Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  20.03.2025

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 14 наурыздағы № 121 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2025 жылғы 17 наурызда № 35827 болып тіркелді) Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 559 бұйрығымен бекітілді) өзгеріс енгізілді.
Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (zan.gov.kz).
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен осында танысуға болады.

Толығырақ

Құрметти пайданушылар!

Хабарламалар  19.03.2025

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті келесіні хабарлайды.    
2025 жылғы 19 наурыз сағат 21.00-ден 22.00-ға дейінгі кезеңде "Орталықтандырылған сәйкестендірілген дербес шоттар" ақпараттық жүйесінде (ОСДШ АЖ)  техникалық жұмыстар жүргізілетін болады.    
Осыған байланысты, жоғарыда аталған кезеңде  ОСДШ қызметтері қолжетімсіз болады.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  19.03.2025

Тапсырыс берушілердің Заңның 16-бабы 3-тармағының 1), 10), 26), 19), 25), 41) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Өнім берушілер 17.03.2025 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 16-бабы 3-тармағының 5), 20), 23), 27), 36)  тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Тапсырыс берушілер 17.03.2025 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Құрметти пайданушылар!

Хабарламалар  19.03.2025

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) қолдау көрсететін жобалардың цифрлық экожүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.

Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 20 наурыз сағат 23:00-ден 21 наурыз сағат 08:00-ге дейін жүргізіледі. Уақыт аралығы пайдаланушылардың ең аз белсенділігі ескеріле отырып таңдалды, бұл мүмкін болатын қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:

eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы («Цифрлық құжаттар» сервисін қоса алғанда);
e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;
«ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.




Осыған байланысты өнім берушілерге алдын-ала өтініш беру ұсынылады.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  17.03.2025

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 7 наурыздағы № 110 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2025 жылғы 11 наурызда № 35801 болып тіркелді) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 бұйрығына түзетулер енгізілді.
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен осында танысуға болады

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!

Хабарламалар  12.03.2025

1. 2025 жылғы 12 наурызында сағат 08:15:00-ден бастап сағат 11:00:00-ге дейінгі кезеңде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінде құжаттарды толтыру сәтіндегі қателікке байланысты, 2025 жылғы 12 наурызда сағат 08:15:00-ден бастап сағат 11:00:00-ге дейінгі кезеңге түсетін «Ашық конкурс», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтерін сатып алу жөніндегі конкурс», «Тендер», «Рейтингтік-балдық жүйені қолданумен конкурс», «Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу», «Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу (МС емес new)», «Баға ұсыныстарына сұрау салу», «Баға ұсыныстарына сұрау салу (МС емес new), «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу», «Аукцион»,  «Тұрғын үй сатып алу» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алулар» модулінің өтінімдерін қабылдау және толықтырудың аяқтау мерзімдері 2025 жылғы 12 наурызға сағат 20:00:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.

2. «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтерін сатып алу жөніндегі конкурс» сатып алу тәсілдері бойынша өтінімдерін қабылдау бастау мерзімі  2025 жылғы 12 наурызында сағат 08:15:00-ден бастап сағат 11:00:00-ге дейінгі кезеңге түсетін хабарландырулардың күні 2025 жылғы 13 наурызға ауыстырылды, бұл ретте өтінімдерді қабылдау уақыты өзгеріссіз қалды.

Мерзімдері ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.

Толығырақ

Құрметті пайдаланушылар!

Хабарламалар  07.03.2025

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 9 наурызда сағат 10:00-дан 13:00-ге дейінгі кезеңде «ҰАТ» АҚ тарапынан техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.
Осыған байланысты, көрсетілген уақытта Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері қолжетімсіз болады.
Сатып алуға қатысуға өтінімдерді алдын ала беруіңізді сұраймыз.

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  07.03.2025

Тапсырыс берушілердің Заңның 16-бабы 3-тармағының 1), 10), 26), 19), 25), 41) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Өнім берушілер 07.03.2025 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 16-бабы 3-тармағының 5), 20), 23), 27), 36)  тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Тапсырыс берушілер 07.03.2025 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!

Хабарламалар  06.03.2025

1. 2025 жылғы 6 наурызында сағат 08:15:00-ден бастап сағат 19:00:00 -ге дейінгі кезеңде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінде Орталықтандырылған сәйкестендірілген дербес шоттар" ақпараттық жүйесінде салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтердің ұзақ өнделуіне байланысты, 2025 жылғы 6 наурызда сағат 08:15:00-ден бастап сағат 19:00:00-ге дейінгі кезеңге түсетін «Ашық конкурс», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтерін сатып алу жөніндегі конкурс», «Тендер», «Рейтингтік-балдық жүйені қолданумен конкурс», «Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу», «Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу (МС емес new)», «Баға ұсыныстарына сұрау салу», «Баға ұсыныстарына сұрау салу (МС емес new), «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу», «Аукцион», «Тұрғын үй сатып алу» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алулар» модулінің өтінімдерін қабылдау және толықтырудың аяқтау мерзімдері 2025 жылғы 7 наурыз сағат 16:00:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.

2. "Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу" сатып алу тәсілі бойынша өтінімдерін қабылдау бастау мерзімі 2025 жылғы 6 наурызында сағат 08:15:00-ден бастап сағат 19:00:00-ге дейінгі кезеңге түсетін хабарландырулардың күні 2025 жылғы 7 наурызға ауыстырылды, бұл ретте өтінімдерді қабылдау уақыты өзгеріссіз қалды.


3. «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтерін сатып алу жөніндегі конкурс» сатып алу тәсілдері бойынша өтінімдерін қабылдау бастау мерзімі 2025 жылғы 6 наурызында сағат 08:15:00-ден бастап сағат 19:00:00-ге дейінгі кезеңге түсетін хабарландырулардың күні 2025 жылғы 7 наурызға ауыстырылды, бұл ретте өтінімдерді қабылдау уақыты өзгеріссіз қалды.

Мерзімдері ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.  

Толығырақ

Внимание! Перенос закупок!

Хабарламалар  05.03.2025

Сообщаем, что в связи с проблемой возникшей при подаче заявок в период с 17:24:00 часов по 19:30:00 часов 5 марта 2025 года сроки окончания приема и дополнения заявок модуля «Электронные закупки» по способам закупок: «Открытый конкурс», «Запрос ценовых предложений», «Государственные закупки с применением особого порядка», «Закупка по государственному социальному заказу», «Второй этап конкурса с использованием рамочного соглашения», «Из одного источника по несостоявшимся закупкам», «Из одного источника по несостоявшимся закупкам не ГЗ», «Конкурс по приобретению товаров, связанных с обеспечением питания воспитанников и обучающихся», «Конкурс по приобретению услуг по организации питания воспитанников и обучающихся», «Конкурс с использованием рейтингово-балльной системы», «Тендер», «Аукцион», выпадающие в период с 17:24:00 часов по 19:30:00 часов 5 марта 2025 года были перенесены на 12:00:00 часов 6 марта 2025 года.

Для просмотра информации по закупкам, которые были перенесены, пройдите по следующей  ссылке.

Толығырақ