Жаңалықтар
Веб-порталды пайдаланушыларға!!!
Жаңалықтар 28.02.2020
Осымен 2020 жылғы 28 ақпанда төмендегі белгілерді
енгізу бөлігінде «Сатып алу» модулінің функционалдығы жаңартылғанын хабарлаймыз:
- «Жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдарын
сатып алу»,
- «Ақпараттандыру объектілерін
құру және дамыту бойынша қызметтерді сатып алу»;
- «Электр
трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік
орауыштар және дроссельдерді сатып алу»;
- «Оқшауланған
сымдар (эмальданған немесе анодталған сымдар), кабельдер (коаксиалды
кабельдерді қоса алғанда) және басқа да оқшауланған электр өткізгіштері сатып
алу»;
- «ТЖҚ
бағдарламалық қамтылымын және электронды өнеркәсіп өнімдерін сатып алу»,
«Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен
мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 521 бұйрығымен (бұдан
әрі - Бұйрық) бекітілген, бұл ретте Бұйрыққа қосымшада көрсетілген 3-9
тармақтар бойынша Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс
тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізілмеген деп таныған жағдайда, Тапсырыс
берушілерге Порталда осындай мемлекеттік сатып алуды басқа да тәсілдермен жүзеге
асыру қолжетімді болады. Егжей-тегжейлі
Ұйымдастырушы нұсқаулығынан танысуға болады.
Мынадай белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін
конкурс»
тәсілімен сатып алу өтінімін құру:
- «Жеңіл
және жиһаз өнеркәсібін сатып алу»;
- «Жеңіл
автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдарын сатып алу»,
- «Ақпараттандыру объектілерін
құру және дамыту бойынша қызметтерді сатып алу»;
- «Электр
трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік
орауыштар және дроссельдерді сатып алу»;
- «Оқшауланған
сымдар (эмальданған немесе анодталған сымдар), кабельдер (коаксиалды
кабельдерді қоса алғанда) және басқа да оқшауланған электр өткізгіштері сатып
алу»
тек қана «Білікті өнім берушілер тізілімінде» тұрған өнім берушілерге қол
жетімді. Тізіліммен танысу «Тізілімдер - Білікті өнім берушілер тізілімі» қосымша
парақшасында қол жетімді.
«ТЖҚ бағдарламалық қамтылымын және электронды өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алу өтінімін құру ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Уәкілетті органмен анықталған өнім берушілерге қолжетімді. Егжей-тегжейлі Өнім беруші нұсқаулығынан танысуға болады.
По Электронному депозитарию!
Жаңалықтар 28.02.2020
Қаржылық тұрақтылық бойынша өзгерістер енгізуге қатысты салық төлеушілерге арналған жадынама!
Жаңалықтар 27.02.2020
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін жаңарту тетігі бойынша бизнес-қауымдастықты ақпараттандыру мақсатында төмендегі сілтеме бойынша қаржылық тұрақтылық бойынша өзгерістер енгізуге қатысты салық төлеушілерге арналған жадынамамен танысу қажеттігі туралы хабарлаймыз.
Құрметті Тапсырыс берушілер мен Өнім берушілер!
Жаңалықтар 14.02.2020
Қосымша келісімге қолтаңба қоюды күтпестен өнім берушінің уақытында өздерінің тауарларын/жұмыстарын және қызметтерін өнімдерін белсендіруге мүмкіндік беретін «Қосымша келісім құрылды» шарт статусындағы электронды актіні құру мүмкіндігі бөлігіндегі «Шарттар» модулін пысықтау өзгертілді. Бұл ретте Тапсырыс беруші нақты соманы дұрыс бөлу үшін қосымша келісім күшіне енгенге дейін аталған актіні бекіте алмайды. Оның статусы «Әрекет етеді» статусына өткеннен кейін, актіні қолданыстағы қосымша келісіммен бекіту керек.
Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!
Жаңалықтар 04.02.2020
2020 жылғы 4 ақпанда жарияланған «Ашық конкурс, Аукцион, әлеуеті өнім берушіге ала біліктілікті іріктеумен конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысу кезінде банкроттық немесе жою процедуралары туралы мәліметтерді толтыру қажет екендігін назарыңызға жеткіземіз.
Өнім беруші нұсқаулығымен түбегейлі танысуға болады.
Конкурстық комиссия банкроттық немесе жою процедураларын өткізу үшін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналасқан ақпаратты қарастырып, банкроттық немесе жою процедураларына олардың қатысы жоқ екендігі бөлігінде әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында жүргізіледі.
Электронды депозитарий бойынша!
Жаңалықтар 03.02.2020
Электронды депозитарий бойынша!
Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 92 бұйрығымен (ҚР ӘМ 2020 жылғы 31 қаңтарда №19955 тіркелген) әлеуетті өнім берушінің Электронды депозитарийді толтыру мерзімін ұзарту бөлігінде оны қалыптастыру тәртібіне өзгерістер енгізілді.
Оның ішінде, жұмыс өтілін растайтын мәліметтермен және құжаттармен Электронды депозитарийді толтыру мерзімі 2020 жылғы 29 ақпанға дейін созылады.
Осыған байланысты, құрылыс саласындағы барлық әлеуетті өнім берушілерді 2020 жылғы 29 ақпанға дейінгі мерзімде электронды депозитарийді толтыруды, атап айтқанда веб-порталға жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізуді сұраймыз.
Жоғарыда көрсетілген мерзімде жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізбеген жағдайда, мұндай мәліметтер мен құжаттардың сенімділігін растағаннан кейін (қарау мерзімі 2 айдан 6 айға дейін) уәкілетті органмен электронды депозитарийға енгізілетін болады.
Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!
Жаңалықтар 01.02.2020
Сіздерге
2020 жылғы 1 ақпаннан бастап жылдық көлемі құндық мәнде тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік
көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын жұмыстар тек
"Алдын ала біліктілікті
іріктеу конкурсы" немесе "Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден
алу" тәсілдермен ғана жүргізілетінін хабарлаймыз. "Алдын ала
біліктілікті
іріктеу конкурсы" тәсілімен сатып алуды өткізу жөніндегі ұйымдастырушының
нұсқаулығы сілтеме бойынша орналастырылады.
Сондай-ақ,
құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жұмыстары бойынша алдын ала біліктілікті
іріктеу конкурсы тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын, жылдық көлемі
құндық мәнде тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген
айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын әлеуетті
өнім берушілер осы сатып алуға қатысу кезінде қаржылық тұрақтылығына тексеруден
өтеді. "Алдын ала біліктілікті іріктеу конкурсы" тәсілімен сатып
алуға қатысу жөніндегі өнім берушінің нұсқаулығы сілтеме бойынша
орналастырылады.
Всем заказчикам и организаторам!
Жаңалықтар 01.02.2020
Құрметті Мемлекеттік сатып алу порталының қатысушылары!
Жаңалықтар 31.01.2020
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес (ҚР Қаржы министрінің бұйрығы, 31.01.2020 жылғы №92 бұйрықпен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) 01.06.2020 жылдан бастап мынадай тармақ қолданысқа енгізілгенін еске саламыз:
19) тауарлардың электрондық каталогы - интернет-дүкендер арқылы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар туралы мәліметтер орналастырылатын веб-порталмен интеграцияланған ақпараттық жүйе.».
Анықтамалық:
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ, Мемлекеттік сатып алу порталының бірыңғай операторы ретінде (бұдан әрі – ЭҚО АҚ) «сынама» ретінде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарлардың электрондық Каталогына қол жеткізуді ұсыну бойынша қызметті бәсекелестік негізде сатып алуды жүзеге асырды, онда 31.12.2020 жылға дейін мемлекеттік мекемелердің сатып алуы үшін электрондық Каталог ретінде, www.omarket.kz электрондық алаңы бар отандық өнім беруші «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС жеңімпаз деп танылды.
Каталог құны 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды ~15 мың Тапсырыс берушінің (оның ішінде мемлекеттік мекемелер мен ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік компаниялар) жедел сатып алуы үшін электрондық алаң болып табылатынын атап өтеміз.
Сонымен қатар, Каталог жетекші логистикалық жүйелермен біріктірілген, бұл Өнім берушіге тауарларды жеткізу туралы ойлмауға мүмкіндік береді – курьерлердің өздері Сіздің тауарды алып кетіп, Тапсырыс берушілерге жеткізеді.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, бәсекелестікті арттыру, Сіздің сатуларыңыздың көлемін ұлғайту және мемлекеттік мекемелердің тауарларды бір көзден сатып алуды жүзеге асыруының ашықтығы мақсатында - барлық әлеуетті өнім берушілерді Сіздің тауарларыңыз және бағаларыңыз бойынша ақпаратты www.omarket.kz электрондық каталогында орналастыруға шақырамыз.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 30.01.2020
Қаржы министрлігі Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 92 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілгені (ҚР ӘМ-де 2020 жылғы 31 қаңтарда №19955 тіркелді) туралы хабарлайды.
Мемлекеттік сатып алу қағидаларына, ҚМ 2019 жылғы 31 мамырдағы №521 және 2019 жылғы 29 шілдедегі №798 бұйрықтарына енгізілген өзгерістер қолданысқа 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап енгізіледі.
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, өзгерістердің новеллаларымен осында танысуға болады (1, 2, 3, 4)
Толығырақ