Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Назар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!

Хабарламалар  07.03.2024

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында рұқсат беру құжаттары бойынша сұраныстарды ұзақ өңделмеуіне байланысты техникалық ақау тіркелгенін хабарлаймыз, осыған байланысты «Электрондық сатып алу» модулінде «Бағалы ұсыныныстарға сұраным» тәсілімен ұйымдастырушы рұқсат түрлерін көрсеткен «U21_MZ-медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме сату жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама», «U18_MZ - медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама» сатып алуларда 2024 жылғы 7 наурыздың сағат 17:00:00-ден 2024 жылғы 11 наурыздың сағат 18:00:00-ге дейінгі кезеңде түсетін өтінімдерді қабылдау мерзімі 2024 жылғы 12 наурыздың сағат 11:00:00 -ге ауыстырылды.

Ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!

Хабарламалар  07.03.2024

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында "Рейтингтік-балдық жүйені қолданумен конкурс" сатып алуды өткізу тәсілі бойынша техникалық іркіліс тіркелгенін хабарлаймыз, сатып алу мәні - қызмет. Осыған байланысты өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімдерін ауыстыру жүзеге асырылды. Тасымалданған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!

Хабарламалар  04.03.2024

Мемлекеттік сатып алу веб-порталының техникалық ақауына байланысты «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс» және «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтерін сатып алу жөніндегі конкурс» сатып алу тәсілдері бойынша қабылдауды бастау мерзімі 2024 жылдың 4 наурызы сағат 00:00:00-ден 2024 жылдың 4 наурызы сағат 23:59:59-ға дейін мерзімге сәйкес келетін сатып алулардың мерзімі 2024 жылдың 5 наурызына ауыстырылды, өтінімдерді қабылдау уақыты өзгеріссіз қалады. 


Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі 2024 жылғы 4 наурызда сағат 09:00:00-ге түсетін, ерекше тәртіпті қолданумен мемлекеттік сатып алуды өткізу 2024 жылғы 5 наурызға сағат 09:00:00-ге ауыстырылды. 


Мерзімдері ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


Толығырақ

Құрметті мемлекеттік сатып алу порталының қатысушылары!

Жаңалықтар  04.03.2024

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 390 бұйрығымен тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы).

Осыған байланысты, талқылауға уақыт беру, конкурстық құжаттаманың жобасына өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізу, өнім берушіні таңдау өлшемшарттарын толтыру, қорытындылар хаттамасының жаңартылған шаблонын қалыптастыру және жаңа өлшемшарттарға сәйкес жеңімпазды айқындау бөлігінде тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру Қағидаларына сәйкес келтіру бойынша Мемлекеттік сатып алу веб-порталының функционалдығы өзгертілді.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырушыларға 2024 жылғы 7 қаңтар мен 4 наурыз аралығындағы кезеңде жарияланған «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурс», «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс» тәсілдері бойынша сатып алуды жою қажет екенін хабарлайды.

Сонымен қатар, егер жарнама «Жоба» күйінде болса, оны жойып, қайтадан жасау керек екенін ескереміз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!

Хабарламалар  01.03.2024

1. 2024 жылғы 1 наурызда сағат 08:43:00-ден бастап 2024 жылғы 1 наурызда сағат 13:00:00-ге дейінгі кезеңде порталдың техникалық ақауға байланысты, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 08:43:00-ден бастап 2024 жылғы 1 наурызда сағат 13:00:00-ге дейінгі «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу», «Ашық конкурс», «Алдын ала білікті іріктеу конкурсы», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтерін сатып алу жөніндегі конкурс», «Тендер», «Рейтингтік-балдық жүйені қолданумен конкурс», «Сәтсіз сатып алулар бойынша бір көзден», «Баға ұсыныстарына сұрау салу», «Баға ұсыныстарына сұрау салу (МС емес new), «МС емес сәтсіз сатып алулар бойынша бір көзден», «Негізгі келісімді пайдалана отырып конкурстың екінші кезеңі», «Негізгі келісімді пайдалана отырып конкурстың бірінші кезеңі» деген сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алулар» модулінің өтінімдерін қабылдауды және толықтыруды аяқтау мерзімдері 2024 жылғы 1 наурызға сағат 22:00:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі 2024 жылғы 1 наурызда сағат 09:00:00-ге түсетін, ерекше тәртіпті қолданумен мемлекеттік сатып алуды өткізу 2024 жылғы 4 наурызға сағат 09:00:00-ге ауыстырылды.

2024 жылғы 1 наурызда сағат 08:43:00-ден бастап 2024 жылғы 1 наурызда сағат 13:00:00-ге дейінгі кезеңге түсетін аукциондық сауда-саттық 2024 жылғы 4 наурызға ауыстырылды, бұл ретте сауда-саттық өткізу уақыты өзгеріссіз қалды.


2. 2024 жылғы 1 наурызда сағат 08:43:00-ден бастап 2024 жылғы 1 наурызда сағат 13:00:00-ге дейінгі  кезеңде порталдың қолжетімді болмауына байланысты, «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс» сатып алуды жүргізу тәсілі бойынша өтінімдерді қабылдау мерзімі 2024 жылғы 4 наурызға ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Мерзімдері ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  01.03.2024

Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (29.02.2024 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (29.02.2024 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  01.03.2024

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 14-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау, ұлттық экономиканы дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында екі жылдан аспайтын мерзімге ұлттық режимнен алып қоюды белгілеуге құқылы. 

