Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Жаңалықтар


Всем пользователям веб-портала!

Жаңалықтар  21.05.2024

Заңның 14-бабының 2-тармағын іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 20 наурыздағы №207 ҚР Үкіметінің қаулысымен сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп өнімдеріне ұлттық режимнен алып тастау белгіленді.

Осыған байланысты, 2024 жылғы 20 мамырдан бастап мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында форматтық-логикалық бақылау енгізілді. Аталған тауарлар мен қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 12-тармағына сәйкес отандық тауар өндірушілер, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындаушылар арасында жүргізіледі.

Бұл ретте, тауарды өндіруші әлеуетті жеткізушінің отандық тауар өндірушілер тізілімінде бар екенін растайтын құжат болып "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген Индустриялық сертификат танылады.

Толық тізіліммен сілтеме арқылы танысуға болады.

ЕСКЕРТУ!

Аталған Қаулының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, уәкілетті орган – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізбесін ақпарат жаңартылған сайын жолдап отыру міндеті жүктелген.


Осыған байланысты, тізім ақпарат жаңартылған сайын өзектендіріліп отырады

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  21.05.2024

Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (16.05.2024 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (16.05.2024 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Барлық веб-портал пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  16.05.2024

2024 жылғы 16 мамырда Өнім беруші тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізілімінде болған жағдайда, онда тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 3% аспауы тиіс деген бөлікте «Шарттар» модулінде пысықтау іске асырылды.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  06.05.2024

06.05.2024 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.

Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.
«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  06.05.2024

Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (30.04.2024 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (30.04.2024 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Барлық веб-портал пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  02.05.2024

2024 жылғы 2 мамырда егер Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 34-қосымшасына немесе Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларының 23-қосымшасына сәйкес құрылыс саласындағы жұмыстарды (құрылыс-монтаждау жұмыстарын) мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарттың шаблоны бойынша шарт жасалған болса, төмендегі бөлікте пысықтаулар іске асырылды:

- «Қолданыста» статусындағы шарттарда Тапсырыс берушіге «Жалпы» қойындысына файл түрінде жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамада көзделген негізгі құрылыс материалдарының, жабдықтардың, бұйымдар мен конструкциялардың қажеттілік ведомосін тіркеуге, сондай-ақ Мердігердің байланыс деректерін көрсетуге болады. МС Тапсырыс берушінің нұсқаулығымен толығырақ сілтеме бойынша, Тапсырыс берушінің (МС емес) нұсқаулығымен сілтеме бойынша танысуға болады;

- ведомость файлы мен Мердігердің байланыс деректері мемлекеттік сатып алу веб-порталының сыртқы бетіндегі шарттар тізілімінде шарт карточкасын қарау кезінде көрсетілетін болады.

Толығырақ

Барлық веб-портал пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  02.05.2024

2024 жылғы 2 мамырда осы тауар бойынша отандық тауар өндіруші болып табылатын Өнім берушімен тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт жасасу бөлігінде пысықтау іске асырылды: Жүйе шарт жасау кезінде (өнім берушіні шарт жобасына қосқан кезде шарт жасасудың үлгі нысанымен «Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден» тәсілімен шарт жасалған жағдайда) өнім берушінің осы тауар бойынша отандық тауар өндірушілер тізілімінде бар-жоғына форматты-логикалық бақылау жасайды.

Егер өнім беруші осы тауар бойынша отандық тауар өндіруші болып табылған жағдайда:

  • Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларының 151-тармағы бойынша соманы қоспағанда, өнім беруші тарапынан МС туралы Заңның 26-бабына сәйкес сомаға, шарттың жалпы сомасынан 3%-ға аванс сомасына қамтамасыз етуді енгізу талап етілмейді!
  • егер тапсырыс беруші мемлекеттік мекеме болып табылған жағдайда, «Баға ұсыныстарын сұрату» немесе «Баға ұсыныстарын сұрату» тәсілімен өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден» сатып алу тәсілін қоспағанда, Жүйе шарттағы аванс пайызын 30%-ға (жоспар тармағындағы бастапқы мәніне қарамастан) автоматты түрде өзгертеді.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  29.04.2024

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 218 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 17.04.2024ж. № 34262 тіркелді) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, осында танысуға болады.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  25.04.2024

25.04.2024 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.

Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.
«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.

Толығырақ

Құрметті пайдаланушылар!

Жаңалықтар  14.04.2024

«ҚР ҚМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 168 бұйрығымен көзделген түзетулер шеңберінде, мемлекеттік сатып алу веб-порталында сатып алу бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларына «Сатып алуға қатысу үшін лоттар қосу» кезеңіне өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз.

            «Тендер» әдісі үшін:

            Егер лоттар ұлттық режимнен алып тасталған тауарларға жататын болса, онда Өнім берушіде осы ТЖҚК бойынша индустриялық сертификат болуы қажет, индустриялық сертификат болмаған жағдайда Жүйеде қате көрсетіледі.

            Егер лот ұлттық режимнен алып тасталған тауарларға жататын болса және бұрын лот бойынша өткізілмей қалған сатып алу жүргізілген болса, онда Жүйе индустриялық сертификаты жоқ Өнім берушіге өтінім беруге мүмкіндік береді (2024 жылғы 29 сәуірден бастап жарияланған сатып алу бойынша).

            Толық нұсқаулықпен сілтеме арқылы танысуға болады.

            «Ерекше тәртіп қолданылатын тендер» және «Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу» тәсілі үшін:

            Егер лоттар ұлттық режимнен алып тасталған тауарларға жататын болса, онда Өнім берушіде осы ТЖҚК бойынша индустриялық сертификат болуы қажет, индустриялық сертификат болмаған жағдайда Жүйеде қате көрсетіледі.

            Егер лот ұлттық режимнен алып тасталған тауарларға жататын болса, бірақ сатып алу түрі «Қайта сатып алу» болса, Жүйе индустриялық сертификаты жоқ Өнім берушіге өтінім беруге мүмкіндік береді  (2024 жылғы 29 сәуірден бастап жарияланған сатып алу бойынша).

            Толық нұсқаулықпен сілтеме арқылы танысуға болады.

Толығырақ