректерді қарауға болады;
- арыздар тізіліміне жаңа хабардар етуі бар жаңа арыздарды іздеу сүзгісі қосылды. Хабардар ету бойынша деректерді "Арыздарды қарау нәтижелері" қосымшасынан қарауға болады (хабардар ету нөмірі, хабардар ету статусы, хабардар етуді жолдау күні);
- камералдық бақылауға арналған лоттарды көрсету бөлігін өзгерту. Камералдық бақылауға жатпайтын бірнеше лоттарды сатып алу кезінде, арыз бір ғана лотқа түссе, онда камералдық бақылау арыз түскен лоттарға ғана түседі;
- өңірлердің кодтары бойынша хабардар етудің нөмірін өзгерту;
- "Статистика – Камералдық бақылауға жататын сатып алулар/тармақтар бойынша есептер" тарауына "Лоттың статусы", "Тапсырыс берушінің БСН" сүзгісі қосылды;
- "Статистика - Камералдық бақылауға жататын сатып алулар/тармақтар бойынша есептер" тарауына доттардың жиынтық саны, сондай-ақ парақта көрсетілетін лоттардың санын таңдау мүмкіндігі қосылды;
- "Статистика - Камералдық бақылауға жататын сатып алулар/тармақтар бойынша есептер" қосымшасында " Тауар биржалары арқылы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден" сатып алу тәсілі үшін олар бойынша шарттар бар жоспар тармағын көрсету алынып тасталды.
Қосымша Камералдық бақылауды жүргізу қағидасына өзгерістер енгізумен байланысты мынадай пысықтаулар жүргізілді:
- тәуекел бейініндегі нөмірді өзгерту;
- қорытындының қандай да болмасын себебін өзгерту;
- бас тартуды қарау нәтижесі бойынша қорытынды шаблонын өзгерту;
- "Ашық конкурс" және "Аукцион " сатып алу тәсілдері, сондай-ақ "Баға ұсыныстарына сұрау салу" сатып алу тәсілі үшін бірінші, екінші бағыт бойынша бұзуларды жою тәсілін өзгерту;
- тәуекелдердің жаңа бейіндерін: "Ашық конкурс" сатып алу тәсілі үшін бірінші бағыт бойынша №24 тәуекел бейінін, "Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден", "Тауар биржалары арқылы" сатып алу тәсілдерінің жоспар тармақтары үшін №20, 21, 22 тәуекел бейіндерін қосу.
Барлық тапсырыс берушілерге!!!
Жаңалықтар 30.04.2019
Осымен 2019 жылғы 30 сәуірде Тапсырыс берушілерге
«Қазынашылық» қосымша парақшасындағы шарттың карточкасынан ММ коды туралы
мәліметті, пайызды және Қазынашылықты шартты тіркеу өтініші бойынша алдын ала
төлем сомасын туралы мәліметті қарау мүмкіндігі ұсынылғанын хабарлаймыз. Егжей-тегжейлі сілтеме бойынша
нұсқаулықпен танысуға болады.
Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!
Жаңалықтар 26.04.2019
Бір көзден сатып алулар үшін форматтық-логикалық бақылау (ФЛБ) іске қосылды!!!
Қазіргі уақытта Қаржы министрлігімен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуына жол бермеу бойынша алдын алу шараларын қабылдау жұмыстары жүргізуде.
Оның ішінде, мемлекеттік сатып алу веб-порталында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – заң) 39- бабы 3- тармағының 1), 6), 7), 8), 11),12) 16), 20), 21), 23), 26), 27), 29), 30), 31), 33), 34), 36), 37), 38), 40), 41), 51) тармақшалары бойынша Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделмеген жағдайларда тапсырыс берушілерге шарт жасасуға мүмкіндік бермейтін форматтық-логикалық бақылау (ФЛБ) орнатылған.
Заңның 39- бабы 3- тармағы 1) тармақшаларды қолдануға құқылы тапсырыс берушілер тізімімен ФЛБ танысуға болады.
Заңның 39-бабы 3-тармағының 16), 27) және 36) тармақшаларына сәйкес тапсырыс берушілер шарт жасасуға құқылы өнім берушілер тізімімен және Заңның 39- бабы 3- тармағы 6), 7), 8), 29), 30), 31), 33) тармақшаларды қолдануға құқылы тапсырыс берушілер тізімімен ФЛБ танысуға болады.
Аталған тізімдерде тиісті тапсырыс берушілер мен өнім берушілер болмаған жағдайда, Қаржы министрлігіне растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен жүгіну қажет.
Расталған жағдайда тапсырыс берушілер мен өнім берушілердің аталған тізімдері толықтырылатын болады.
Толығырақ«Шарттар» модулінің жаңа функционалдығын іске қосу
Жаңалықтар 01.04.2019Осымен 2019 жылғы 1 сәуірде олар бойынша шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу қажет болатын (өнім берушілер үшін)/ олар бойынша өнім беруші қамтамасыз етуді тіркемеген (тапсырыс берушілер үшін) Пайдаланушы кабинетінде шарттарды көрсету бөлігінде «Шарттар» модулін пысықтау іске асырылғанын хабарлаймыз.
