Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Хабарламалар  11.03.2016

2016 жылғы 2 наурызда www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі – Портал) түрлендірілген жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде ескертулер және түсініктемелерге сауалдар болмаған жағдайда талқылау хаттамасын автоматты түрде жариялау жөнінде функционал енгізілген болатын. Осыған байланысты, олар бойынша талқылау хаттамалары автоматты түрде қалыптастырылған, бірақ өтінімдер қабылдау басталғанда мәртебесі «Жарияланды» дегеннен «Жарияланды (өтінімдер қабылдау)» дегенге өзгермеген сатып алуларда өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімдерін 15 күнтізбелік күнге ұзарту жөнінде рәсім жүргізілген болатын. Өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімдерін ұзарту өнім берушілердің өтінімдер беруді жүзеге асыруы үшін жүргізілді.

Осы сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  11.03.2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен 2016 жылы шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі туралы ақпаратты ұсынады.

Ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  10.03.2016

2016 жылғы 3 наурыздан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталында Анықтама – Сатып алу 2016 бойынша түсініктемелер бөлімінде 2016 жылғы мемлекеттік сатып алу саласында жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар орналастырылғандығын сіздерге хабарлаймыз.


Толығырақ

УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ ӘЛЕУЕТТІ ӨНІМ БЕРУШІНІ БОРЫШКЕРЛЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ТІЗІЛІМІНЕ ЕНГІЗУІН ТЕКСЕРУ.

Жаңалықтар  09.03.2016

Құрметті конкурстық және аукциондық комиссиялардың мүшелері!

ҚР Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – АІЖО ААЖ) дайын болмау себебі бойынша борышкерлер жөнінде мәліметтер ұсынуда күні бүгінге дейін «Электрондық мемлекеттік сатып алу» АИАЖ ақпараттық өзара іс-қимыл жасаудың жоқ екендігін хабарлаймыз.

Осыған байланысты конкурстық және аукциондық комиссия мүшелері уәкілетті органның әлеуетті өнім берушіні Қазақстан Республикасының Бірыңғай тізіліміне ҚР Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында борышкерлерді АІЖО ААЖ енгізуін тексеруді жүзеге асыруы қажет. Бұл үшін http://www.adilet.gov.kz/ru/kisa/erd сілтемесі бойынша өту және тиісті әлеуетті өнім берушінің БСН не ЖСН енгізу қажет.

Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСПЕН КӨЗДЕЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ.

Жаңалықтар  09.03.2016

Құрметті мемлекеттік сатып алу порталын пайдаланушылар!

2016 жылғы 14 наурыздан бастап www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі – Веб-портал) түрлендірілген жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде Веб-портал арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу тәсілімен хабарландыруларды жариялау және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер беруі жөніндегі функционалдың қол жетімді болатындығын хабарлаймыз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  02.03.2016

2016 жылғы 29 ақпанда www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі – Портал) түрлендірілген жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде 3 күн ішінде өнім беруші тарапынан растау болмаған кезде өнім берушінің деректерін порталдың автоматты түрде растауы бойынша функционалдылық енгізілген болатын. Яғни, егер өнім беруші шартты келіспеген болса, онда шарт келісуге жіберілген уақыттан бастап 3 жұмыс күнінен кейін жүйе тіркеу деректерінен мәндерді автоматты түрде алады:

- банк деректемелері;

- заңды мекенжайы;

- қол қою құқығы бар басшының ТАӘ (осындай өкілеттігі бар қызметкер болмаған кезде БСАЖ-дан алынған «Басшының деректері» бөлімінен басшының ТАӘ көрсетіледі);

- байланыс жасау телефондары.

Бұл ретте шарттың мәртебесі «Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді» дегенге өзгеруі тиіс, «Келісу» қойындысында жүйе порталдың деректерді растауын белгілеуі тиіс. Тапсырыс берушіге шартты қалыптастыру және қол қою әрекеті қол жетімді.

Толығырақ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚҰРМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР!

Жаңалықтар  26.02.2016

Шарттың мәтініне тармақтар қосу/алып тастау сатып алуды жариялау сатысында шарт жобасын қалыптастыру кезінде ғана мүмкін болады!

Егер Ұйымдастырушы сатып алуды шарт жобасында нақты анықталған талаптармен жариялаған болса және өнім беруші шарт жобасында анықталған талаптармен келіскен болса, онда шарт жасасу кезінде жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың мазмұнын өзгертуге әкеліп соқтыратын өзгерістерді шартқа енгізуге жол берілмейді.

