Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

ҚҰРМЕТТІ ӨНІМ БЕРУШІЛЕР!

Жаңалықтар  02.02.2016

2016 жылғы 01 қаңтардан бастап «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығы қолданысқа енгізілгендігін хабарлаймыз.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 43-бабының 7-тармағына сәйкес Мемлекеттік сатып алу веб-порталында «Сатып алу 2016» модулінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда белгіленген Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын оған ұсынған күннен бастап 3 жұмыс күні мерзімінде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылмауына байланысты әлеуетті өнім берушіні не өнім берушіні Жосықсыз қатысушылар тізіліміне автоматы түрде қосу жөніндегі функционал іске асырылғандығына Сіздердің назарларыңызды аударамыз.

Толығырақ

БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ!

Жаңалықтар  28.01.2016

«Қазынашылық-Клиент» АЖ және «Электрондық мемлекеттік сатып алу» АИАЖ интеграциялық жүйелеріне тест жүргізу бойынша техникалық жұмыстардың жүргізілуіне, сондай-ақ жасалған шарттарды веб-портал арқылы қазынашылық органдарына тіркеуге жіберу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізуге арналған нормативтік құқықтық базаның дайындалуына байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мынадай шешім қабылдады.

Уақытша, көрсетілген шарттарды интеграциялағанға дейін, веб-порталда жасалған және қазынашылық органдарында тіркеуге жататын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды (шарттарға қосымша келісімдерді) кейіннен «Қазынашылық-Клиент» АЖ арқылы немесе қағаз тасығышта қазынашылық органдарына тіркеу үшін жолдай отырып, басып шығару және мемлекеттік мекеме басшысының қолын қойып куәландыру қажет.

Бұл ретте шарттың веб-порталда жасалуының шынайылығы жүйеде жасалған электрондық шартқа меншіктелетін бірегей код арқылы анықталатындығын атап өтеміз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!

Жаңалықтар  08.01.2016

Құрметті мемлекеттік сатып алудың Тапсырыс берушілері, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 669 «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аталған сатып алу тізбесінің ұйымдастырушы болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (бұдан әрі - Комитет) анықталғандығын хабарлаймыз.

Осыған орай, сатып алуға ұсыныс әзірлеу кезінде ББӘ тізіліміне енген Тапсырыс берушілер (бұдан әрі – Тапсырыс берушілер),ТЖҚ кестесімен танысулары қажет. Аталған кестедегі «ТЖҚК» бағанында бар код сатып алуға ұсыныста қолданылған жағдайда, Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушы ретінде Комитетті, БСН 140540018167 таңдауға міндеттенеді. Барлық туындаған сұрақтар бойынша Сіздер Комитеттің мекен-жайына: 8 (71-72) 71-74-11,8 (71-72) 71-71-25, 8 (71-72) 71-86-20 телефондарына және t.kudabayev@minfin.gov.kz, s.baimagambetov@minfin.gov.kz электрондық мекен-жайларына жүгіне аласыздар».

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!

Жаңалықтар  06.01.2016

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті, шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануға қатысты мәселелердін туындауына байланысты келесіні түсіндіреді.

01.01.2016 жылы қолданысқа енген Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабы 5 тармағының екінші бөлігіне сәйкес, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілерге (екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің) қатысты, уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 37 бабы 1 тармағына сәйкес, нормативтiк құқықтық актiнiң күшi оны күшiне енгiзгенге дейiн пайда болған қатынастарға қолданылмайды.

Жоғарыда мазмұндалғанның негізінде, 2015 жылы пайда болған мемлекеттік сатып алу шартын жасаудан жалтарған немесе қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайдағы құқықтық қатынастар жөнінде тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таңу бойынша сот органдарына жүгінулері қажет.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!

Жаңалықтар  06.01.2016

Қол қоюға арналған бағдарлама нұсқасы жаңартылғанын хабарлаймыз, жаңартылуда ұйымның ішкі желілерін қорғау үшін прокси-серверлерде пайдалану кезінде файлдарға қол қоюмен байланысты қателік түзетілген.

Қателіктерді жою үшін, бағдарламаның жаңартылған нұсқасын жүктеңіз және тіркеу бойынша пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес орнатыңыз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  05.01.2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11.12 №694 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілгенін хабарлаймыз.

Сонымен қатар, осы Ереже 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. Ережемен танысу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіздер.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!

Жаңалықтар  05.01.2016

Осымен «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай оператор бола отырып Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015.11.12 №648 бұйрығымен бекітілген 2016 жылғы жаңа Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес веб-портал тұғырының жаңа нұсқасы мына сілтеме бойынша қолжетімді екенін хабарлайды.

Ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарын қамтамасыз ету мақсатында барлық пайдаланушылар өз есептік деректерінде қайта тіркелуді жүргізу қажет екенін хабарлаймыз. Сонымен қатар, веб-порталдың бұрынғы тұғырында олар бойынша сатыпалуды веб-порталдың ескі тұғырында аяқтау қажет - 2015 жылы жарияланған 2016 жылғы қайта және өтпеді деп танылған сатып алуды қоспағанда сатып алу туралы хабарландыруларды жариялау функционалы жабық.

Жұмысты жалғастыру үшін :

1. қол қоюға арналған бағдарламаны және Ұлттық Куәландырушы Орталығының негізгі куәліктерін орнату қажет;

2. егжей-тегжейлі ақпаратты алу үшін Тіркелу бойынша пайдаланушының нұсқаулығымен,Тапсырыс берушінің нұсқаулығыменҰйымдастырушының нұсқаулығымен және Өнім берушінің нұсқауылығымен танысуды өтінеміз

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  30.12.2015

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №648 11.12.2015 жылы бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Әділет министрлігінің №12590 28.12.2015 жылы бекітілгенін хабарлаймыз.

Сонымен қатар, осы Ереже 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 5-бөлімнің 16 параграфын, сондай-ақ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 424 және 426 тармақтарды қоспағанда ресми жариялауға жатады.

Ережемен танысу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

Толығырақ

«МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

Жаңалықтар  15.12.2015

Құрметті пайдаланушылар!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2015 жылғы 4 желтоқсанда «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының № 434-V Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойғандығы туралы хабарлаймыз.

Бұл ретте мыналарды:

1) 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 31-бапты;

2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 43-баптың 26-тармағын қоспағанда,52-баптың 1-тармағына сәйкес осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңмен (өзгерістермен және толықтырулармен бірге) танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

Толығырақ

ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНА ТРАНСФЕРТТЕР ЕСЕБІНЕН САТЫП АЛУ ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСТЫ!

Жаңалықтар  08.12.2015

Құрметті пайдаланушылар!

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2015 жылғы 08 желтоқсаннан бастап «жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер есебінен» сатып алу жүргізу функционалы қол жетімді екендігін хабарлаймыз.

Бұл үшін мемлекеттік мекемелер жылдық жоспардың тармағын құру кезеңінде «Қаржыландыру көзі» алабында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес шығыстарды көрсетпеу мүмкіндігі ұсынылған.

Егжей-тегжейлі ақпаратты алу үшін «Конкурс және аукцион» модуліндегі жоспарлау бойынша пайдаланушының нұсқаулығымен және «Баға ұсыныстары» модуліндегі жоспарлау бойынша пайдаланушының нұсқаулығымен танысуды өтінеміз.

Толығырақ