Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 42-тармақшасы бойынша шектеулер.

Жаңалықтар  12.03.2019

2019 жылғы 7 наурызда «Мемлекеттік сатып алу туралы»Заңның 39-бабы 3-тармағының 42-тармақшасы бойынша бюджет түріне жатпайтын мынадай ұйымдар - ауылдық округтің, ауылдың, кенттің, аудандық маңызы бар қаланың бюджеті үшін 3000 АЕК сомасын шектеумен тікелей жасасу жолымен бір дереккөзден жоспар тармақтары мен шарттарын құруға техникалық мүмкіндік берілгенін хабарлаймыз.

Толығырақ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуды ауыстыру

Хабарламалар  11.03.2019

2019 жылғы 11 наурызда мемлекеттік сатып алу Веб-порталының өнімді серверінде жұмыс істеудің мүмкін болмауына байланысты, 2019 жылғы 11 наурызда сағат 10:57-ден 12:00-ге дейінгі аралықта түсетін өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімдері және баға ұсыныстарын аяқтау мерзімдері автоматты түрде 2019 жылғы 11 наурызда сағат 15:00-ге ауыстырылды. Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Жоспарлы-алдын алу жұмыстар!

Хабарламалар  07.03.2019

Электр желілерінде алдын алу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2019 жылғы 11 наурызда сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін байланыс орталығының телефоны жартылай қолжетімді болады. Барлық туындаған техникалық мәселелер бойынша  техникалық қолдау электрондық поштасына хабарласуға болады.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!

Хабарламалар  07.03.2019

2019 жылғы 7 наурызда сағат 21:00 бастап 2019 жылғы сағат 22:30 дейін «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтерді алу өңделмейтінін хабарлаймыз.

Осыған байланысты 2019 жылғы 7 наурыздағы сағат 20:45 бастап 2019 жылғы 8 наурыздағы 09:00 аралығына дейін келіп түсетін өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуы, сондай-ақ «Ашық конкурс» және «Аукцион» сатып алу тәсілдері бойынша «Электронды сатып алулар» модулінің ашу процедуралары 2019 жылғы 8 наурызға сағат 11:00 ауыстырылды.

Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Назар аударыңыз, сатып алу мерзімін ауыстыру!

Хабарламалар  07.03.2019

Мемлекеттік сатып алу Веб- порталының өнімділік серверінде техникалық ақау, атап айтқанда "Ашық конкурс" және "Аукцион" тәсілдерімен қайта сатып алуды жариялау кезінде өтінімдерді қабылдау мерзімдерін есептеу дұрыс жүргізілмегені тіркелген. Осыған байланысты қайта сатып алу бойынша өтінімдерді қабылдау мерзімдерін аяқтау ауыстырылды.

Ауыстырылғын сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін келесі сілтемеге өтіңіз

Толығырақ

Веб-порталдың барлық қолданушыларына!!!

Жаңалықтар  06.03.2019

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары –Қазақстан Республикасының Қаржы министрімен келесі бұйрықтар қабылданды:

1) 2019 жылғы 28 ақпанда №154 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы (ӘМ-де 2019 жылдың 1 наурызында № 18364 тіркелген);

2) 2019 жылғы 28 ақпанда №155 «Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» (ӘМ-де 2019 жылдың 1 наурызында № 18359 тіркелген);

3) 2019 жылғы 28 ақпанда №156 «Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» (ӘМ-де 2019 жылдың 1 наурызында № 18360 тіркелген);

4) 2019 жылғы 28 ақпанда №157 ««Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ӘМ-де 2019 жылдың 1 наурызында № 18358 тіркелген);

5) 2019 жылғы 1 наурызында  №159 «Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы (ӘМ-де 2019 жылдың 1 наурызында № 18362 тіркелген);

6) 2019 жылғы 1 наурызында  №160 ««Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы                   28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (ӘМ-де 2019 жылдың 1 наурызында № 18363 тіркелген).

Бұйрықтардың мәтіндерімен
осы
жерде таныса аласыз.

