Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Жаңалықтар


Барлық Тапсырыс берушілерге!

Жаңалықтар  10.07.2019

2019 жылғы 10 шілдеде шарт преамбуласында  сатып алу тәсілін қолдану негіздемесін автоматты түрде көрсету бөлігінде «Шарттар» модулінің функционалы жаңартылғанын хабарлаймыз.   

Толығырақ

Барлық Тапсырыс берушілерге!

Жаңалықтар  10.07.2019

2019 жылғы 10 шілдеде «Шарттар» модулінде «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» тәсілін қолданудың әр түрлі негіздемелері бойынша  шарт жасау мүмкіндігі алып тасталғанын хабарлаймыз.    

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР!

Жаңалықтар  10.07.2019

«Жұмыс кабинеті – менің хабарландыруларым (ұйымдастырушы)» бөлімінде ұйымдастырушыларға ыңғайлы болу үшін әлеуметті өнім берушілердің өтінімдерін/қосымша өтінімдерін қарау күніне байланысты хабарландырулар түрлі-түсті түстермен айқындалды.


Жүйеде әлеуметті өнім берушілердің өтінімдерін/қосымша өтінімдерін қарау мерзімдеріне шектеулер қойылмағанын және тек қана ақпараттық сипатқа ие еместігін ескертеді.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  03.07.2019

Осымен, бұрын тіркелген барлық шағымдарды шешім қабылданбаған веб-порталдың сатып алу«Аппеляциясы»бөліміне ресми хатпен тиісті уәкілетті органдарға жіберу қажеттігі туралы хабарлаймыз.
Бұдан бұрын іске асырылған аппеляцияға шағым беру функционалы белгісіз уақытқа жабылды.

Толығырақ

«Шарттар» модулінде жаңа функционалды іске қосу

Жаңалықтар  01.07.2019

Осымен 1 шілдеде «Шарттар» модулінің мына бөліктерінің жаңартылғанын хабарлаймыз:
- жұмыс үшін үлгілік шарттардың шаблондарын өзгерту: құрылыспен байланысты емес құрылыс, басқа да жұмыстар саласындағы үлгілік шарттардың өзгертілді; жобалық-сметалық құжаттарды (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу бойынша жұмыстардың үлгілік шаблоны енгізілді;
- Қазынашылық сүйемелдеу шарттары бойынша алдын ала төлемді енгізуді қамтамасыз ету міндеттілігі алынып тасталды. 

Толығырақ

«Сатып алулар» модулінің жаңа функционалын іске қосу

Жаңалықтар  01.07.2019

Осымен, 2019 жылғы 1 шілдеде «Сатып алулар» модулі мына бөліктерде жаңартылды:

- Мемлекеттік сатып алу қағидасының 177-тармағына сәйкес демпингке қатысты өзгерістер. Әлеуетті өнім берушінің тауарларға, жұмыстарға (осы Қағиданың 174, 175, 175-1-тармақтарында көзделген жұмыстарды қоспағанда), көрсетілетін қызметтерге (осы Қағиданың 176-тармағында көзделген қызметтерді қоспағанда) арналған конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы, егер ол конкурсқа бөлінген бағадан жиырма пайызға артық төмен болған жағдайда демпингтік болып танылады.
Ұйымдастырушы мен Өнім берушінің нұсқаулықтарынан танысуға болады.

- "Құрылыс-монтаждау жұмыстарын және жобалауды сатып алу" белгісін қою мүмкіндігіне, сондай-ақ аталған белгісі бар сатып алулардың лоттары бойынша деректерді толтыруға қатысты өзгерістер.
Толығырақ Ұйымдастырушы нұсқаулығында танысуға болады.

- "Ашық конкурс" сатып алу тәсілі бойынша жұмыстарды сатып алу кезінде өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді толтыруға қатысты өзгерістер. Толығырақ Өнім берушінің нұсқаулығында танысуға болады.

- егер екінші рет өткізілген конкурстан кейін бір қатысушы өтінімді қамтамасыз ету бойынша қабылданбаған жағдайда, "Ашық конкурс" тәсілімен өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден хабарландыру құру бөлігіндегі өзгерістер. Толығырақ Ұйымдастырушының нұсқаулығында танысуға болады.

- "Білікті өнім берушілер тізіліміне енгізу" және "Алдын ала біліктілікті іріктеу конкурсы" тәсілімен сатып алуды өткізу функционалының өзгеруі.

Толығырақ Ұйымдастырушы мен Өнім берушінің нұсқаулықтарынан танысуға болады (Білікті өнім берушілер тізіліміне енгізу).

Толығырақ Ұйымдастырушы мен Өнім берушінің нұсқаулықтарынан танысуға болады (Алдын ала біліктілікті іріктеу конкурсы).

Қосымша Мемлекеттік сатып алу қағидасының өзгеруіне байланысты жұмыстарға/қызметтерге/тауарларға арналған конкурстық/аукциондық құжаттардың үлгілік шаблондарының жаңартылғанын хабарлаймыз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ ЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛАНЫҢ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ!

Жаңалықтар  28.06.2019

Мемлекеттік сатып алу веб-порталының функционалдығының жаңартылуына байланысты 2019 жылғы 30 маусымда хабарландыруларды құру және жаңартуға қолжеткізудің жабық болатынын хабарлаймыз. 

Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Барлық веб-порталды пайдаланушыларға!!!

Жаңалықтар  14.06.2019

Осымен 2019 жылғы 14 маусымда мемлекеттік сатып алу веб-порталында өнім берушілер, ұйымдастырушылар мен апелляциялық комиссия тарапынан шағымдарды жолдау, сондай-ақ уәкілетті орган тарапынан апелляциялық комиссияның шешімдерін орналастыру функционалына өзгерту жүргізілгенін хабарлаймыз.


Өнім берушінің, ұйымдастырушының және апелляциялық комиссияның шешімін орналастыру бойынша нұсқаулықпен егжей-тегжейлі танысуға болады.

Толығырақ

Бірлескен лотты құру

Жаңалықтар  10.06.2019

Осымен 2019 жылғы 10 маусымда мемлекеттік сатып алу веб-порталында бірлескен лотты құру және жариялау, сондай-ақ бірлескен лотқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін ұсыну функционалының іске асырылғанын хабарлаймыз. Бірлескен лоттар бойынша хабарландыруды құру және жариялау бойынша ұйымдастырушының (Ашық конкурс), (Баға ұсыныстарын сұрату) және өнім беруші нұсқаулығымен егжей-тегжейлі  (Ашық конкурс), (Баға ұсыныстарын сұратутанысуға болады.

Толығырақ

Барлық веб-порталды пайдаланушыларға!!!

Жаңалықтар  03.06.2019

Осымен 2019 жылғы 3 маусымда мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім берушіні үлестес тұлғаға, әрекетке қабілеттілікке және комиссия құрамында, сондай-ақ Тапсырыс беруші мен Ұйымдастырушы өкілдерінің арасында жақын туыстарының бар болуына тексеру іске асырылғанын хабарлаймыз. Егжей-тегжейлі Өнім берушінің нұсқаулығынан таныса аласыз.

Толығырақ