Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Жаңалықтар


«Сатып алулар» модулінің жаңа функционалдығын іске қосу

Жаңалықтар  31.12.2019

2020 жылғы 1 қаңтарда сағат 00:00:00 бастап жеке кабинеттегі алдыңғы жылдар үшін электронды депозитаридегі еңбек өтілін құру және түзету мүмкіндігінің бұғатталатынын назарларыңызға жеткіземіз.

«Құрылыс-жөндеу жұмыстарын сатып алу» және «Ашық конкурс», «Жобалау» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысу өтініміндегі өнім берушілердің еңбек өтілін толтыру бөлігіндегі «Сатып алулар» модулі жаңартылды.
Егжей-тегжейлі
Өнім берушінің нұсқаулығында танысуға болады.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасының өзгеруіне байланысты жұмыстарға/қызметтерге/тауарларға арналған конкурыстық/аукциондық құжаттардың үлгілік шаблонының жаңартылғанын қосымша хабарлаймыз.

Толығырақ

Объектілерге арналған электронды мемлекеттік аудит

Жаңалықтар  31.12.2019

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап пилоттық жоба аясында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ІМАД мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ТБЖ/ҚБ (Тәуекелдерді басқару жүйесі/Қаржылық бақылау) кіші жүйесі арқылы құрылған тапсырмаларды мемлекеттік аудит объектілеріне жолдау мүмкіндігіне ие болды. Сілтеме арқылы нұсқаулықпен егжей-тегжейлі танысуға болады.

Толығырақ

Әлеуетті өнім берушілердің барлығына!!! Электрондық әмияндағы ақшадан өтінімді қамтамасыз етуді енгізу

Жаңалықтар  30.12.2019

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – МС ҚРЗ) және Мемлекеттік сатып алу қағидаларына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес конкурс (МС ҚРЗ 25-бабы, Қағиданың 113-117-1 тармағы), аукцион (МС ҚРЗ 25-бабы, Қағиданың 113-117-1 тармағы),баға ұсыныстарына сұрау салу (МС ҚРЗ 25-бабы 9-тармағының 3) тармақшасы, Қағиданың 45-1 – 45-8 тармағы) тәсілімен өтінімді қамтамасыз ету 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мына түрлердің бірімен енгізіледі:

1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;

2) электрондық құжат нысанында ұсынылатын банк кепілдігі.

Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы  ақшадан өтінімді қамтамасыз етуді енгізу тәртібі сілтеме бойынша келтірілген.

Электрондық банк кепілдігі түрінде өтінімді қамтамасыз етуді енгізу тәсілі сілтеме бойынша келтірілген. 


Толығырақ

Әлеуетті өнім берушілердің барлығына!!! Мемлекеттік қызметтердің веб-порталын пайдалану (қол жеткізу) қызметіне төлем жүргізу бойынша жаңалық

Жаңалықтар  30.12.2019

2019 жылғы 31 желтоқсанда сағат 09.00 (Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті уақыты бойынша) мемлекеттік қызметтердің веб-порталын пайдалану (қол жеткізу) қызметіне төлем жүргізу (бұдан әрі - Қызмет) бойынша 2019 жылға шарт жасасу жабылатын болады. Осыған байланысты, егер сіз сатып алуға 2019 жылы қатысуды жоспарласаңыз, Сізге 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін (Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті уақыт бойынша) 2019 жыл үшін қызметтерді төлеу бойынша шарттарды жасау қажет.

2020 жылға Қызметтерді төлеу бойынша шарттар жасасу 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолжетімді болады.

Бұл ретте ақшалай қаражатты қолма-қол ақшасыз төлеммен мемлекеттік сатып алу операторының банктік шотына аудару өзгеріссіз қолжетімді екендігін атап өтеміз. Аударылған ақша қаражаты 2020 жылы Қызметке төлем жүргізу үшін пайдалануға болатын сіздің электрондық әмияныңызда көрсетіледі.

Толығырақ

Объявление по Электронному депозитарию!

