Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

«Сатып алулар» модулінің жаңа функционалын іске қосу

Жаңалықтар  01.07.2019

Осымен, 2019 жылғы 1 шілдеде «Сатып алулар» модулі мына бөліктерде жаңартылды:

- Мемлекеттік сатып алу қағидасының 177-тармағына сәйкес демпингке қатысты өзгерістер. Әлеуетті өнім берушінің тауарларға, жұмыстарға (осы Қағиданың 174, 175, 175-1-тармақтарында көзделген жұмыстарды қоспағанда), көрсетілетін қызметтерге (осы Қағиданың 176-тармағында көзделген қызметтерді қоспағанда) арналған конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы, егер ол конкурсқа бөлінген бағадан жиырма пайызға артық төмен болған жағдайда демпингтік болып танылады.
Ұйымдастырушы мен Өнім берушінің нұсқаулықтарынан танысуға болады.

- "Құрылыс-монтаждау жұмыстарын және жобалауды сатып алу" белгісін қою мүмкіндігіне, сондай-ақ аталған белгісі бар сатып алулардың лоттары бойынша деректерді толтыруға қатысты өзгерістер.
Толығырақ Ұйымдастырушы нұсқаулығында танысуға болады.

- "Ашық конкурс" сатып алу тәсілі бойынша жұмыстарды сатып алу кезінде өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді толтыруға қатысты өзгерістер. Толығырақ Өнім берушінің нұсқаулығында танысуға болады.

- егер екінші рет өткізілген конкурстан кейін бір қатысушы өтінімді қамтамасыз ету бойынша қабылданбаған жағдайда, "Ашық конкурс" тәсілімен өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден хабарландыру құру бөлігіндегі өзгерістер. Толығырақ Ұйымдастырушының нұсқаулығында танысуға болады.

- "Білікті өнім берушілер тізіліміне енгізу" және "Алдын ала біліктілікті іріктеу конкурсы" тәсілімен сатып алуды өткізу функционалының өзгеруі.

Толығырақ Ұйымдастырушы мен Өнім берушінің нұсқаулықтарынан танысуға болады (Білікті өнім берушілер тізіліміне енгізу).

Толығырақ Ұйымдастырушы мен Өнім берушінің нұсқаулықтарынан танысуға болады (Алдын ала біліктілікті іріктеу конкурсы).

Қосымша Мемлекеттік сатып алу қағидасының өзгеруіне байланысты жұмыстарға/қызметтерге/тауарларға арналған конкурстық/аукциондық құжаттардың үлгілік шаблондарының жаңартылғанын хабарлаймыз.

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ ЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛАНЫҢ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ!

Жаңалықтар  28.06.2019

Мемлекеттік сатып алу веб-порталының функционалдығының жаңартылуына байланысты 2019 жылғы 30 маусымда хабарландыруларды құру және жаңартуға қолжеткізудің жабық болатынын хабарлаймыз. 

Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!

Хабарламалар  20.06.2019

Жүйенің 12:47 бастап 16:35 дейінгі аралықта ұзақ уақыт бойында жүктелуіне байланысты, 2019 жылғы 20 маусымда сағат 12:45 бастап 2019 жылғы 20 маусымда сағат 17:30 дейінгі аралықта келіп түскен өтінімдерді, баға ұсыныстарын, қосымша өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуы 2019 жылғы 20 маусымда сағат 20:00 ауыстырылды.

Ауыстырылған сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін мына сілтеме арқылы өтуіңіз (парақтар бойынша өту).

Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!

Хабарламалар  18.06.2019

09:31 бастап 10:43 дейінгі кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталында сатып алуды іздестіру проблемасына, сондай-ақ 11:16 бастап 18:00 дейінгі кезеңде Жүйенің мерзімді ұзақ жүктелуіне байланысты Орталық мынадай іс-шараларды жүргізді:
Өтінімдерді қабылдауды аяқтау, баға ұсыныстарын қабылдау, өтінімдерді толықтыруды қабылдаудың 2019 жылғы 18 маусым сағат 09:00 бастап 2019 жылғы 19 маусым сағат 10:00 дейінгі мерзімі 2019 жылғы 19 маусым сағат 15:00 ауыстырылды.
Аукциондық сауда-саттық бойынша 2019 жылғы 18 маусым сағат 09:00 бастап 2019 жылғы 19 маусым сағат 10:00 дейінгі кезеңге түсетін сауда-саттықтың басталу мерзімі 2019 жылғы 19 маусым сағат 15:00 ауыстырылды.
2019 жылғы 18 маусымдағы сағат 23:59:59 түсетін камералдық бақылау хабарламаларын жіберу мерзімдері, мемлекеттік аудит комитетінің хабарламаларды жіберу мерзімдері, ұйымдастырушылардың хабарламаларды орындау мерзімдері, шағымдар,қарсылықтар, қорытындылар беру мерзімдері 2019 жылғы 19 маусымдағы сағат 23:59:59 ауыстырылды.