Толығырақ

Барлық өнім берушілер !!! Жаңалық «Төлем»

Жаңалықтар  06.03.2019

Назар аударыңыз! 2019 жылғы 27 ақпаннан бастап тіркелмеген өнім берушілерге ресми хаттар негізінде Порталды пайдалану қызметі үшін артық/қателесіп төленген ақша қаражатын қайтару жүзеге асырылмайды.  Ақша қаражатын қайтару үшін МС веб-порталында тіркеліп, өтініш беру қажет. Тіркелу мен  өтініш берудің толығырақ сипаттамасы
сілтеме 
бойынша берілген.   

Назар аударыңыз! 2018 жылғы 27 желтоқсан 2019 жылғы 21 ақпан аралығында ақша жіберуші ХХХ компаниясы не жеке тұлға болуына, ал төлем тағайындауында өзге УУУ компаниясы  көрсетілуіне байланысты, өнім берушінің электрондық әмиянында есепке алынбаған,МС веб-порталын пайдалану қызметі үшін төленген ақша:

төлемдер тағайындауында көрсетілгенөнім берушілердің электронды әмияндарында есепке алынды. Электрондық әмияндарда ақша қаражаты есепке алынған  өнім берушілердің тізімі сілтеме бойынша берілген. Ақша қаражатын қайтару үшін өнім берушілерге (электронды әмияндарға ақша аударылған) МС веб-порталында
өтініш  
беру қажет. 

 

Толығырақ

Барлық өнім берушілер !!! МС веб-порталын пайдалану бойынша қызметке ақы төлеу

Жаңалықтар  06.03.2019

 Назар аударыңыз! МС веб- порталын пайдалану (қол жетімдігі) бойынша қызметтерге төлем жүргізу кезінде ақшаны жіберуші ретінде мыналар міндетті түрде көрсетілуі қажет: Электронды әмиянға аударылған ақша түсуі тиіс ЗТ/ЖК БСН/ ЖСН, атауы. Егер ақша жіберуші ретінде ХХХХ компаниясы көрсетілген, ал төлемді тағайындауға ақшаны аудару үшін УУУУ компаниясы көрсетілген болса онда ақша ХХХХ Электронды әмиянға түсетін болады. Электронды әмиянға ақшаны жіберу бойынша неғұрлым толығырақ сипаттама мына сілтемеде көрсетілген

Толығырақ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! САТЫП АЛУДЫ АУЫСТЫРУ

Хабарламалар  01.03.2019

2019 жылғы 2 наурызда сағат 21:00 бастап 2019 жылғы 3 наурызда сағат 17:00 дейін «Ұлттық ақпараттық жүйелер» АҚ жоспарлы- профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында NCALayer қол қою бағдарламасы арқылы қол қою және файлдарды тіркеу мүмкіндігі болмайтынын хабарлаймыз. Осыған байланысты 2019 жылғы 2 наурыздағы сағат 20:45 бастап 2019 жылғы 4 наурыздағы 11:00 дейінгі арлықта келіп түсетін сатып алу бойынша өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімдері және баға ұсыныстарын аяқтау мерзімдері 2019 жылғы 4 наурыз сағат 18:00 ауыстырылды.

Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

«Сатып алу» модулінің функционалдығын өзгерту

Жаңалықтар  28.02.2019

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2019 жылғы 1 наурызда мемлекеттік сатып алу Ережелерінің өзгеруіне байланысты конкурстық құжаттаманың үлгісі жаңартылғанын, сондай - ақ« ашық конкурс" сатып алу тәсілі кезінде шартты жеңілдіктерді толтыру функционалы және бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі бойынша жеңімпазды анықтау тәртібі жаңартылғанын хабарлаймыз, бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі бойынша мәндер тең болған жағдайда жеңімпаз Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы төрт жыл үшін төленген салықтардың сомасы бойынша анықталады. Толығырақ Ұйымдастырушының нұсқаулығымен танысуға болады.


Толығырақ