Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Назар аударыныздар, сатып алулар мәртебелерінің ауыстырылуы!

Хабарламалар  24.07.2019

Техникалық қателерге байланысты біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін Конкурс тәсілі бойынша талқылаудың қате күндері мен өтінімдерді қабылдаудың қате мерзімдерімен сатып алулар жарияланғанын хабарлаймыз. Аталған қате жалпы деңгейде жойылды, бірақ жойылғанға дейін қате мерзімдерімен жарияланған сатып алулар бар. Ұйымдастырушыларға дұрыс күндерін көрсету мүмкіндігін беру үшін осы сатып алулар бойынша мәртебелер Жобаға өзгертілді.
Сіз сатып алу тізбесімен сілтеме бойынша өту арқылы таныса аласыз. 


Толығырақ

Барлық Тапсырыс Берушілерге!

Жаңалықтар  17.07.2019

Осымен 2019 жылғы 17 шілдеде Мемлекеттік сатып алу порталында электрондық актілердің функционалдығы жоқ шарттар бойынша бұрын төленген авансты енгізу мүмкіндігі іске асырылғанын хабарлаймыз. Енгізілген аванстың сомасы "Қазынашылық-клиент"АЖ тіркеу үшін өтінімдерді жолдау кезінде қолданылатын болады. Аванс енгізу жөніндегі нұсқаулықпен сілтеме арқылы таныса аласыз

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алудың мәртебесін өзгерту!

Хабарламалар  11.07.2019

Ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің құжаттаманың ережесін талқылау кезеңінде келіп түскен өнім берушілердің сұрау салуларына жауап беру мүмкіндігін ұсынбастан сатып алудың "Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)" статусына өзгеруіне байланысты одан әрі өнім берушілерге жауаптарды ұсыну және талқылау хаттамасын жариялау үшін сатып алулардың статусы "Жарияланды" статусына өзгертілгенін хабарлаймыз.

Сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Байланыс-орталығының телефония жұмысындағы қысқа мерзімді ақаулар

Хабарламалар  11.07.2019

Электр энергиясының мерзімді өшірілуіне байланысты 2019 жылғы 11 шілдеде сағат 12:00 кейін Байланыс-орталығының телефония жұмысындағы қысқа мерзімді ақаулар болуы мүмкін. Барлық туындайтын техникалық сұрақтар бойынша техникалық қолдау көрсету қызметінің электрондық поштасы, http://forum.ecc.kz/ форумы арқылы өтініш жасауға болады.


Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Барлық Тапсырыс берушілерге!

Жаңалықтар  10.07.2019

2019 жылғы 10 шілдеде шарт преамбуласында  сатып алу тәсілін қолдану негіздемесін автоматты түрде көрсету бөлігінде «Шарттар» модулінің функционалы жаңартылғанын хабарлаймыз.   

Толығырақ

Барлық Тапсырыс берушілерге!

Жаңалықтар  10.07.2019

2019 жылғы 10 шілдеде «Шарттар» модулінде «Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу» тәсілін қолданудың әр түрлі негіздемелері бойынша  шарт жасау мүмкіндігі алып тасталғанын хабарлаймыз.    

Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ВЕБ-ПОРТАЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР!

Жаңалықтар  10.07.2019

«Жұмыс кабинеті – менің хабарландыруларым (ұйымдастырушы)» бөлімінде ұйымдастырушыларға ыңғайлы болу үшін әлеуметті өнім берушілердің өтінімдерін/қосымша өтінімдерін қарау күніне байланысты хабарландырулар түрлі-түсті түстермен айқындалды.


Жүйеде әлеуметті өнім берушілердің өтінімдерін/қосымша өтінімдерін қарау мерзімдеріне шектеулер қойылмағанын және тек қана ақпараттық сипатқа ие еместігін ескертеді.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!

Хабарламалар  09.07.2019

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтерді ұзақ өңдеумен байланысты 2019 жылғы 9 шілдедегі сағат 09:19 бастап сағат 12:00 дейінгі кезеңге түсетін «Ашық конкурс» және «Аукцион» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алу» модулінің өтінімдерін қабылдаудың аяқталу мерзімдері, сондай-ақ ашу рәсімдері 2019 жылғы 9 шілдедегі сағат 15:00 ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  03.07.2019

Осымен, бұрын тіркелген барлық шағымдарды шешім қабылданбаған веб-порталдың сатып алу«Аппеляциясы»бөліміне ресми хатпен тиісті уәкілетті органдарға жіберу қажеттігі туралы хабарлаймыз.
Бұдан бұрын іске асырылған аппеляцияға шағым беру функционалы белгісіз уақытқа жабылды.

Толығырақ

«Шарттар» модулінде жаңа функционалды іске қосу

Жаңалықтар  01.07.2019

Осымен 1 шілдеде «Шарттар» модулінің мына бөліктерінің жаңартылғанын хабарлаймыз:
- жұмыс үшін үлгілік шарттардың шаблондарын өзгерту: құрылыспен байланысты емес құрылыс, басқа да жұмыстар саласындағы үлгілік шарттардың өзгертілді; жобалық-сметалық құжаттарды (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу бойынша жұмыстардың үлгілік шаблоны енгізілді;
- Қазынашылық сүйемелдеу шарттары бойынша алдын ала төлемді енгізуді қамтамасыз ету міндеттілігі алынып тасталды. 

Толығырақ