ҚҰРМЕТТІ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР ЖӘНЕ ӨНІМ БЕРУШІЛЕР!
Жаңалықтар 15.07.2016
Сіздерден Қатысушы бейініндегі банк шоттарын тексерулеріңізді сұраймыз.
Қазақстандық шот бос орын немесе басқа белгілер жоқ цифрлар мен латын символдарын қамтитын 20 символдан тұруы тиіс. Жоғарыда көрсетілген талаптар сақталмаған шоттары бар шарттарды Қазынашылықта тіркеген кезде шартқа қайта қол қоюды және оны тіркеуді талап ететін қателер туындайтын болады.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!
Жаңалықтар 12.07.2016
Бұдан бұрын азаматтық-құқықтың мәмілені (АҚМ) тіркеуге арналған электрондық шарттардың деректерін беру бойынша Электрондық мемлекеттік сатып алу порталын «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - АЖ) интеграциялау функционалдылығының іске қосылуы туралы хабарланған болатын.
1) Көрсетілген функционалдылықты іске қосуға дейін Қазынашылық органдарында тіркелген шарттардың бөлігі бар екенін қосымша хабарлаймыз. 2016 жылғы 12 шілдеде Порталда Қазынашылық органдарында 2016 жылғы 30 маусымнан кешікпей тіркелген, Портал арқылы тіркеуге сауал әлі жіберілмеген шарттар үшін «Тіркеуге жіберуге дайын» мәртебесінде шартты тіркеу туралы деректерді қолмен толтыру үшін мүмкіндік іске асырылғанын хабарлаймыз.
Ағымдағы кезде «Тіркеуге жіберуге дайын» мәртебесімен осындай шарттарда «Қазынашылық» қойындысында «Шарт Қазынашылықта тіркелген» (тіркеу туралы деректерді толтыру) бастырмасы қолжетімді. Осы бастырмаға басқан кезде ашылған терезеде Тапсырыс берушіге қолмен:
- өтінімнің нөмірін;
- өтінім күнін;
- хабарлама нөмірін;
- хабарлама күнін толтыру қажет.
Мәндерді сақтағаннан кейін Портал арқылы жасалмаған шарттар үшін шарттың мәртебесі «Қолданыста» болып ауысады.
2) Қосымша келісімді құрған кездегі тіркеуге арналған өтінімнің сомасы кассалық шығындарды алып тастаған соманы, яғни нақты төлемдерді қамтитынына назар аударамыз. Ерекшелік ББС кодтарын өзгертуге арналған қосымша келісімдерде болады, яғни егер бағдарламаның, кіші бағдарламаның немесе ерекшеліктің бір мәні өзгерсе, онда тіркеуге арналған өтінімде, негізгі шартта немесе алдыңғы қосымша келісімде сияқты барлық сома қамтылады.
3) Сондай-ақ «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрыққа сәйкес Қазынашылық органдарында 000151, 000169 ерекшеліктермен шарттар тіркелмейтінін атап айтамыз.
4) АҚМ тіркеуге арналған өтінімді пысықтау бөлігінде «Қазынашылық-Клиент» АЖ-да бухгалтер жұмысы жөніндегі нұсқаулық Қазынашылық комиететі сайтының «Ақпараттық жүйелер» - «Пайдаланушының нұсқаулығы - ММ үшін АҚМ тіркеуге арналған өтінім 7.0 нұсқа» бөлімінде орналастырылған (http://www.kazyna.gov.kz/index.php/ru/component/users/?view=login&return=aHR0cDovL3d3dy5rYXp5bmEuZ292Lmt6L2luZGV4LnBocC9ydS9pbmZvcm1hdHNpb25ueWUtc2lzdGVteS9ydWtvdm9kc3R2by1wb2x6b3ZhdGVseWE=)
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!
Жаңалықтар 01.07.2016
Сізге 2016 жылғы 1 шілдеде www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының түрлендірілген жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде «Мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республика Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 91 бұйрығына сәйкес ықтимал өнім берушілердің Білікті өнім берушілер тізіліміне енгізуге арналған өтінімдерді Веб-портал арқылы ұсынуы жөніндегі функционал қол жетімді екендігін хабарлаймыз.
Іріктеуге қатысу үшін әлеуетті өнім берушілер өтінім беруге арналған
құжаттарға қатысты түсініктемелермен танысуы қажет.
ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!
Жаңалықтар 30.06.2016Бүгін, 30 маусымда 15-00 сағатта электрондық шарттардың деректерін Қазынашылық жүйесіне тіркеуге беру жөніндегі функционалдылық іске қосылды. Мемлекеттік мекеме болып табылатын ұйымдардың шарттары «Қазынашылық» қойындысында өтінім құру арқылы тіркеуге автоматты түрде жіберілетін болады. Өтінім сәтті өңделуі немесе Қазынашылық жүйесі оны тіркеуден бас тартуы мүмкін, бұл ретте өтінімді өңдеу мәртебелері автоматты түрде жаңартылады. Егжей-тегжейлі Тапсырыс берушінің нұсқаулығын қараңыз (ұсынылатын бөлімдер: 2.9. Шартты Қазынашылықта тіркеу, 2.20.4. Қосымша келісімдердің мәтіндерін редакциялау, 2.17.2. Шарт бойынша төлемдерді қосу және нақты төлемді нысандар, ерекшеліктер және жеткізу орындары бойынша бөлу)
ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!
