«Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ-да профилактикалық жұмыстары
Хабарламалар 05.01.2018
«Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ-да 2018 жылғы сағат 21:00 бастап 2018 жылғы 5 қантардың сағат 23:00 дейін профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтерді алу өңделмейтінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты, 2018 жылғы 5 қантардың сағат 20:30 бастап 2018 жылғы 6 қантардың сағат 10:00 дейінгі кезеңге түсетін «Ашық конкурс» және «Аукцион» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алу» модулінің өтінімдерін қабылдауды аяқтау мерзімдері, сондай-ақ ашу рәсімдері, қорытындыларын шығару 2018 жылғы 6 қантардың сағат 14:00 ауыстырылған болатын.
Ауыстырылатын сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Толығырақ«Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ-да профилактикалық жұмыстары
Хабарламалар 29.12.2017
«Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ-да 2017 жылғы 31 желтоқсанның сағат 8:00 бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанның сағат 10:30 дейін профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтерді алу өңделмейтінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты, 2017 жылғы 31 желтоқсанның сағат 7:30 бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанның сағат 12:00 дейінгі кезеңге түсетін «Ашық конкурс» және «Аукцион» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алу» модулінің өтінімдерін қабылдауды аяқтау мерзімдері, сондай-ақ ашу рәсімдері, қорытындыларын шығару 2017 жылғы 31 желтоқсанның сағат 17:30 ауыстырылған болатын.
Ауыстырылатын сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
ТолығырақNCALayer бағдарламасының «ҚР Мемлекеттік сатып алулары» деген модулінің нұсқасы жаңартылғандығын хабарлаймыз
Жаңалықтар 29.12.2017
Мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – Портал) 2017 жылғы 29 желтоқсанда NCALayer бағдарламасының «ҚР Мемлекеттік сатып алулары» деген модулінің нұсқасы жаңартылғандығын хабарлаймыз, соңғы қол жетімді нұсқа 3.0. ҚР ҰКО ЭЦҚ Порталда жұмыс істеу үшін ұсынылған жаңартуларды көшіріп жүктеу қажет.
Камералдық бақылаудың функционалдылығы жаңартылғанын хабарлаймыз
Жаңалықтар 28.12.2017
2017 жылғы 27
желтоқсанда Мемлекеттік сатып алу веб-порталында Мемлекеттік аудиттің уәкілетті
органы «Ашық конкурс», «Аукцион», «Баға ұсыныстарын сұрату», «Тауарлық
биржалар», «Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу» сатып алу тәсілдері
бойынша камералдық бақылауды жүзеге асыратынын хабарлаймыз. Өткізілген
камералдық бақылаудың негізінде, егер бұзушылықтар анықталса, Мемлекеттік
аудиттің уәкілетті органы «Ашық конкурс», «Аукцион», «Баға ұсыныстарын сұрату»
сатып алу тәсілдері бойынша – Мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысына,
«Тауарлық биржалар», «Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу» сатып алу
тәсілдері бойынша – Тапсырыс берушіге бұзушылықтарды жою туралы хабарлама
жібереді. Тапсырыс беруші үшін хабарламаны орындау туралы егжей-тегжейлі
сипаттама Тапсырыс берушінің нұсқаулығында мынадай сілтеме бойынша, Ұйымдастырушының нұсқаулығында мынадай сілтеме бойынша келтірілген.
Тапсырыс берушілердің назарына, жаңа функционалдылықты іске қосу!
Жаңалықтар 28.12.2017
2017 жылғы 28 желтоқсанда мемлекеттік сатып алу веб-порталында мынадай функционалдылықтар іске қосылатындығын хабарлаймыз:
1. Сатып алуға арналған өтінімді Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы құру және жіберу. Сатып алуларын Бірыңғай ұйымдастырушы «ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті» (ТЖҚ тізбесіне сәйкес) жүргізетін Тапсырыс берушілер сатып алуға арналған өтінімдерді бірыңғай ұйымдастырушыға Портал арқылы жолдай алады. Мынадай нұсқаулықта егжей-тегжейлі сипатталған.
2. Сот органдарының «Төрелік» ақпараттық жүйесімен интеграциялау. Тапсырыс берушілердің жұмыс кабинетінде, «Сот органдарының электрондық шешімдері» деген бөлімде 2017ж.27.12. бастап заңды күшіне енген, онда Тапсырыс берушінің ұйымы талап қоюшы ретінде көрсетілген сот шешімдері автоматты түрде бейнеленеді. Электрондық шешімдерді ЖҚТ енгізуге өтінімдер құрған кезде пайдалану қажет. Нұсқаулықта егжей-тегжейлі сипатталған.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!
