Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  04.03.2025

Тапсырыс берушілердің Заңның 16-бабы 3-тармағының 1), 10), 26), 19), 25), 41) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Өнім берушілер 01.03.2025 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 16-бабы 3-тармағының 5), 20), 23), 27), 36)  тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Тапсырыс берушілер 01.03.2025 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!

Хабарламалар  28.02.2025

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2025 жылғы 1 наурыз 09:00:00-ден 2025 жылғы 2 наурыз 23:59:59-ға дейін жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында Мемлекеттік сатып алу веб-порталы қолжетімсіз болады.

Осыған байланысты, төмендегі кезеңдерге түсетін сатып алудың барлық тәсілдері бойынша өтінімдерді қабылдаудың, өтінімдерді толықтырулар мен баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімдері:

2025 жылғы 1 наурыз сағат 00:00-дан 23:59-ға дейінгі 2025 жылғы 3 наурыз сағат 16:00-ге ауыстырылды, сатып алу тізімін көру үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз;

2025 жылғы 2 наурыз сағат 00:00-ден 23:59-ға дейінгі 2025 жылғы 4 наурыз 16:00-ге ауыстырылды, сатып алу тізімін көру үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз;

2025 жылғы 3 наурыз сағат 00:00-ден 23:59-ға дейінгі 2025 жылғы 4 наурыз сағат 16:00-ге ауыстырылды, сатып алу тізімін көру үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Құрметті өнім берушілер!

Жаңалықтар  28.02.2025

Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларының 46 және 49-тармақтарына сәйкес (Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығымен бекітілген), Әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тізіліміндегі қайта растау (2024 жылғы 20 қазаннан 2025 жылғы 28 ақпанға дейінгі кезеңде қосымша мәліметтер мен құжаттар енгізілмеген) рәсімінен өтпеген «Расталды» статусындағы жұмыс тәжірибесі 2025 жылғы 1 наурыздан бастап «Белсенді емес» статусына ауысады және әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды есептеу кезінде ескерілмейді.

Осыған байланысты, өтінімдерді қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың ақпан айында басталып, наурыз айында аяқталатын сатып алуларда конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде жұмыс тәжірибесі бойынша (Қағидалардың 46 және 49-тармақтарына сәйкес барлық құжаттары мен мәліметтері бар «Расталды» статусындағы) өзекті мәліметтерді қолдану мақсатында, әлеуетті өнім берушілер ағымдағы жылдың ақпан айында берілген өтінімдерді кері қайтарып алуы (себебі 2025 жылғы 1 наурыздан бастап мұндай тәжірибе «Белсенді емес» деген статусқа ауысады) және өзекті тәжірибемен («Расталды»  статусы бар) конкурсқа қатысу туралы өтінімді қайта жіберуі қажет.

Толығырақ

Құрметті пайдаланушылар!

Хабарламалар  27.02.2025

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2025 жылғы 1 наурыз сағат 09:00:00-ден бастап 2025 жылғы 2 наурыз сағат 23:59:59-ға дейін жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында Мемлекеттік сатып алу веб-порталы қолжетімсіз болады.

Сатып алу өткізу уақыты ауыстырылған хабарламалар тізімі кейін жарияланатын болады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  24.02.2025

Тапсырыс берушілердің Заңның 16-бабы 3-тармағының 1), 10), 26), 19), 25), 41) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Өнім берушілер 24.02.2025 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 16-бабы 3-тармағының 5), 20), 23), 27), 36)  тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Тапсырыс берушілер 24.02.2025 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Уважаемые пользователи!

