Барлық тапсырыс берушілерге!!!
Жаңалықтар 30.04.2019
Осымен 2019 жылғы 30 сәуірде Тапсырыс берушілерге
«Қазынашылық» қосымша парақшасындағы шарттың карточкасынан ММ коды туралы
мәліметті, пайызды және Қазынашылықты шартты тіркеу өтініші бойынша алдын ала
төлем сомасын туралы мәліметті қарау мүмкіндігі ұсынылғанын хабарлаймыз. Егжей-тегжейлі сілтеме бойынша
нұсқаулықпен танысуға болады.
Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!
Жаңалықтар 26.04.2019
Бір көзден сатып алулар үшін форматтық-логикалық бақылау (ФЛБ) іске қосылды!!!
Қазіргі уақытта Қаржы министрлігімен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуына жол бермеу бойынша алдын алу шараларын қабылдау жұмыстары жүргізуде.
Оның ішінде, мемлекеттік сатып алу веб-порталында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – заң) 39- бабы 3- тармағының 1), 6), 7), 8), 11),12) 16), 20), 21), 23), 26), 27), 29), 30), 31), 33), 34), 36), 37), 38), 40), 41), 51) тармақшалары бойынша Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделмеген жағдайларда тапсырыс берушілерге шарт жасасуға мүмкіндік бермейтін форматтық-логикалық бақылау (ФЛБ) орнатылған.
Заңның 39- бабы 3- тармағы 1) тармақшаларды қолдануға құқылы тапсырыс берушілер тізімімен ФЛБ танысуға болады.
Заңның 39-бабы 3-тармағының 16), 27) және 36) тармақшаларына сәйкес тапсырыс берушілер шарт жасасуға құқылы өнім берушілер тізімімен және Заңның 39- бабы 3- тармағы 6), 7), 8), 29), 30), 31), 33) тармақшаларды қолдануға құқылы тапсырыс берушілер тізімімен ФЛБ танысуға болады.
Аталған тізімдерде тиісті тапсырыс берушілер мен өнім берушілер болмаған жағдайда, Қаржы министрлігіне растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен жүгіну қажет.
Расталған жағдайда тапсырыс берушілер мен өнім берушілердің аталған тізімдері толықтырылатын болады.
ТолығырақНазар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
Хабарламалар 18.04.2019
Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
Хабарламалар 11.04.2019
2019 жылғы 11 сәуірде сағат 21:00 бастап сағат 22:10 дейін «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтерді алу өңделмейтінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты 2019 жылғы 11 сәуірдегі сағат 20:45 бастап 2019 жылғы 12 сәуірдегі 09:00 аралығына дейін келіп түсетін өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуы, сондай-ақ «Ашық конкурс» және «Аукцион» сатып алу тәсілдері бойынша «Электронды сатып алулар» модулінің ашу процедуралары 2019 жылғы 12 сәуірге сағат 11:00 ауыстырылды.
Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.
Толығырақ«Шарттар» модулінің жаңа функционалдығын іске қосу
Жаңалықтар 01.04.2019Осымен 2019 жылғы 1 сәуірде олар бойынша шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу қажет болатын (өнім берушілер үшін)/ олар бойынша өнім беруші қамтамасыз етуді тіркемеген (тапсырыс берушілер үшін) Пайдаланушы кабинетінде шарттарды көрсету бөлігінде «Шарттар» модулін пысықтау іске асырылғанын хабарлаймыз.
ТолығырақНАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! САТЫП АЛУДЫ АУЫСТЫРУ
Хабарламалар 26.03.2019
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2019 жылғы 26 наурызда салық берешегі туралы мәліметтерді ұзақ уақыт бойында өңдеуге байланысты өтініштерді қабылдау, сондай-ақ 2019 жылғы 26 наурызда сағат 11:22 бастап 2019 жылғы 27 наурызда сағат 10:00 дейінгі уақыт аралығына келіп түсетін «Ашық конкурс» және «Аукцион» сатып алу тәсілдері бойынша «Электронды сатып алулар» модулін ашу процедурасы мерзімдерінің аяқталуы 2019 жылғы 27 наурызда сағат 16:00 ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
ТолығырақМемлекеттік сатып алу веб-порталының барлық пайдаланушыларына!
