Назар аударыңыз! Сатып алулардың мерзімі ауыстырылды!
Хабарламалар 12.02.2024
Мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Рейтингтік-балдық жүйені қолданумен конкурс» сатып алу жүргізу тәсілі бойынша техникалық ақаулар тіркелгенін хабарлаймыз, сатып алу мәні – Қызмет. Осыған байланысты аталған ақау тіркелген сатып алулар бойынша талқылауды аяқтау мерзімдері мен өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімдері ауыстырылды.
Мерзімдері ауыстырылған сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін келесі сілтемеге өтіңіз
ТолығырақВеб-порталдың барлық пайдаланушыларына!
Жаңалықтар 08.02.2024
08.02.2024 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.
Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.
«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.
Барлық веб-портал пайдаланушыларына!
Хабарламалар 05.02.2024
Қазақстан Республикасының аумағында 2024 жылғы 1 наурыздан бастап бірыңғай сағат белдеуі белгіленуіне байланысты, орталық мемлекеттік органдар «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 қаулысын қабылдай отырып, тиісті салаларда уақтылы көшу бойынша алдын ала дайындық шараларын жүргізуі қажет.
Осыған байланысты, 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 22:00:00 -ден бастап 2024 жылғы 1 наурызда сағат 02:00:00 -ге дейін веб-порталда техникалық жұмыс жүргізілетінін хабарлаймыз. Сатып алу туралы өтінімдер мен толықтыруларды қабылдау мерзімдерін, шарттарға қол қою мерзімдерін, шағымдар беру және қабылданған шешімге шағымдар беру мерзімдерін, шағымдарды қарау мерзімдерін ауыстыру туралы ақпарат кейінірек орналастырылады.
ТолығырақБарлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!
Жаңалықтар 01.02.2024
Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден (31.01.2024 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден (31.01.2024 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.
Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің тізбесі толықтырылатын болады».
ТолығырақВеб-порталдың барлық пайдаланушыларына!
Жаңалықтар 01.02.2024
Құрылыс саласында техникалық қадағалау және жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтерді мемлекеттік сатып алу 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен ғана жүзеге асырылатынын хабарлаймыз (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы №1263 бұйрығы (ҚР ӘМ 2023 жылғы 8 желтоқсанда № 33740 болып тіркелген).
Осыған байланысты, «Техникалық қадағалау және/немесе жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер» белгісі бар қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін «Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс» әдісі ғана қолжетімді болады (коды 711220.000.000004 – құрылыс қызметі саласында техникалық қадағалауды жүзеге асыру қызметтері; коды 711220.000.000001 – жобаларды басқару қызметтері).
ТолығырақҚұрметті пайдаланушылар!
Жаңалықтар 31.01.2024
Мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру шеңберінде 2024 жылғы 30 қаңтардан бастап веб-порталда келесі жақсартулар жүзеге асырылды:
- Тапсырыс берушінің «Сатып алынатын тауардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық, пайдалану және өзге де сипаттамаларының сипаты» бағанын біріккен лот бойынша техникалық ерекшелікте жеке толтыруы бөлігінде;
- «Негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурстың бірінші кезеңі» тәсілімен жарияланған сатып алуларда «Жеткізу орны» бойынша хабарландыруларды кеңейтілген іздеу бөлігінде;
- шарт сомасын ұлғайту мақсатында жасалған қосымша келісімдер бойынша «Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі есептегішті» енгізу бөлігінде пысықтаулар іске асырылды.
ТолығырақВеб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 29.01.2024
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 29.01.2024
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы №34 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2024 жылғы24 қаңтарда №33928 болып тіркелді) Біртекті түрлері және оларды беру (орындау,көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне(ҚР ҚМ 2022 жылғы 31 тамыздағы №903 бұйрығымен бекітілген) өзгеріс енгізілді.
Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен осында танысуға болады.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!
Жаңалықтар 26.01.2024
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы №6 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары жүзеге асыратын Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне өзгерістер енгізілді (ҚР ҚМ 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығымен бекітілді).
Бұл бұйрық 2024 жылғы 25 қаңтардан бастап күшіне енді.
Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы, Президент істері басқармасы, оның ведомстволары мен ведомстволық бағынышты ұйымдары жүзеге асыратын сатып алуды қоспағанда, Республикалық маңызы бар мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы арқылы жүзеге асырылатыны бұйрықпен көзделген.
Бұдан басқа, түзетулер шеңберінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып конкурс және өмірлік циклінің құнын есептеуді пайдалана отырып конкурс тәсілдерімен сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға Бұйрықты таратпау көзделген.
Назар аударыңыз! Сатып алуларды және шарттарды ауыстыру!
Хабарламалар 25.01.2024
1. 2024 жылғы 24 қаңтарда сағат 21:25:00-ден бастап 2024 жылғы 25 қаңтарда сағат 10:10:00-ге дейінгі кезеңде порталдың қолжетімді болмауына байланысты, 2024 жылғы 24 қаңтарда сағат 21:25:00-ден бастап 2024 жылғы 25 қаңтарда сағат 10:10:00-ге дейінгі кезеңге түсетін «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу», «Ашық конкурс», «Алдын ала білікті іріктеу конкурсы», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтерін сатып алу жөніндегі конкурс», «Тендер», «Рейтингтік-балдық жүйені қолданумен конкурс», «Сәтсіз сатып алулар бойынша бір көзден», «Баға ұсыныстарына сұрау салу», «Баға ұсыныстарына сұрау салу (МС емес new), «МС емес сәтсіз сатып алулар бойынша бір көзден», «Негізгі келісімді пайдалана отырып конкурстың екінші кезеңі», «Негізгі келісімді пайдалана отырып конкурстың бірінші кезеңі» деген сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алулар» модулінің өтінімдерін қабылдауды және толықтыруды аяқтау мерзімдері 2024 жылғы 26 қаңтарда сағат 10:00:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі 2024 жылғы 25 қаңтарда сағат 09:00:00-ге түсетін, ерекше тәртіпті қолданумен мемлекеттік сатып алуды өткізу 2024 жылғы 26 қаңтарда сағат 09:00:00-ге ауыстырылды.
2024 жылғы 24 қаңтарда сағат 21:25:00-ден 2024 жылғы 25 қаңтарда 10:10:00-ге дейінгі кезеңге түсетін аукциондық сауда-саттық 2024 жылғы 26 қаңтарға ауыстырылды, бұл ретте сауда-саттық өткізу уақыты өзгеріссіз қалды.
Мерзімдері ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.
2. 2024 жылғы 24 қаңтарда сағат 21:25:00-ден бастап 2024 жылғы 25 қаңтарда сағат 10:10:00-ге дейінгі кезеңде порталдың қолжетімді болмауына байланысты, «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтерін сатып алу жөніндегі конкурс» сатып алуды жүргізу тәсілі бойынша өтінімдерді қабылдау мерзімі 2024 жылғы 26 қаңтарға ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Мерзімдері ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты
көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.
3. Порталдың қолжетімді болмауына байланысты, 2024 жылғы 24 қаңтарда сағат 23:59:59-ға түсетін, қол қою қажеттілігі туралы хабарламалар жіберілген шарттарға қол қою мерзімдері 2024 жылғы 25 қаңтарда сағат 23:59:59-ға ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Мерзімдері ауыстырылған шарттар туралы ақпаратты көру үшін
келесі сілтемеге өтіңіз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