Хабарламалар  20.02.2025

Сообщаем, что закупки по способам "Открытый конкурс", "Конкурс с использованием рейтингово-балльной системы", "Конкурс по приобретению товаров, связанных с обеспечением питания воспитанников и обучающихся", "Конкурс по приобретению услуг по организации питания воспитанников и обучающихся", где статусы закупок не сменились с "Опубликовано" на "Опубликовано (прием заявок)" после внесения изменений в конкурсную документацию на основании запросов поставщиков во время обсуждения конкурсной документации, сроки начала и окончания приема заявок были изменены с сохранением первоначального интервала сроков приема заявок с датой начала на 21.02.2025 г. 
Для просмотра информации по закупкам, которые были изменены  сроки начала и окончания приема заявок, пройдите по следующей ссылки

Толығырақ

Барлық әлеуетті өнім берушілерге!

Жаңалықтар  18.02.2025

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында ағымдағы қаржы жылының сомасын ескере отырып, көпжылдық шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрін қағаз сақтандыру шартынан электрондық сақтандыру шартына ауыстыру мүмкіндігін беру бөлігінде «Шарттар» модуліне 2025 жылғы 18 ақпаннан бастап пысықтау жүргізілгенін хабарлаймыз.

Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша бұрын «Жоба» статусындағы электрондық сақтандыру шарты жасалған болса, онда «Қарау» батырмасы арқылы шарттың осы жобасын жойып, жаңа шарт қалыптастыру қажет.

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  17.02.2025

Тапсырыс берушілердің Заңның 16-бабы 3-тармағының 1), 10), 26), 19), 25), 41) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Өнім берушілер 14.02.2025 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 16-бабы 3-тармағының 5), 20), 23), 27), 36)  тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Тапсырыс берушілер 14.02.2025 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Құрметти пайданушылар!

Хабарламалар  14.02.2025

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ келесіні хабарлайды:
1. 2025 жылғы 14 ақпанда сағат 21:00-ден 15 ақпанда сағат 08:00-ге дейінгі кезеңде мемлекеттік органдардың серверлік орталығының телекоммуникациялық жабдықтарында (бұдан әрі-МО СО) жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетін болады.
2. 2025 жылғы 15 ақпанда сағат 21:00-ден 16 ақпанда сағат 09:00-ге дейін "Заңды тұлғалар" МДҚ, "Жеке тұлғалар" МДҚ-да жұмыстар жоспарлануда, осыған байланысты жоғарыда аталған кезең ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында деректерді өңдеу кезінде қысқа мерзімді ақаулар туындауы мүмкін.

Осыған байланысты өнім берушілерге алдын-ала өтініш беру ұсынылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Құрметті пайдаланушылар!

Жаңалықтар  14.02.2025

2025 жылғы 13 ақпанда электрондық дүкен арқылы әдісімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуларда отандық тауар өндірушілерді қолдауға  және тапсырыс берушілердің тауарлардың келесі санаттары үшін ұлттық режимнен алу тетігін айналып өту фактілерін болдырмауға бағытталған өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз:
- Антисептик құралдары;
- Антисептикалық  сабын;
- Дезинфекциялық
майлықтар;
-
Аппараттық дезинфекцияға арналған құралдар;
-
Суды зарарсыздандыруға арналған құралдар;
-
Үстіңгі беттерді өңдеуге арналған құралдар;
-
Сантехниканы тазартуға арналған құралдар.

Бұл пысықтау Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің келісімі бойынша «Атамекен» ҰКП ұсынған отандық өндірушіде тауарлардың аналогтары бар тауарлардың жоғарыда көрсетілген санаттары бойынша жүргізілді (тауарлар карточкаларында аналогтың бар екендігі туралы белгі пайда болады).

Осылайша, ұлттық режимнен алу тізбесіне енгізілмеген тауарлар бойынша «Бірінші» үлгісіндегі тапсырысты орналастыру кезінде, егер осы тауар бойынша қазақстанда өндірілетін аналогтары болған жағдайда, тапсырыс берушілер отандық өндірушінің тауарын таңдай алады.

Бұл ретте, қайталама тапсырыстарды жариялауды тапсырыс берушілер өнім берушілердің барлық санаттары арасында жалпы негіздерде жүзеге асыратын болады.

Толығырақ