Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  02.11.2022

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы №1061 бұйрығына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді (ҚР ҚМ 11.12.2015 ж. №648 бұйрығымен бекітілген).

Веб-порталда қабылданған түзетулерді іске асыру үшін 2022 жылғы 2 қарашадан бастап функционалға мынадай пысықтаулар жүргізілді:

            1. Веб-порталда өткен жылдың алдындағы үш жыл кезеңіндегі камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған мемлекеттік кіріс органдарының хабарламалары бойынша осы көрсеткіштерді негізсіз асыра бағалауға әкеп соғатын салық заңнамасын бұзушылықтар жойылғанға дейін Әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін көрсетпеу (сатып алуға қатысуға өтінімдерді бәсекелестік тәсілдермен беру және тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шарт жасасу мүмкінсіздігіне әкеп соғады);

2. Әлеуетті өнім берушілердің шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының электрондық нысаны түрінде ұсыну мүмкіндігі;

3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың үлгілік үлгілері жаңартылды;

4. Ұсынылған өтінімдердің болмауына байланысты ұлттық режимнен алуға жататын тауарларды мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, осы сатып алуды өзге өнім берушілер арасында өткізу мүмкіндігі;

5. Астана қаласы уақыты бойынша сағат 09:00-ден бастап келесі жұмыс күніне талқылау хаттамасы жарияланғаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдауды жүзеге асыру;

6. Конкурстық құжаттаманың, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға 7 және 11-қосымшалардың үлгісі жаңартылды;

7. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарды, объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша жұмыстарды, техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару бойынша инжинирингтік қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер үшін қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін есептеу формулалары өзгертілді;

8. Мынадай бөлікте «Электрондық депозитарий» функционалын пысықтау:

өтінімдерді түзетуге жіберу,

өнім берушінің түзетуге жіберген өтінімдері бойынша келіспеушіліктерді жөнелту мүмкіндіктері,

Қазынашылық департаменттерінің қызметкерлерінің түзетуге арналған өтінімдерді және келіспеушілік өтінімдерін қарау;

өтінімдерді бұғаттауға жіберу;

«Әлеуетті өнім берушінің мәртебесі» жолында бас мердігер немесе қосалқы мердігер таңдалатын, «Тапсырыс беруші» жолында ММ тізілімінде жоқ ұйымның БСН таңдалатын (жүйе «расталған» мәртебесінде екі сұрау салудың болуын талап ететін) орындалған жұмыстар бойынша мәліметтерді келісуге жіберу кезіндегі шарттардың өзгеруі.

 

Толығырақ

Внимание! Перенос закупок!

Хабарламалар  01.11.2022

В связи с технической проблемой, связанной с изменением статусов закупок после внесения изменения в конкурсную документацию на основании камерального контроля, закупки в статусе «Опубликовано», сроки начала приема заявок были перенесены на 17:00:00 часов 1 ноября 2022 года.

Отмечаем, что сроки приема заявок рассчитаны  автоматически системой, согласно ранее указанному организатором количеству дней приема заявок при публикации закупки, при этом время окончания приема заявок осталось неизменным.

Для просмотра информации по закупкам, которые были перенесены, пройдите по следующей ссылке.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  01.11.2022

28.02.2020 ж. жаңалықтарға қосымша

14.09.2022 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.

Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.

 

«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.

Толығырақ

Внимание! Перенос закупок!

Хабарламалар  26.10.2022

Сообщаем, что в период с 15:21 часов 26 октября по 10:59 часов 27 октября 2022 года на информационной системе «Промышленная платформа интеграции информационных систем» Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан будут проводиться технические работы, в связи с этим сроки окончания приема заявок, по способам закупок «Конкурс с предварительным квалификационным отбором», «Открытый конкурс», «Конкурс с использованием рейтингово-бальной системы», «Аукцион (с 2022)», выпадающие в период с 15:21 часов 26 октября по 10:59 часов 27 октября 2022 года, были перенесены на 11:00 часов 27 октября 2022 года.

Аукционные торги, выпадающие на период с 27 октября 09:00:00-10:00:00 часов были перенесены на 28 октября 2022 года, при этом время проведения торгов осталось неизменным.

Для просмотра информации по закупкам, которые были перенесены, пройдите по следующей ссылке.

Приносим извинения за предоставленные неудобства.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  22.10.2022

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 1229 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 30991 тіркелді) Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 155 бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.
Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, өзгерістердің новеллаларымен осында танысуға болады.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  22.10.2022

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13қазандағы № 1061 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2022 жылғы
20қазандағы № 30253тіркелді) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.
Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, өзгерістердің новеллаларыменосында танысуға болады.

Толығырақ

Всем пользователям веб-портала!

Хабарламалар  17.10.2022

Настоящим сообщаем, что в связи с техническими проблемами на стороне провайдера связи,  дозвон в техническую поддержку по номеру 8-800-080-34-37 временно недоступен.

В этой связи просим направлять  обращения на электронную почту support@ecc.kz

Приносим извинения за предоставленные неудобства.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  14.10.2022

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Қаржы министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 990 бұйрығымен (ҚР ӘМ 2022 жылғы 30 қыркүйекте № 29921 болып тіркелген), 2022 жылғы 15 қазанда мемлекеттік сатып алу веб-порталында мынадай өзгерістер жүзеге асырылды:

- «Сатып алулар» модулінде

1. негіздемелік келісімді пайдаланып, конкурстың бірінші кезеңі тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу мүмкіндігі іске асырылды. Ұйымдастырушының нұсқаулығында мына сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады. Толығырақ өнім берушінің нұсқаулығында мына сілтеме бойынша танысуға болады;

2. аукциондық құжаттаманың, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу» тәсілімен конкурстық құжаттаманың шаблондары жаңартылды.

- «Шарттар» модулінде:

1. Тапсырыс берушіге шарттарда «Бір көзден тікелей шарт жасасу жолымен» қаржылық тұрақтылық талабын белгілеу мүмкіндігі іске асырылды. Тапсырыс берушінің нұсқаулығында толығырақ танысуға болады

2. шарттардың типтік үлгілері жаңартылды:

- Құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт;

- Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт

(техникалық-экономикалық негіздеме);

- Қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт. 

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  13.10.2022

2022 жылғы 13 қазанда Тапсырыс берушінің «Заңның 45-бабы 2-тармағы 10) тт. Төтенше жағдайдың не карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде шартты өзгерту» негізі бойынша қосымша келісімдер жасау мүмкіндігі бөлігінде «Шарттар» модулін пысықтау іске асырылды. Бұндай негіз «Шарттың мәндері» қойындысындағы мән бойынша жеткізу мерзімін редакциялауға мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген негіз бойынша қосымша келісім жасау үшін «Қосымша келісімдер» қойындысында қажетті мәні бар жолда осы негізді таңдап, содан кейін «Қосымша келісім жасау» батырмасын басу керек.

Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты өзгертуге ағымдағы қаржы жылы шегінде жол берілетініне назарыңызды аударамыз.


Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  13.10.2022

Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директорының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 328-П бұйрығымен бекітілген Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының (бұдан әрі–ТЖҚ БНА) деректерін жүргізу және өзектендіру Әдістемесінің 4.3-тармағына сәйкес қосымшаға сәйкес ТЖҚ БНА кодтарының қатарын жоспардан тыс өзектендіру бойынша жұмыс жүргізді.

Толығырақ