Жаңалықтар 28.12.2017
2017 жылғы 27
желтоқсанда әлеуетті өнім берушіге «Ашық конкурс», «Аукцион», «Мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс» сатып алу тәсілдері үшін қорытындылар хаттамасын
электрондық шағымдану бойынша функционал қолжетімді екенін хабарлаймыз. Әлеуетті
өнім беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталында тапсырыс берушінің,
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай
ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы
бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, егер олардың
әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен
заңды мүдделерін бұзса, МС туралы Заңның 47-бабына сәйкес шағым жасауға құқылы.
Электрондық шағымды беру:
-
Өтінім берілген сатып алу бойынша;
-
«Ашық конкурс», «Аукцион», «Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырыс» сатып алу тәсілдері үшін;
-
Қорытындылар хаттамасын жариялау күнінен кейінгі күннен
бастап бес жұмыс күні ішінде қолжетімді. Бұл ретте Жүйе қорытындылар хаттамасын
жариялау күні шағымды беруге тиым салмайды.
Шағымдарды берудің егжей-тегжейлі сипаттамасы сілтемесі бойынша өнім берушінің нұсқаулығында келтірілген.
ТолығырақВСЕМ ПОТЕНЦИАЛЬНЫМ ПОСТАВЩИКАМ!!!
Жаңалықтар 27.12.2017
27 декабря 2018 года Главой государства подписан Закон «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам государственных закупок и закупок квазигосударственного сектора» (далее – Закон).
Закон вводится в действие с 1 января 2019 года.
С текстом Закона, сравнительной таблицей и новеллами Закона можно ознакомится здесь.
ТолығырақШұғылы ақпарат!
Жаңалықтар 27.12.2017
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер қолданысқа енгізілетіндігін хабарлайды (Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №739 бұйрығы).
Мыналар Қағидаларға тұжырымдамалық түзетулер болып табылады:
бірінші, құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға қойылатын талаптардың оңайлатылуы. Енді құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жобалауға арналған тиісті лицензияға ие, құрылыс саласындағы жұмыстарды сатып алуға қатысушылардың материалдық және еңбек ресурстарын иеленетіндігін растайтын құжаттарды ұсынбауына болады.
екінші, конкурстық баға ұсынысы конкурсқа бөлінген бағадан қырық пайыздан астамға төмен болған жағдайларда құрылыспен байланысы жоқ жұмыстар бойынша демпингтік бағаның орнатылуы.
үшінші, жұмыс тәжірибесі бойынша критерийлерді орнатуға арналған шектік мәндердің төмендетілуі.
Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №739 бұйрығымен осында танысуға болады және өзгерістердің салыстырмалы кестесімен осында танысуға болады.
ТолығырақМемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары тізбесі
Жаңалықтар 26.12.2017
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 15-бабы
5-тармағына сәйкес жаңарту және броньнан шығару тәртібімен шығарылатын
мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары тізбесімен мынадай
сілтемеге өтіп танысуға болатынын хабарлаймыз:
ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ!
Жаңалықтар 22.12.2017
2017
жылғы 20 желтоқсанда Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасына
14-қосымшаның электрондық үлгісін қалыптастыру бөлігінде «Шарттар» модулінің
функционалдылығы жаңартылғанын хабарлаймыз. «Шартты тікелей жасасу жолымен бір
көзден алу», «Өтпеді деп танылған сатып алу бойынша бір көзден алу» тәсілімен
сатып алу үшін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есеппен
жүктелген және қол қойылған файлдар болмаған кезде Жүйе бір көзден алу
тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті қалыптастыру функционалдылығын
бейнелеуі тиіс. Тапсырыс берушінің нұсқаулығы жаңартылды – 23-бөлім. Бір көзден
алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті қалыптастыру қосылды.
Сондай-ақ Тапсырыс берушінің нұсқаулығы 21-бөлім «Қолданыста» мәртебесімен
«Қазынашылықта тіркеумен» белгісімен шарттар бойынша Тапсырыс берушінің/Өнім
берушінің құқықтарды беруді шектеуі бөлігінде құқықтық мирасқорлық немесе
өкілдіктерге, филиалдарға құқықтарды беру жаңартылды.
