Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  13.04.2016

13 сәуірде Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі - ББТ) қосуға әлеуетті өнім берушілерді тексеру функционалы іске қосылған. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 6 б. 1 т. 8 тт. сәйкес: әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган оларды Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізеді. ББТ қосуға тексерістер өнім берушінің өтінімді (баға ұсынысын) беру, конкурста қорытындылар хаттамасын, алдын ала рұқсат хаттамасын және аукционда рұқсат хаттамасын қалыптастыру кезеңінде жүзеге асырылады. ББТ тұрған өнім берушілерден жүйе автоматты бас тартады.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  08.04.2016

Мемлекеттік сатып алу веб-порталының «Анықтама – Нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 93 бұйрығының көшірмесі орналастырылғанын хабарлаймыз.

Көрсетілген түзетулер бойынша салыстырмалы кесте келесі сілтемедекөрсетілген.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ WWW.GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!

Жаңалықтар  07.04.2016

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 13 бабының 5 тармағына сәйкес жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар тізбесінде тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келетін тауарлар болған жағдайда, тапсырыс беруші ең алдымен осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте көлік шығыстары, оның ішінде тауарды тиеуге-түсіруге байланысты шығыстар тапсырыс берушінің есебінен жүзеге асырылады.

Жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесін мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган қалыптастырады және осы сілтеме бойынша танысуға болады.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ WWW.GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!

Жаңалықтар  06.04.2016

2016 жылғы 05 сәуірде www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі - Портал) түрлендірілген жүйесіндегі «2016 Сатып алу» модулінде мынадай функционалдылық енгізілді:

1. Өтті деп танылған сатып алу бойынша шарт жасасуды тоқтату және (немесе) бастапқы, қайталанатын сатып алуды құруды немесе «Ашық конкурс», «Аукцион», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты сатып алу» тәсілдерімен өтпеді деп танылған сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды құруды тоқтату бойынша. Осы функционал «Тексеретін органдардың қызметкері» рөлімен пайдаланушылар үшін қолжетімді. Функционалмен жұмыс істеудің егжей-тегжейлі сипаттамасы Тапсырыс берушінің және Ұйымдастырушының нұсқаулығында келтірілген.

2. Өнім берушілердің өтініштерін (шағымдарын) қарау нәтижелері бойынша қорытындылардан бас тарту туралы және (немесе) шағымдарды қанағаттандырудан бас тарту туралы және (немесе) конкурстық/аукциондық комиссия мүшелеріне қорытындыларды қайта қарауға жіберу туралы шешімді қабылдау. Осы функционал «Тексеретін органдардың қызметкері» рөлімен пайдаланушылар үшін қолжетімді. Функционалмен жұмыс істеудің егжей-тегжейлі сипаттамасы Тапсырыс берушінің және Ұйымдастырушының нұсқаулығында келтірілген.

3. Тексеретін органдардың қызметкерлері қорытындыларды қайта қарауға жіберу туралы шешімді қабылдағаннан кейін «Қорытындыларды қайта қарау» функционалы өтінімдерді қайта қарау үшін конкурстық/аукциондық комиссия мүшелеріне қолжетімді болады. Функционалмен жұмыс істеудің егжей-тегжейлі сипаттамасы Ұйымдастырушының нұсқаулығында келтірілген.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ WWW.GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!

Жаңалықтар  01.04.2016

www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі - портал) жаңа тұғырында 29 наурызда «Шарттар» модулінің мынадай функционалдылығы жаңартылды:

Шартты жасаған кездегі «Ашық конкурс», «Аукцион», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс» тәсілімен сатып алудың қорытындылары бойынша – қорытындыларды жариялау күні және ағымдағы уақыт арасындағы айырма 5 жұмыс күнінен аз болса, жоспар тармақтары бейнеленеді, бірақ таңдау үшін қолжетімсіз.

Шартты жасаған кезде жоспар тармақтарын таңдау нысанында мынадай ақпарат хабары шығарылады:

«Лоттарға, қорытындыларды шығару күнінен бастап 5 жұмыс күні өтпеген қорытындыларға шағым жасалына алады, сонымен байланысты олар бойынша шарт жасау үшін қол жеткізу қорытындыларды шығару күнінен бастап 5 жұмыс күнінен кейін, немесе шағым жасау рәсімі аяқталғаннан кейін ғана ұсынылатын болады».

Осы функционалдылық «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 47 бабы 2 т. сәйкес іске асырылды.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ WWW.GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!

Жаңалықтар  30.03.2016

www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі - портал) жаңа тұғырында «Шарттар» модулінің мынадай функционалдылығы жаңартылды:

15-17 наурызда мынадай жаңартулар ауыстырылды:

1. Шартты жасаған кездегі жоспар тармақтарын таңдағанда, «Шарт нысандары» қойындысында, шарттың 1-қосымшасында «Қос.сипаттама» алабын бейнелеу қосылды.

2. Өнім берушінің шарт жоспары жасырылды. Егер шартты Тапсырыс беруші растаса ғана, өнім берушіге қарау үшін шарт қолжетімді.