Хабарламалар 18.03.2019
2019 жылғы 29 наурызға дейін Порталдың байланыс орталығының бұрынғы телефон нөмірі 8 (7172) 72-90-90 және Қоғамның телефон нөмірі 8 (7172) 91-90-90 жұмыс істейтінін қосымша хабарлаймыз. Осылайша, 29 наурызға дейін жоғарыда аталған барлық нөмірлермен хабарласуға болатынын хабарлаймыз.
«Шарттар» модулінің жаңа функционалдығын іске қос
Жаңалықтар 15.03.2019
Осымен 2019 жылғы 15 наурызда
қолмен құрылған өнім берушілердің банктік деректемелерін таңдау бөлігінде «Шарттар»
модулін пысықтау іске асырылғанын хабарлаймыз.
Егер «Қазынашылықта тіркеумен»
белгісі бар шарт қазынашылықта сүйемелдеу бойынша жоспардың жоқ дегенде бір
тармағын қамтыса, онда Өнім берушінің банктік шоттары арасында БСАЖ шоттарынан
және Қазынашылықта ашылған және қолмен құрылған шоттардан таңдау қолжетімді
болады, атап айтқанда:
банктің атауы - «ҚР ҚАРЖЫ
МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ КОМИТЕТІ» РММ
БСК - KKMFKZ2A.
Қосымша «Баға ұсыныстарына
сұрау салу» тәсілімен шарттарды жасау кезінде өнім берушінің шарттың орындалуын
қамтамасыз етуді енгізуге арналған тапсырыс берушінің деректемелерін көрсету
бөлігінде шарттардың типтік шаблондарының жаңартылғанын хабарлаймыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуды ауыстыру
Хабарламалар 14.03.2019
Мемлекеттік сатып алу веб-порталының өнімді
серверінде ұзақ уақыт бойында жүктелуге байланысты, Орталықпен 2019 жылғы 14
наурызда сағат 12:43 бастап 15:00 дейінгі аралықтағы өтінімдерді қабылдау
мерзімінің аяқталуы, баға ұсыныстарын қабылдау, өтінімдерге қосымшаларды
қабылдау мерзімдері 2019 жылғы 14 наурызда сағат 18:00 ауыстырылды.
Ауыстырылған сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін сілтеме бойынша
(парақтарға бөлу) өтіңіз.
Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.
Назар аударыңыз! сатып алуды ауыстыру!
Хабарламалар 13.03.2019
Мемлекеттік сатып алу Веб-порталының өнімдік серверінде 2019 жылғы 13 наурызда сағат 09:14-бастап 19:28 дейін аралықта мерзімді ұзақ жүктеуге байланысты Орталық ауыстыру жүргізді:
2019 жылғы 13 наурыздағы сағат 09:14 бастап 2019 жылғы 14 наурыздағы сағат 10:00 дейінгі кезеңге түсетін өтінімдерді қабылдауды, баға ұсыныстарын қабылдауды, өтінімдерді толықтыруларды қабылдауды аяқтау мерзімдері 2019 жылғы 14 наурыздағы сағат 17:00 ауыстырылды.
Аукциондық сауда-саттық бойынша сауда-саттықтың басталу мерзімі 2019 жылғы 13 наурыздағы сағат 09:14 бастап 2019 жылғы 14 наурыздағы сағат 10:00-ге ауыстырылды.
2017 жылғы 13 наурыздағы сағат 09:14 бастап 2019 жылғы 14 наурыздағы сағат 10:00 дейінгі кезеңге түсетін ұйымдастырушылар талқылау кезінде жіберілген өнім берушілердің сұрау салулары бойынша шешімдер қабылдамаған сатып алу бойынша талқылаудың аяқталу мерзімдері 2019 жылғы 14 наурыздағы сағат 17:00 ауыстырылды.
2019 жылғы 13 наурыздағы сағат 09:14 бастап 2019 жылғы 14 наурыздағы сағат 10:00 дейінгі мерзімге түсетін Өнім берушілердің шарттарға қол қою мерзімдері, камералдық бақылау хабарламаларын жіберу мерзімдері, мемлекеттік аудит комитетінің хабарламаларды жіберу мерзімдері, ұйымдастырушылардың хабарламаларды орындау мерзімдері,шағымдар, қарсылықтар, қорытындылар беру мерзімдері 2019 жылғы 14 наурызда сағат 23:59:59 ауыстырылды.
Сатып алу бойынша ауыстырылған ақпаратты қарау үшін келесі сілтеме (парақтар бойынша бөлу) бойынша өтіңіз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