Көрсетілген норманы іске асыру үшін Үкіметтің 2024 жылғы 19 ақпандағы № 99 қаулысымен Ұлттық режимнен (жеңіл өнеркәсіп тауарлары) алып қоюға жататын тауарлардың тізбесі бекітілді.

Осыған байланысты, порталда форматты-логикалық бақылау орнатылған, оның шеңберінде жоғарыда көрсетілген тізбеде көзделген тауарларды сатып алу, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі тауарларды өндіретін жеке және заңды тұлғалар арасында жүзеге асырылады.

Бұл ретте, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген Индустриялық сертификат тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өндірушінің тауарды өндіргенін растайтын құжат болып табылады.

Ұлттық режимнен алынуға жататын тауарлардың тізбесімен сілтеме бойынша танысуға болады.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!

Хабарламалар  01.03.2024

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2024 жылғы 02 наурызда 09:00:00-ден 03 наурызда 23:59:59-ға дейін Астана қаласы уақытымен жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында Мемлекеттік сатып алу веб-порталы қолжетімсіз болады.


Осыған байланысты, сатып алудың барлық тәсілі бойынша өтінімдерді қабылдаудың, өтінімдерді толықтырулар мен баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімі мына кезеңге келіп түседі:

2024 жылғы 02 наурызда сағат 08:30-тен 23:59-ға дейін 2024 жылғы 04 наурызда сағат 18:00-ге ауыстырылды, сатып алу тізімін көру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз;

2024 жылғы 03 наурызда сағат 00:00-ден 23:59-ға дейін 2024 жылғы 05 наурызда сағат 18:00-ге ауыстырылды, сатып алу тізімін көру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз;

2024 жылғы 04 наурызда сағат 00:00-ден 23:59-ға дейін 2024 жылғы 05 наурызда сағат 18:00-ге ауыстырылды, сатып алу тізімін көру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз;

2024 жылдың 04 наурызына сәйкес келетін аукцион күні 2024 жылдың 05 наурызына ауыстырылды. Ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз;

2024 жылдың 05 наурызына сәйкес келетін аукцион күні 2024 жылдың 06 наурызына  ауыстырылды. Ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Құрметті мемлекеттік сатып алу веб-порталының пайдаланушылары!

Жаңалықтар  29.02.2024

2024 жылғы 1 наурыздан бастап техникалық қолдауға жүгіну үшін пайдаланушыларға келесі байланыс арналары қолжетімді болатынын хабарлаймыз:
- порталдың сыртқы бетінен WebCall сервисі арқылы тегін қоңыраулар, сайттан қоңырау шалуға арналған нұсқаулық Анықтама бөлімінде орналастырылған, 
- 8 (7172) 73 55 15, +7 705 956 53 88 нөмірлері бойынша ақылы қоңыраулар (байланыс операторының тарифтеріне сәйкес),
- support@ecc.kz электрондық поштасына өтініштерді тіркеу бұрынғы режимде жүзеге асырылады. Үлкен өтініш – БСН/ЖСН, байланыс телефоны, мәселенің толық сипаты, бір Word құжатында қадамдық скриншоттар сияқты барлық деректерді бірден көрсетіңіз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!

Хабарламалар  29.02.2024

Қазақстан Республикасының аумағында 2024 жылғы 1 наурыздан бастап бірыңғай сағат белдеуі белгіленуіне байланысты, 2024 жылғы 29 ақпаннан бастап 2024 жылғы 1 наурызға дейінгі кезеңде веб-порталда техникалық жұмыстар жүргізілетін болады.

1) 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 21:30:00-ден 2024 жылғы 1 наурызда сағат 08:00:00-ге дейінгі кезеңге түсетін «Электрондық сатып алу» модулінің өтінімдерін қабылдаудың және толықтырудың аяқталу мерзімі 2024 жылғы 1 наурызда сағат 22:00:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.

2) Порталдың қолжетімді болмауына байланысты, 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 23:59:59-ға түсетін, қол қою қажеттілігі туралы хабарламалар жіберілген шарттарға қол қою мерзімдері 2024 жылғы 1 наурызда сағат 23:59:59-ға ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Ауыстырылған шарттар бойынша ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.

3) 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 23:59:59-ден бастап түсетін, камералдық бақылау хабарламаларын жіберу мерзімдері, хабарламаларды орындау мерзімдері, сапаны бақылау мерзімдері, шағым беру мерзімдері 2024 жылғы 01 наурызда сағат 23:59:59-ға ауыстырылды.

Сондай-ақ, Байланыс орталығының телефония жұмысы уақытша қолжетімсіз болатынын атап өтеміз.

Ескертпе: жеткізушінің өтінім беруі GMT уақыт белдеуі бойынша (Гринвич уақыты) тіркелетініне байланысты, кейбір сатып алуларда уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты көрсетілген уақыт нақты уақытпен 1 сағатқа сәйкес келмеуі мүмкін.

Толығырақ