17 наурызда егер өнім беруші 3 күннің ішінде растамаса, өнім берушінің деректерін автоматты түрде жүйенің растауы жөніндегі қателіктер түзетілді. 29 наурызда шарттың мәртебесі «Өнім берушіге келісуге жіберілді» болған, ол бойынша өнім берушіден 3 жұмыс күні ішінде растау алынбаған, келісуге шарттарды жіберу күндері жаңартылды. Өнім берушінің деректерін автоматты түрде жүйенің растауы функционалдылығын Порталдың іске қосуына дейін осы шарттар келісуге жіберілді. Қызметті автоматты іске қосқаннан кейін 2016.30.03 00-00 шартты қалыптастыру мүмкіндігі үшін шарттардың мәртебелері «Тапсырыс берушіге келісуге жіберілді» болып автоматты ауыстырылды.

28 наурызда мынадай жаңартулар жүктелді:

1. Қосымша келісімдегі сома азайған кезде шарттың жалпы сомасын автоматты қайта есептеу.

2. «Шарт және келісу» қойындысында техникалық ерекшелікті, сондай-ақ жүйенің талабы қол қоятын тараптардың техникалық ерекшелікке міндетті түрде қол қоюын бейнелеу.

3. Егер шартқа қол қойғаннан кейін ЖҚТ өнім беруші енгізілсе, шарттағы әрекеттерді орындау мүмкіндігі (шартты тоқтату және орындау жөніндегі әрекеттер, МС туралы есепті қоса жалғау Тапсырыс берушіге қолжетімді).

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  18.03.2016

Осымен «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) 2016 жылғы 14 наурыздан бастап сол арқылы Қазынашылық комитетінің ақпараттық жүйесінен Мемлекеттік кірістер комитетінің «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ОБДШ АЖ) салық төлемдерінің деректерін беру жүргізілетін «е-Қаржымині» ИААЖ «Интеграциялық шина» кіші жүйесінде техникалық іркілістің тіркелгендігін хабарлайды, яғни салық төлемдері өнім берушілер орындаған міндеттемелерді ескере отырып уақтылы өзектендірілмейді.

Осылайша, конкурстарға және аукциондарға қатысатын әлеуетті өнім берушілердің ОБДШ АЖ-дан салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – Мәліметтер) алған кезде 2016ж.14.03 бастап ағымдағы күнді қоса алғандағы кезеңде өнім берушінің салық міндеттемелері іс жүзінде төленгендігімен, берешектің бар екендігі туралы Мәліметтер алу қаупі туындайды.

Әлеуетті өнім берушілердің іс жүзінде салық міндеттемелерін төлегендігіне қарамастан салық берешегі бар екендігі туралы Мәліметтер алу фактілері анықталған жағдайда, әлеуетті өнім беруші қатысатын сатып алу өтінімдерін қабылдауды аяқтау мерзімдерін «е-Қаржымині» ИААЖ жобасының «Интеграциялық шина» кіші жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі толық қалпына келтірілгенге дейін ұзарту мақсатында, Орталық экраннан алынған растайтын суреттерді ұсына отырып, egz_ue@ecc.kz электрондық почтасы бойынша сауал жолдауды сұрайды.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Хабарламалар  16.03.2016

Өнім берушінің шарттардағы деректерін автоматты түрде растау жөніндегі функционалдың техникалық олқылықтарына байланысты 2016 жылғы 15 наурыздағы сағат 20:00 бастап 2016 жылғы 16 наурыздағы сағат 10:00 дейінгі кезеңде «Сатып алу 2016» модулінде жоғарыда көрсетілген кезеңде келісу және қол қою сатысынан өтіп жатқан шарттардың мәртебелері «Шарт жобасы» мәртебесіне ауыстырылған. Тапсырыс берушілер шарттарды келісу рәсімін қайта жүргізуі қажет.

Ақпаратты қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Жаңалықтар  14.03.2016

2016 жылғы 11 наурызда www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – Портал) жаңа тұғырнамада «Шарттар» модулінің мынадай функционалдылығы жаңартылды:

- Тапсырыс берушінің «Төлем туралы ақпарат» қойындысында төлемдер сомасын енгізуі, төлемдердің сомаларын нысандар бойынша бөлу, шарт нысандарын және бүкіл шартты орындау. Бұл ретте Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер/жеткізілген тауарлардың қол қойылған актісі бар болса, онда төлемді енгізу кезінде бар актіні таңдауға болатындығын атап өтеміз (егер қол қойылған актілер болмаған жағдайда, алап таңдау үшін міндетті емес). Төлемді енгізгеннен кейін сомаларды шарт нысандары бойынша бөлу қажет және нысан бойынша барлық сома толтырылғаннан кейін бүкіл шарттың орындалуы мүмкін болады.

Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСПЕН КӨЗДЕЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ.

Жаңалықтар  14.03.2016

Құрметті мемлекеттік сатып алу порталын пайдаланушылар!

2016 жылғы 14 наурызда сағат 15.00 бастап www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының (бұдан әрі – Веб-портал) түрлендірілген жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу тәсілімен хабарландыруларды жариялау және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер беруі жөніндегі функционалдың қол жетімді болатындығын сіздерге хабарлаймыз.


Толығырақ