Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары тізбесі
Жаңалықтар 05.02.2018
Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 13-бабы 5 тармағына
сәйкес жаңарту және броннан алып тастау тәртібімен шығарылатын мемлекеттік
материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесімен мына бойынша өтіп
танысуға болатынын хабарлаймыз
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! САТЫП АЛУДЫ АУЫСТЫРУ
Хабарламалар 02.02.2018.Мемлекеттік сатып алу веб-порталының «Электрондық сатып алу» модулінде өнімдік серверде файлдарды қоса тіркеген кезде вирустан қорғаудың ұзақ тексерілуіне орай техникалық іркілістерге байланысты өтінімдерді қабылдауды аяқтаудың 2018 жылғы 1 ақпандағы сағат 18:30 бастап 2018 жылғы 2 ақпандағы сағат 10:00 дейінгі кезеңге тура келетін мерзімдері автоматты түрде 2018 жылғы 1 ақпандағы сағат 18:00 ауыстырылды.
Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! САТЫП АЛУДЫ АУЫСТЫРУ
Хабарламалар 31.01.2018
Техникалық
ақауларға байланысты, Мемлекеттік сатып алу веб-порталының «Электрондық сатып
алу» модулінде хабарландыруларды іздеген кезде, 2018 жылғы 31 қаңтарда сағат
13:37 бастап 15:30 дейінгі кезеңге түсетін өтінімдерді қабылдаудың аяқталу
мерзімдері 2017 жылғы 21 желтоқсанда сағат 17:00 автоматты ауыстырылатын
болады.
Ауыстырылған сатып алу
бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу» тәсілімен сатып алуды жариялауға қатысты
Жаңалықтар 30.01.2018
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу» тәсілімен сатып алуды жариялауға қатысты
2018.29.01 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жарияланған сатып алу бойынша техникалық ерекшеліктердің әлеуетті өнім берушілері ұсынған бағалау критерийлері бөлігінде өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз – 2017 жылы басталған сатып алу рәсімдері 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасына сәйкес аяқталуы тиіс.
26 қаңтарда «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу» тәсілімен сатып алу үшін конкурстық құжаттама үлгісі жаңартылған болатын. Осыған байланысты, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жарияланған сатып алу бойынша Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасының 233, 234, 237 және 240-тармақтарына енгізілген өзгерістерді ескере отырып конкурстық құжаттама үлгілері қайта қалыптастырылатын болады. Егер 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін құрылған хабарландыру жобасы болса, хабарландыруды жарияландыру алдында конкурстық құжаттаманы қайта қалыптастыру қажет екеніне назар аударамыз.
2018 жылға жылдық жоспарларды орналастыру үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын импорттау үлгісі жаңартылғанын хабарлаймыз
Жаңалықтар 30.01.2018
2018 жылғы 30 қаңтарда мемлекеттік сатып алу веб-порталында ТЖҚБНА және ББС анықтамалықтарын жаңарту бөлігінде, 2018 жылға жылдық жоспарларды орналастыру үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын импорттау үлгісі жаңартылғанын хабарлаймыз. Мәзірге «ММ кодтарын жаңарту» опциясы қосылды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! САТЫП АЛУДЫ АУЫСТЫРУ
Хабарламалар 29.01.2018
Техникалық іркілістерге байланысты Мемлекеттік сатып алу веб-порталының «Электрондық сатып алу» модулінде өнімдік серверде файлдарды қоса тіркеген кезде өтінімдерді қабылдауды аяқтаудың 2018 жылғы 29 қаңтардағы сағат 17:45 бастап сағат 18:15 дейінгі кезеңге тура келетін мерзімдері автоматты түрде 2018 жылғы 29 қаңтардағы сағат 19:00 ауыстырылған болатын.
Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
ТолығырақНАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! САТЫП АЛУДЫ АУЫСТЫРУ
Хабарламалар 29.01.2018
Мемлекеттік сатып алу веб-порталының өнімдік серверінде жұмыстарға қол жеткізу 5 минут барысында мүмкін болмауына байланысты:
Өтінімдерді қабылдауды аяқтаудың 2018 жылғы 29 қаңтардағы сағат 16:41 бастап 2018 жылғы 29 қаңтардағы сағат 16:49 дейінгі кезеңге тура келетін мерзімдері автоматты түрде 2018 жылғы 29 қаңтардағы сағат 17:30 ауыстырылған болатын. Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Құрметті мемлекеттік сатып алу веб-порталының пайдаланушылары!
Хабарламалар 26.01.2018
Мемлекеттік сатып алу веб-порталының өнімдік серверіндегі техникалық ақауларға байланысты 2018 жылғы 26 қаңтарда сағат 11:30 бастап файлдарды қоса жалғау мүмкіндігі болмады.
2018 жылғы 26 қаңтарда сағат 15:00 бастап сағат 22:00 дейінгі кезеңге түсетін өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімдері, сондай-ақ ашу рәсімдері, қорытындыларды шығару 2018 жылғы 29 қаңтардағы сағат 11:00 автоматты ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Құрметті мемлекеттік сатып алу порталын пайдаланушылар!
Хабарламалар 25.01.2018
ҚР Қаржы
министрлігінің ұйымдық-құқықтық нысанының ММ-нен РММ-ға ауысуы себебі бойынша
Ұлттық куәландыру орталығы «ҚР Қаржы министрлігі» ММ заңды тұлғасының
сертификаттарын кері қайтарған болатын, осыған байланысты Мемлекеттік сатып алу
веб-порталының өнімдік серверінде «Электрондық сатып алу» модулі 2018 жылғы 25
қаңтарда сағат 10:20 бастап қол жетімді емес.
Қаржы министрінің бұйрығы күшінің, ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қарым-қатынастарға тарауына қатысты
Жаңалықтар 24.01.2018
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына ҚР ҚМ 2017 жылғы 22 желтоқсандағы бұйрығымен енгізілген түзетулерге сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жобалауға тиісті лицензиясы бар құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысушылар материалдық және еңбек ресурстарына ие екендігін растайтын құжаттарды ұсынбауына болады. «Құқықтық актілер туралы» Заңның 43-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды.
Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң керi күшi оның өзiнде немесе нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзу туралы актiде көзделген, сондай-ақ кейiнгiсi азаматтарға жүктелген міндеттерді алып тастайтын немесе олардың жағдайын жақсартатын жайттар осы баптың 1-тармағының қағидаларына кiрмейдi.
Бұл ретте қаралып отырған жағдайда Қағидаларға енгізілген түзетулердің кері күші көзделмеген.
Осыған байланысты Қаржы министрлігі 2017 жылы басталған конкурстық рәсімдер 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қағидаларға сәйкес аяқталуы тиіс екендігін хабарлайды».