Жаңалықтар  18.12.2019

Министерством финансов разработан проект поправок в Правила осуществления государственных закупок, утвержденных приказом Министра финансов от 11 декабря 2015 года № 648 (далее – Проект).

Согласно Проекту с 1 января 2020 года документы, подтверждающие опыт работы за последние десять лет будут извлекаться исключительно из электронного депозитария.

В этой связи, просим всех потенциальных поставщиков в сфере строительства в срок до 31 декабря 2019 года заполнить электронный депозитарий, а именно ввести на веб-портале сведения и документы, подтверждающие опыт работы.

В случае не внесения сведений и документов, подтверждающих опыт работы в вышеуказанный срок, такие сведения и документы будут вноситься в электронный депозитарий уполномоченным органом после подтверждения их достоверности (срок рассмотрения от 2 до 6 месяцев).

С проектом Приказа, Сравнительной таблицей можно ознакомиться здесь( 123).

Толығырақ

Всем участникам государственных закупок в сфере строительства!

Жаңалықтар  13.12.2019

С 1 сентября 2019 года все государственные закупки в сфере строительства осуществляются только способом конкурса с предварительным квалификационным отбором (далее - ПКО).

Условием участия потенциальных поставщиков в закупках в сфере строительства является их соответствие квалификационному требованию в виде финансовой устойчивости согласно показателям, определенным Правилами осуществления государственных закупок.

В случаях представления потенциальными поставщиками дополнительной налоговой отчетности за расчитываемый трехлетний период, влекущей изменение показателей финансовой устойчивости, по результатам камерального контроля на веб-портале государственных закупок будут внесены изменения в показатели финансовой устойчивости.

Для внесения изменений в показатели, при уплате налогов в рамках представленной налоговой отчетности, необходимо обратиться в КГД МФ РК с приложением подтверждающих документов.

Таким образом, потенциальным поставщикам предоставляется возможность повысить свои показатели финансовой устойчивости путем фактической уплаты налоговых обязательств.

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!

Жаңалықтар  10.12.2019

Осымен 2019 жылғы 10 желтоқсанда «Шарттар» модулінде «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне автоматты түрде қосу бөлігінде функционалды пысықтау іске асырылды. Бұл ретте әлеуетті өнім берушілер МС қағидалары аясында жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген кезде Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімінен автоматты түрде шығарылатынын хабарлаймыз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ ПОРТАЛ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!

Жаңалықтар  05.12.2019

2019 жылғы 5 желтоқсанда өтінімді құру кезінде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі туралы жұмыстарды (қызметтерді көрсету кезіндегі қоса орындаушылар) орындау бойынша қосалқы мердігерлерді тексеру бөлігінде пысықтау жүргізілгенін хабарлайды.

Толығырақ

Барлық веб-порталды пайдаланушыларға!!!

Жаңалықтар  29.11.2019

"Атамекен "ҚР ҰКП ұсынған жеңіл және жиһаз өнеркәсібі бойынша ТЖҚ БНС кодтарының тізбесінің 2019 жылдың 28 қарашада жаңартылғанын хабарлаймыз, жаңартылған тізбемен келесі сілтеме бойынша танысуға болады.
Сонымен қатар, сіз келесі сілтеме бойынша тізбеден жойылған ТЖҚС тізбесімен таныса аласыз

2019 жылғы 29 қарашада Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 39-бабы үшін «Тізілімдер» - «Шарттар», «Сатып алу тәсілін қолдануды негіздеу» тарауында іздеу сүзгісін қосу бөлігінде пысықтау жүргізілді.

Толығырақ

Жылдық жоспарын импорттау үлгісі жаңартылды

Жаңалықтар  27.11.2019

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында МС субъектілері үшін бюджеттік сыныптама бөлігінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары импортының үлгісі жаңартылғанын хабарлаймыз.

Жұмыс істеу алдында жылдық жоспар үлгісін толтыру нұсқаулығымен танысуды өтінеміз.

Үлгіні жүктеу

Толығырақ