ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 03.11.2016
2016 жылғы 2 қарашада www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының жаңғыртылған жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде шарттың орындалуын қайтарып алу функционалы іске қосылғандығын хабарлаймыз. Шарттың орындалуын қайтарып алған кезде жүйе шарттың мәртебесін «Қолданыста» дегенге автоматты түрде жаңартады, шарт бойынша жоспар тармақтары мәртебесін «Шарт қолданыста» дегенге өзгертеді.
Анағұрлым толық ақпарат алу үшін Тапсырыс берушінің нұсқаулығымен танысуды сұраймыз.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУҒА ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР
Жаңалықтар 28.10.2016
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес: Тапсырыс беруші тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлеуге және бекітуге құқылы. Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге дейін қолданылады, 2016 жылғы 31 қазаннан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2017 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын орналастыру функционалы қол жетімді болатындығын хабарлаймыз.
Сондай-ақ тиісті бюджетпен (даму жоспарымен) бекітілген (нақтыланған) 2017 жылға арналған жылдық жоспарды орналастыру 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қол жетімді болатындығын хабарлаймыз.
«Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС иесі болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының (бұдан әрі – анықтамалық) 30-таңбалы кодтау пайдаланылатын, анықтамалықтағы тауарларды дәл сәйкестендіру және салыстырып тексеру мүмкіндігін барынша кеңейтетін жаңа құрылымға көшкендігіне назар аударамыз. Осы орайда 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС-тың ЭМС АИАЖ-да пайдаланылатын анықтамалықты қолдауды тоқтататындығын, келесі жылға арналған сатып алуды жоспарлау анықтамалықтың 30-таңбалы нұсқасының негізінде жүзеге асырылатындығын хабарлаймыз.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 21.10.2016
www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының «2016 сатып алу» модулінде «Мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 91 бұйрығына сәйкес Веб-портал арқылы білікті өнім берушілердің тізіліміне қосуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін беру бойынша функционал қолжетімді.
"Жұмыс кабинеті" - "Хабарландыруларды іздеу(БӘӨТ)" бөлімінде хабарландыруды көре аласыз.
Әлеуетті өнім берушілерге іріктеуге қатысу үшін өтінімді беру үшін құжаттарға қатысты түсінік берулермен танысу қажет.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 21.10.2016
Қазакстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «МТҚ» РМК-мен бірлесіп Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының (бұдан әрі- ҚР ҰКО) және Қазақстан Республикасы негізгі куәландырушы орталығының (бұдан әрі- ҚР НКО) негізгі сертификаттарын Google Chrome, Mozilla, Internet Explorer және т.б. браузерлерге қосу мақсатында ҚР ҰКО және ҚР НКО халықаралық Web Trust стандартының талаптарына сәйкестікке сертификаттау аудитінен өткізу жұмыстарын жүргізуде. Бұл көрсетілген браузерлердің ҚР ҰКО берген SSL сертификаттарын пайдаланатын веб-сервистерге деген сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. WebTrust талаптарына сәйкестікке сертификаттаудан өткен куәландырушы орталықтары әлемдік деңгейде тексерілген және сенімді мәртебесіне ие болады.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, дауыс беру парағына өтіп, ҚР ҰКО және ҚР НКО негізгі сертификатын танымал браузерлерге қосу жөнінде өз пікіріңізді білдіруді сұраймыз. Осы дауыс беру ҚР ҰКО және ҚР НКО негізгі сертификаттарын аталған браузерлерге қосу процедурасына ықпал етеді.
Сілтеме арқылы өтіп, дауыс беруге қатысуыңызды сұраймыз.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 18.10.2016
Сіздерге 2016 жылғы 19 қазаннан бастап www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталының модификацияланған жүйесінде «Сатып алу 2016» модулінде Тапсырыс берушінің талап ету құқықтарын беру, атап айтқанда қайта ұйымдастырумен және құқықтарды филиалдарға берумен байланысты жоспардың тармақтарын және шарттарды беру жөніндегі функционал іске қосылатындығын хабарлаймыз.
Анағұрлым егжей-тегжейлі ақпарат үшін Тапсырыс берушінің нұсқаулығымен танысуды сұраймыз.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 28.09.2016
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 13-бабы 5 тармағына сәйкес жаңарту және броннан алып тастау тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесімен мына сілтеме бойынша өтіп танысуға болатынын хабарлаймыз.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 21.09.2016«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 13-бабы 5 тармағына сәйкес жаңарту және броннан алып тастау тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесімен мына сілтеме бойынша өтіп танысуға болатынын хабарлаймыз.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 21.09.2016«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 13-бабы 5 тармағына сәйкес жаңарту және броннан алып тастау тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесімен мына сілтеме бойынша өтіп танысуға болатынын хабарлаймыз.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Хабарламалар 02.09.2016
Провайдер тарапынан техникалық олқылықтарға байланысты 2016 ж.01.09. бастап мынадай сервистер уақытша қол жетемді болмайды:
- Салық берешегі туралы мәліметтер алу;
- Лицензиялар және рұқсаттар туралы мәліметтер алу;
- Шарттарды Қазынашылықта тіркеу.
Сервистердің жұмысқа қабілеттілігі туралы ақпарат провайдер тарапындағы олқылықтар жойылғаннан кейін орналастырылатын болады.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Хабарламалар 01.09.2016
Провайдер тарапынан техникалық олқылықтарға байланысты Электрондық сатып алу порталы мен «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі арасындағы интеграциялау сервисі уақытша қол жетімді болмайды. Олқылықтарды жою туралы ақпарат кейінірек орналастырылатын болады.
Олқылықтар жойылғанға дейін Тапсырыс берушілер тіркеуге арналған өтінімді «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы жіберуі қажет. Осындай өтінімді жіберуден кейін шартты тіркеу туралы мәліметтерді «Қазынашылық» қойындысында «Шарт тіркеліп қойған (тіркеу туралы деректерді толтыру)» батырмасын басып толтыру қажет.
Толығырақ