Шартты жасасу кезінде шарт жобасына байланыс жасау деректері және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» ММ тұлғасындағы Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес рұқсат етілген алаптар бөлігінде өзгерістер енгізіледі, атап айтқанда: қол қоятын тұлға туралы деректер, тараптардың деректемелері, төлем шарттары, кепілдік мерзімі, қамтамасыз ету жарнасын енгізуге арналған шот.

Осыған байланысты шарт жасасу сатысында сомаларды анықтау, ішінара төлем жасау және т.б. бөлігінде тармақтар қосу мүмкін емес, демек шарттағы ерекше талаптарды, мысалы ай сайынғы төлем сомасын, егер осы сомалар сатып алу қорытындысына байланысты болса, белгілеу үшін алдын ала сатып алуды жариялау кезінде төлемдер мен жарналарға арналған есеп айырысуларды сипаттайтын тармақтарды енгізу қажет. Егер осы сомалар сатып алу қорытындысына байланысты болмаса, онда оларды хабарландыру шартының жобасында көрсету қажет. Шарт жасасу кезінде көрсетілген цифрлар редакцияланбайтындығын ескерген жөн.

Аванс төлеу және шарттың қамтамасыз етуін енгізу бөлігінде талаптарды көрсетуге үзілді-кесілді тыйым салынады, себебі үлгі шарттың осы мәтіні Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 19, 20, 21-қосымшаларындағы үлгі шаблондармен қатаң регламенттелген және өнім берушінің әрекеттеріне (аванстан бас тарту) байланысты өзгеруі мүмкін.

Толығырақ

«ТАУАР БИРЖАЛАРЫ АРҚЫЛЫ» ТӘСІЛІМЕН ҚАҒАЗ ТҮРІНДЕ ШАРТ ҚҰРУДЫҢ ЖАҢА ФУНКЦИОНАЛДЫЛЫҒЫ ҚОЛ ЖЕТІМДІ

Жаңалықтар  19.02.2016

     2016 жылғы 12 ақпанда www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі – Портал) түрлендірілген жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы 39-бабының 3-тармағына  сәйкес 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) тармақшалар бойынша тікелей шарт жасасу әдісімен бір көзден алу тәсілімен және «Тауар биржалары арқылы» тәсілімен қағаз нысанда шарт құру мүмкіндігі пайдалануға енгізілген болатын.

Шартты «қағазда» жасасу үшін тікелей шарт жасасу әдісімен бір көзден алу жоспарының тармағын құрған кезде ол бойынша шарт Портал арқылы жасалмайтын 39-бап бойынша негіздемені таңдау және шарт жасалған кезде 39-баптың ескертулері бойынша тармақтарды ғана таңдау қажет, сонда автоматты түрде қағаз түріндегі шарт жасалатын болады.

2016 жылғы наурыздың бірінші онкүндігінде Порталда «Сатып алу 2016» модулінде Қазақстан Республикасында салық төлеушілер ретінде тіркелмеген, Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен қағаз нысанында жасап, шарт құру жөніндегі функционал іске асырылатындығын, сондай-ақ ақпанның аяғына дейін төлемдер енгізу және шарттарды орындау жөніндегі функционал толық пысықталатындығын қосымша хабарлаймыз.

Көптарапты шарт жасасу үшін «Тапсырыс беруші және өнім беруші» деген қойындыда үшінші қол қоятын тараптың ЖСН/БСН таңдау қажет. Осы тараптар шартқа қол қоюы қажет, бірақ олар шартты келісуге қатыспайды.

Толығырақ

ВЕБ-ПОРТАЛ АРҚЫЛЫ «2016 САТЫП АЛУ» МОДУЛІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖОСЫҚСЫЗ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЗІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ

Жаңалықтар  17.02.2016

Құрметті мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушілері!

2016 жылғы сатып алу туралы және шарттарды жүргізу туралы деректер бойынша веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімін жүргізуді «2016 Сатып алу» модулінде жүзеге асыру қажет, 2015 жылғыны «Конкурс және Аукцион» модулінде жүзеге асыру қажет екенін хабарлаймыз.

2016 жылғы тапсырыс берушінің нұсқаулығы - Жосықсыз қатысушылардың тізілімін жүргізу.

2015 жылғы тапсырыс берушінің нұсқаулығы – МС веб-порталы арқылы ММ жосықсыз қатысушыларының бірыңғай республикалық тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық.

Толығырақ