Жаңалықтар 26.05.2016
2016 жылғы 23 мамырда «Сатып алу 2016» модулінде электрондық банк кепілдіктерін (өтінімді қамтамасыз ету және шартты қамтамасыз ету) шығару жөніндегі нұсқаулық пысықталды, осыған байланысты мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушылар электрондық банк кепілдіктерімен жұмыс істеу жөніндегі техникалық мүмкіндікке ие. Банк нұсқаулығымен «Сатып алу 2016» модулінде «Анықтама» бөлімінде танысуға болады.
ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 26.05.2016
«Электрондық коммерция орталығы» ЖШС мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай оператор болып табылады және «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесіне техникалық сүйемелдеу және әкімшілендіру көрсететінін хабарлаймыз, Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істеген кезде қате енгізілген деректерді түзетуге байланысты барлық жағдайлар бойынша «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС мекенжайына емес, «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінің иесі – «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» ММ ресми жазбаша сауал жіберуді сұраймыз.
ҚҰРМЕТТІ GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!
Жаңалықтар 24.05.2016
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 44-бабы 1- тармағына сәйкес, егер жеңімпаз деп танылған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 416-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен шарт жасасудан жалтарған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы шартты қамтуы тиiс. Бұл ретте тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартты бұзуға ниеттілігі туралы хабарлама жібереді. Егер өнім беруші веб-портал арқылы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші шартты бұзу туралы хабарлама жібереді. Жоғарыда баяндалғанға байланысты, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартты бұзуға ниеттілігі туралы хабарлама жіберуге міндетті екеніне назар аударуыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларының» (бұдан әрі – Қағида) 25-тарамғына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған әлеуетті өнім беруші осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның веб-портал арқылы қабылдаған шешімімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізіледі.
Қағидалардың 24-тарамғына сәйкес, заңнамаға сәйкес уәкілетті органға ұсынған мәліметтердің дұрыстығы үшін тапсырыс беруші жауапты болады. Тапсырыс берушінің ұсынған мәліметтерін қарау кезінде уәкілетті орган оның толтырылуының толықтығы мен дұрыстығын тексеруде форматты-логикалық бақылауды жүзеге асырады.
Осыған орай, тапсырыс берушілер веб-портал арқылы уәкілетті органға әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер туралы мәлімет берген кезде шартты бұзуға ниеттілігі туралы және шартты бұзу туралы хабарламаның көшірмелерін қоса берулерін сұраймыз.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!
Жаңалықтар 03.05.2016
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті осы хатпен келесіні хабарлайды. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V жаңа Заңы (Бұдан әрі –Заң) қолданылуда.
Заңның 12 - бабының 4 - тармағына сәйкес Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі (Бұдан әрі – ЖҚТ):
1) тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзған, орындалуы барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіндігі немесе өзінің осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені, соның нәтижелері бойынша осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік бергені анықталған өнім берушілердің;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілердің (екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің);
3) өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.
Заңның 12 - бабының 5 - тармағының екінші абзацына сәйкес Заңның 12 бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты 2016 жылғы 15 наурыздағы № 6001-16-3-1-6/28 хатымен (хаттың көшірмесі қоса берілді) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі келесідей хабарлағандығын атап өтеміз.
Шарт жасаудан жалтару негізі бойынша жосықсыз қатусышылар деп таңу туралы талап арыздары жаңа Заң қабалданғанға дейін бұзышылық орын алған жағдайда ғана сотпен қаралуы мүмкін.
Егер бұзушылық Заң қолданысқа енгеннен кейін орын алса, бұл мәселенің шешімі уәкілетті органның құзыретіне жатады. Жоғарыда мазмұндалғанның негізінде ЖҚТ-не енгізу үшін, уәкілетті органның (ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу комитеті - БСН 140540018167) мекен-жайына растайтын құжаттарды, талап арызды қараудан бас тарту туралы сот ұйғарымын, сонымен қоса қосымшаға сәйкес нысанда (қосымша қоса берілді) өнім беруші туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жолдау қажет.
ТолығырақҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ» ММ
Жаңалықтар 22.04.2016ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті төрағасының 2016 жылғы 12 ақпандағы №9 бұйрығымен бекітілген камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесі бойынша ақпаратты ұсынады.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ GOSZAKUP.GOV.KZ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!
Жаңалықтар 13.04.2016Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен 2016 жылы шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары тізбесімен, Сіз мына сілтеме бойынша таныса алатыныңызды хабарлаймыз.
Толығырақ