Сатып алу бойынша ауыстырылған ақпаратты қарау үшін келесі сілтеме (парақтар бойынша бөліну) бойынша өтіңіз.


Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.


Толығырақ

Назар аударыңыз, техникалық жұмыстар

Хабарламалар  18.06.2019

Жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргiзiлiп жатуына байланысты мемлекеттік сатып алу веб-порталы қолжетімсіз екенiн хабарлаймыз.
Ауыстырулар бойынша ақпарат қосымша хабарланатын болады.
Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Назар аударыңыз, мерзімдердің ауыстырылуы!

Хабарламалар  17.06.2019

2019 жылғы 17 муасымда сағат 10:45 бастап 16:00 дейін Мемлекеттік сатып алу веб-порталының өнімді серверінде жұмыстың қолжетмсіз болуына байланысты Орталықпен:
2019 жылғы 17

маусымда сағат 10:45 бастап 18:00 дейінгі аралыққа келіп түсетін өтінімдерді, баға ұсыныстарын, қосымша өтінімдерді қабылдау мерзімдерінің 2019 жылғы 18 маусым күні сағат 15:00; Сауда-саттықты бастау мерзімдері 2019 жылғы 17 маусымда сағат 10:45 бастап 18:00 дейінгі аралыққа келіп түсетін Аукциондық сауда мерзімдері 2019 жылғы 18 маусым күні сағат 15:00; 2019 жылғы 17 мауасымда сағат 23:59:59 келіп түсетін камеральдық бақылау хабарламасын жолдау мерзімдерінің, Ұйымдастырушымен хабарламаларды орындау, өтініштерді, қарсылықты қарау мерзімдерінің 2019 жылғы 18 мауасымда сағат 23:59:59 ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Ауыстырылған сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін сілтеме бойынша (парақтарға бөлу) өтіңіз.

Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Профилактикалық жұмыстар

Хабарламалар  14.06.2019

2019 жылғы 16 маусымда сағат 18:00 бастап  сағат 19:45 дейін «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтерді алу өңделмейтінін хабарлаймыз.

Осыған байланысты сатып алуларға өтінімдеріңізді алдын ала берулеріңізді сұраймыз.

Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Барлық веб-порталды пайдаланушыларға!!!

Жаңалықтар  14.06.2019

Осымен 2019 жылғы 14 маусымда мемлекеттік сатып алу веб-порталында өнім берушілер, ұйымдастырушылар мен апелляциялық комиссия тарапынан шағымдарды жолдау, сондай-ақ уәкілетті орган тарапынан апелляциялық комиссияның шешімдерін орналастыру функционалына өзгерту жүргізілгенін хабарлаймыз.


Өнім берушінің, ұйымдастырушының және апелляциялық комиссияның шешімін орналастыру бойынша нұсқаулықпен егжей-тегжейлі танысуға болады.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Қорытынды хаттамаларын қайта қалыптастыру

Хабарламалар  14.06.2019

Пайдаланушылардың "Баға ұсыныстарына сұрау салу" тәсілімен жүргізілетін сатып алу қорытындылары хаттамасындағы өнім беруші ұсынған бірлік бағасының көрінбеуіне қатысты өтініштеріне байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында қорытынды хаттамалары қайта қалыптасқанын хабарлаймыз. 
Қайта қалыптасқан сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!

Хабарламалар  11.06.2019

Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы демпинг белгісі бар "Ашық конкурс" сатып алу тәсілімен, Қызмет сатып алу мәнінің түрімен Инжинирингті қызмет белгісі жоқ хабарландырулар бойынша баға ұсыныстарын ұсыну кезіндегі қатеге байланысты 2019 жылғы 11 маусымда сағат 11:00 бастап 2019 жылғы 12 маусымда ағат 12:00 дейінгі аралыққа келіп түсетін сәйкесінше хабарландырулар бойынша өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуы 2019 жылғы 12 маусым сағат 17:00 ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