ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Хабарламалар 08.02.2017
«Орталықтандырылған біріздендірілген жеке шоттар» АЖ-да жүйе іркілісі болғанын, соған байланысты ҚР Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтерді алумен байланысты проблемалар болуы мүмкін екенін хабарлаймыз.
Салық берешегі туралы мәліметтерді алумен байланысты проблемалар бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне жүгінулеріңізді сұраймыз.
Осыған байланысты Орталық әлеуетті өнім берушілерге сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді алдын-ала беруді ұсынады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРІ!
Жаңалықтар 27.01.2017Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының 2017 жылға арналған тізбесімен мынадай сілтеме бойынша өтіп танысуға болатындығын хабарлаймыз
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРІ!
Хабарламалар 24.01.2017
Мемлекеттік сатып алу веб-порталының өнімдік серверіндегі техникалық олқылықтарға байланысты «Электрондық сатып алу» модулі 2017 жылғы 24 қандарда 10:08 сағаттан бастап 11:10 сағатқа дейінгі кезеңде қол жетімді болмайды.
2017 жылғы 24 қантарда 10:08 сағаттан бастап 14:30 сағатқа дейінгі кезеңге тура келетін «Электрондық сатып алу» модулінің өтінімдерін қабылдауды аяқтау, сондай-ақ ашу, қорытындыларды жасау мерзімдері автоматты түрде 2017 жылғы 24 қантарда 17:00 сағатқа ауыстырылатындығын хабарлаймыз.
Ауыстырылатын сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРІ!
Жаңалықтар 20.01.2017
Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2017 жылға жылдық жоспарларды орналастыру үшін МС субъектілері болып табылмайтындарға арналған мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын импорттау үлгісі жаңартылды.
Жұмыс істеу алдында жылдық жоспар үлгісін толтыру нұсқаулығымен танысуды өтінеміз.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРІ!
Хабарламалар 20.01.2017
Мемлекеттік сатып алу веб-порталының өнімдік серверіндегі техникалық олқылықтарға байланысты «Электрондық сатып алу» модулі 2017 жылғы 20 қандарда 10:37 сағаттан бастап 11:37 сағатқа дейінгі кезеңде қол жетімді болмайды.
2017 жылғы 20 қантарда 10:37 сағаттан бастап 13:00 сағатқа дейінгі кезеңге тура келетін «Электрондық сатып алу» модулінің өтінімдерін қабылдауды аяқтау, сондай-ақ ашу, қорытындыларды жасау мерзімдері автоматты түрде 2017 жылғы 20 қантарда 17:00 сағатқа ауыстырылатындығын хабарлаймыз.
Ауыстырылатын сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 18.01.2017
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Анықтамалықты тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жаңа жайғасымдармен толықтыруға/өзгертуге арналған өтінімдерді www.enstru.kz сайты арқылы ұсыну бойынша жауапты тұлғалар белгілеген пайдаланушыларды 2017 жылғы 20 қаңтарға дейін тіркеу қажеттілігі туралы хабарлайды.
Анықтамалықты тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жаңа жайғасымдармен толықтыруға/өзгертуге арналған өтінімдерді бұдан әрі беру тәртібі www.enstru.kz сайтында тіркеуден өткен пайдаланушылар арқылы ғана жүргізілетіндігін атап өту қажет.
Сонымен бірге «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС осы пайдаланушыларды 2017 жылғы 25 қаңтарда 16-00 сағатта Анықтамалықтың жайғасымдарын өзгертуге өтінімдерді тіркеу және ұсыну тәртібі бойынша веб-семинар арқылы оқытуды жоспарлауда. Осыған байланысты Министрлік осы оқытуға мүдделі пайдаланушылардың кандидатураларын 2017 жылғы 23 қаңтарға дейінгі мерзімде B.Imangalieva@minfin.gov.kz электрондық мекенжайына жолдауды сұрайды.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 16.01.2017«Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысына өзгерістер енгізілгендігін Сіздің назарыңызға жеткіземіз (ҚРҮҚ құжаттарына және ҚРҮҚ қосымшаға сілтеме).
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Хабарламалар 16.01.2017
«Ақпараттық жүйелер дирекциясы – «Қазақтелеком» АҚ филиалы 2016 ж.17.01. Астана уақытымен 02:00 бастап 07:00 сағат аралығында «Қазақтелеком» АҚ желісінде байланысты 120 минутқа тоқтата отырып, техникалық жұмыстар жүргізілетіндігі туралы хабардар етеді.
Осыған байланысты Орталық әлеуетті өнім берушілерге аяқталу мерзімдері көрсетілген уақыт кезеңіне тура келетін сатып алуға қатысу туралы ақпаратты алдын ала жіберуді ұсынады.
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Хабарламалар 12.01.2017
«Қазақтелеком» АҚ тарапындағы техникалық олқылықтарға байланысты мемлекеттік сатып алу веб-порталы «Электрондық сатып алу», «Конкурс және Аукцион», «Баға ұсыныстары» модульдері және Сыртқы сайт 2017 жылғы 12 қаңтарда 6:48 сағаттан бастап 14:40 сағатқа дейінгі кезеңде қол жетімді болмайды.
2017 жылғы 12 қаңтарда 05:30 сағаттан бастап 19:00 сағатқа дейінгі кезеңге тура келетін «Электрондық сатып алу» модулінің өтінімдерін қабылдауды аяқтау, сондай-ақ ашу, қорытындыларды жасау рәсімдерінің мерзімдері автоматты түрде 2017 жылғы 13 қаңтарда 12:00 сағатқа ауыстырылады. Автоматты түрде ауыстырылатын сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Хабарламалар 10.01.2017
Техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты 2017 жылғы 11 қантар күні сағат 00:00-ден бастап 2017 жылғы 11 қантар күні сағат 01:00-ге дейінгі мерзімде Интернет желісінде Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының сервистері қолжетімсіз болуы мүмкін.