Толығырақ«Шарттар» модулінің жаңа функционалдығын іске қос
Жаңалықтар 15.03.2019
Осымен 2019 жылғы 15 наурызда
қолмен құрылған өнім берушілердің банктік деректемелерін таңдау бөлігінде «Шарттар»
модулін пысықтау іске асырылғанын хабарлаймыз.
Егер «Қазынашылықта тіркеумен»
белгісі бар шарт қазынашылықта сүйемелдеу бойынша жоспардың жоқ дегенде бір
тармағын қамтыса, онда Өнім берушінің банктік шоттары арасында БСАЖ шоттарынан
және Қазынашылықта ашылған және қолмен құрылған шоттардан таңдау қолжетімді
болады, атап айтқанда:
банктің атауы - «ҚР ҚАРЖЫ
МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ КОМИТЕТІ» РММ
БСК - KKMFKZ2A.
Қосымша «Баға ұсыныстарына
сұрау салу» тәсілімен шарттарды жасау кезінде өнім берушінің шарттың орындалуын
қамтамасыз етуді енгізуге арналған тапсырыс берушінің деректемелерін көрсету
бөлігінде шарттардың типтік шаблондарының жаңартылғанын хабарлаймыз.
Заңның 39-бабы 3-тармағының 42-тармақшасы бойынша шектеулер.
Жаңалықтар 12.03.2019
2019 жылғы 7 наурызда «Мемлекеттік сатып алу туралы»Заңның 39-бабы 3-тармағының 42-тармақшасы бойынша бюджет түріне жатпайтын мынадай ұйымдар - ауылдық округтің, ауылдың, кенттің, аудандық маңызы бар қаланың бюджеті үшін 3000 АЕК сомасын шектеумен тікелей жасасу жолымен бір дереккөзден жоспар тармақтары мен шарттарын құруға техникалық мүмкіндік берілгенін хабарлаймыз.
Веб-порталдың барлық қолданушыларына!!!
Жаңалықтар 06.03.2019
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің
сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 26
желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары –Қазақстан Республикасының Қаржы
министрімен келесі бұйрықтар қабылданды:
1)
2019 жылғы 28 ақпанда №154 «Мемлекеттік
сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың,
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы (ӘМ-де 2019 жылдың 1
наурызында № 18364 тіркелген);
2) 2019 жылғы 28 ақпанда №155
«Мемлекеттік сатып алынуы
кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар
белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің
тізбесін бекіту туралы» (ӘМ-де 2019 жылдың 1 наурызында № 18359 тіркелген);
3) 2019 жылғы 28 ақпанда №156
«Екі
кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу
жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін
бекіту туралы» (ӘМ-де 2019 жылдың 1 наурызында № 18360 тіркелген);
4) 2019 жылғы 28 ақпанда
№157 ««Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015
жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» (ӘМ-де
2019 жылдың 1 наурызында № 18358 тіркелген);
5)
2019 жылғы 1 наурызында №159
«Біртекті түрлері және
оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы (ӘМ-де 2019 жылдың 1
наурызында № 18362 тіркелген);
6) 2019 жылғы 1
наурызында №160 ««Мемлекеттік сатып
алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту
туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694
бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (ӘМ-де 2019 жылдың 1
наурызында № 18363 тіркелген).
осы
жерде таныса аласыз. Толығырақ
Барлық өнім берушілер !!! Жаңалық «Төлем»
Жаңалықтар 06.03.2019
Назар аударыңыз! 2019
жылғы 27 ақпаннан бастап тіркелмеген өнім берушілерге ресми хаттар негізінде Порталды
пайдалану қызметі үшін артық/қателесіп төленген ақша қаражатын қайтару жүзеге
асырылмайды. Ақша қаражатын қайтару үшін
МС веб-порталында тіркеліп, өтініш беру қажет. Тіркелу мен өтініш берудің толығырақ сипаттамасы
сілтеме бойынша
берілген.
Назар аударыңыз! 2018
жылғы 27 желтоқсан 2019 жылғы 21 ақпан аралығында ақша жіберуші ХХХ компаниясы
не жеке тұлға болуына, ал төлем тағайындауында өзге УУУ компаниясы көрсетілуіне байланысты, өнім берушінің
электрондық әмиянында есепке алынбаған,МС веб-порталын пайдалану қызметі үшін
төленген ақша:
- төлемдер
тағайындауында көрсетілгенөнім берушілердің электронды әмияндарында есепке
алынды. Электрондық әмияндарда ақша қаражаты есепке алынған өнім берушілердің тізімі сілтеме бойынша
берілген. Ақша қаражатын қайтару үшін өнім берушілерге (электронды әмияндарға
ақша аударылған) МС веб-порталында
өтініш беру қажет.
