Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Құрметті пайдаланушылар!

Жаңалықтар  19.05.2023

Мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерінің ашықтығынарттыру мақсатында 2023 жылғы 19 мамырда мемлекеттік сатып алу веб-порталында өтінімдеріқабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерініңқорытындыларын хаттамада көрсету бөлігінде пысықтау жүзеге асырылды.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды кейінге қалдыру!

Хабарламалар  19.05.2023

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2023 жылғы 20 мамыр 00:00:00-ден 21 мамыр 23:59:59-ға дейін Астана қаласы уақытымен жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында Мемлекеттік сатып алу веб-порталы қолжетімсіз болады.

Осыған байланысты, сатып алудың барлық тәсілі бойынша өтінімдерді қабылдаудың, өтінімдерді толықтырулар мен баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімі мына кезеңге келіп түседі:

2023 жылғы 19 мамырдағы сағат 23:45-тен 23:59-ға дейін 2023 жылғы 22 мамырдағы сағат 18:00-ге ауыстырылды, сатып алу тізімін көру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

2023 жылғы 20 мамырда сағат 00:00-ден 23:59-ға дейін 2022 жылғы 22 мамырда сағат 18:00-ге ауыстырылды, сатып алу тізімін көру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

2023 жылғы 21 мамырдағы сағат 00:00-ден 23:59-ға дейін 2023 жылғы 23 мамырдағы сағат 18:00-ге ауыстырылды, сатып алу тізімін көру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

2023 жылғы 22 мамырдағы сағат 00:00-ден 23:59-ға дейін 2023 жылғы 23 мамырдағы сағат 18:00-ге ауыстырылды, аукциондық сауда-саттықты өткізудің басталу мерзімі 2023 жылғы 24 мамырға ауыстырылды, сатып алу тізімін көру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  18.05.2023

28.02.2020 ж. жаңалықтарға қосымша

 

18.05.2023 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.

Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.

«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!

Хабарламалар  17.05.2023

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін беру сәтінде аффилиирлену туралы мәліметтерді алу бойынша сұрау салулардың ұзақ уақыт өңделуіне байланысты 2023 жылғы 16 мамырда сағат 17:49:00-ден бастап 18:45:00-ге дейінгі кезеңге түсетін өтінімдерді қабылдаудың, баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімі 2023 жылғы 17 мамырда сағат 18.00:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз

 

2023 жылғы 17 мамырда сағат 09:00:00-ден бастап  сағат 11:00:00-ге дейінгі кезеңге түсетін аукциондық сауда-саттық 2023 жылғы 18 мамырға ауыстырылды, бұл ретте сауда-саттықты өткізу уақыты өзгеріссіз қалды.

 

Ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!

Хабарламалар  16.05.2023

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін беру сәтінде аффилиирлену туралы мәліметтерді алу бойынша сұрау салулардың ұзақ уақыт өңделуіне байланысты 2023 жылғы 15 мамырда сағат 17:22:00-ден бастап 19:20:00-ге дейінгі кезеңге түсетін өтінімдерді қабылдаудың, баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімі 2023 жылғы 16 мамырда сағат 18.00:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз

 

2023 жылғы 15 мамырда сағат 17:22:00-ден бастап 2023 жылғы 16 мамырда сағат 18:00:00-ге дейінгі кезеңге түсетін аукциондық сауда-саттық 2023 жылғы 17 мамырға ауыстырылды, бұл ретте сауда-саттықты өткізу уақыты өзгеріссіз қалды.

 

Ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Толығырақ

Құрметті пайдаланушылар!

Жаңалықтар  12.05.2023

2023 жылғы 12 мамырда веб-порталда пысықтау жүргізілгенін хабарлаймыз, оған сәйкес ұйымдастырушылар (хабарландыру жарияланған кезде) және әлеуетті өнім берушілер (қатысуға өтінім берген кезде) үшін тапсырыс берушінің Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде болуы туралы хабарлама көрсетілетін болады.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды кейінге қалдыру!

Хабарламалар  07.05.2023

Мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы техникалық іркіліске байланысты «Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс», «Ашық конкурс» сатып алуларында шартты жеңілдікті дұрыс есептемеуге байланысты «Тапсырыс беруші тіркелген облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларында тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте әлеуетті өнім берушінің болуы» көрсеткіші бойынша өтінімдерді қабылдаудың және толықтырудың аяқталу мерзімі 2023 жылғы 6 мамыр сағат 16:47-ден 17:59-ға дейін 2023 жылғы 12 мамыр сағат 18:00-ге ауыстырылды.

 

Ауыстырылатын сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Порталдың барлық пайдаланушысына!

Хабарламалар  06.05.2023

Техникалық іркіліске байланысты Мемлекеттік сатып алу веб-порталында «Тапсырыс беруші тіркелген облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларында тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте әлеуетті өнім берушінің болуы» көрсеткіші бойынша сатып алулардағы шартты жеңілдіктің «Жобалау жұмыстары» белгісі бар «Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс» сатып алуларында қате есебі жүргізілді.

Осы сатып алулар бойынша ішкі мемлекеттік аудит органдары оларды мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдайтын болады.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Техникалық жұмыстар!

Хабарламалар  05.05.2023

2023 жылғы 5 мамырда сағат 20:00-ден 22:30-ға дейінгі кезеңде «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетін болады, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәлімет өңделмейді.

Осыған байланысты сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді алдын ала тапсыруды сұраймыз.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Хабарламаларды SMS арқылы тарату

Жаңалықтар  05.05.2023

Құрметті Өнім беруші! Сізге хабарламаларды SMS-тарату функциясы іске қосылғандығын хабарлаймыз. SMS хабарламалары Қазақстан Республикасындағы ұялы байланыс операторларының телефон нөмірлеріне жіберіледі. Хабарламаның жіберушісі «GOSZAKUP» болады. Бұл функцияны қолдану үшін ұялы телефонның нөмірін «Жеке деректер» - «Байланыс құралдары» бөлімінде жаңартып, байланыстырыңыз.

СМС-хабарламалар ақпараттандырудың негізгі әдістерінің бірі емес, қосымша ақпараттың бірі екенін ескеріңіз. Ұялы байланыс операторларының жұмысына, абоненттің қол жетімділігіне және басқа да бірқатар тәуелділіктерге байланысты, веб-порталдағы Жеке кабинеттегі хабарламаларды қарауды ұсынамыз. 

Толығырақ