Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Жаңалықтар


Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  17.03.2025

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 7 наурыздағы № 110 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2025 жылғы 11 наурызда № 35801 болып тіркелді) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 бұйрығына түзетулер енгізілді.
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен осында танысуға болады

Толығырақ

Уважаемые пользователи!

Жаңалықтар  11.03.2025

Хабарлаймыз, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы №677 «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері, ережелері мен көлемінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 11 наурызда мемлекеттік сатып алулар веб-порталында тиісті функционалдық өзгерістер енгізілді.

Осы өзгерістер аясында, құны 50 000 АЕК-тен аспайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алулар (ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы №546 бұйрығымен уәкілетті орган айқындайтын тәсілмен жүзеге асырылатындар және ҚР Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып тастау белгіленгендерден басқа) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында жүргізіледі.

Бұл ретте, кәсіпкерлік субъектілерінің мәртебесі веб-порталда rchl.govtec.kz сайтындағы Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінен алынған мәліметтер негізінде айқындалады.

Бұйрықпен мына сілтеме арқылы танысуға болады.


Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  07.03.2025

Тапсырыс берушілердің Заңның 16-бабы 3-тармағының 1), 10), 26), 19), 25), 41) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Өнім берушілер 07.03.2025 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 16-бабы 3-тармағының 5), 20), 23), 27), 36)  тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Тапсырыс берушілер 07.03.2025 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  04.03.2025

Тапсырыс берушілердің Заңның 16-бабы 3-тармағының 1), 10), 26), 19), 25), 41) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Өнім берушілер 01.03.2025 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 16-бабы 3-тармағының 5), 20), 23), 27), 36)  тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Тапсырыс берушілер 01.03.2025 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Құрметті өнім берушілер!

Жаңалықтар  28.02.2025

Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларының 46 және 49-тармақтарына сәйкес (Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығымен бекітілген), Әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тізіліміндегі қайта растау (2024 жылғы 20 қазаннан 2025 жылғы 28 ақпанға дейінгі кезеңде қосымша мәліметтер мен құжаттар енгізілмеген) рәсімінен өтпеген «Расталды» статусындағы жұмыс тәжірибесі 2025 жылғы 1 наурыздан бастап «Белсенді емес» статусына ауысады және әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды есептеу кезінде ескерілмейді.

Осыған байланысты, өтінімдерді қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың ақпан айында басталып, наурыз айында аяқталатын сатып алуларда конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде жұмыс тәжірибесі бойынша (Қағидалардың 46 және 49-тармақтарына сәйкес барлық құжаттары мен мәліметтері бар «Расталды» статусындағы) өзекті мәліметтерді қолдану мақсатында, әлеуетті өнім берушілер ағымдағы жылдың ақпан айында берілген өтінімдерді кері қайтарып алуы (себебі 2025 жылғы 1 наурыздан бастап мұндай тәжірибе «Белсенді емес» деген статусқа ауысады) және өзекті тәжірибемен («Расталды»  статусы бар) конкурсқа қатысу туралы өтінімді қайта жіберуі қажет.

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  24.02.2025

Тапсырыс берушілердің Заңның 16-бабы 3-тармағының 1), 10), 26), 19), 25), 41) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Өнім берушілер 24.02.2025 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 16-бабы 3-тармағының 5), 20), 23), 27), 36)  тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Тапсырыс берушілер 24.02.2025 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Барлық әлеуетті өнім берушілерге!

Жаңалықтар  18.02.2025

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында ағымдағы қаржы жылының сомасын ескере отырып, көпжылдық шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрін қағаз сақтандыру шартынан электрондық сақтандыру шартына ауыстыру мүмкіндігін беру бөлігінде «Шарттар» модуліне 2025 жылғы 18 ақпаннан бастап пысықтау жүргізілгенін хабарлаймыз.

Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша бұрын «Жоба» статусындағы электрондық сақтандыру шарты жасалған болса, онда «Қарау» батырмасы арқылы шарттың осы жобасын жойып, жаңа шарт қалыптастыру қажет.

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  17.02.2025

Тапсырыс берушілердің Заңның 16-бабы 3-тармағының 1), 10), 26), 19), 25), 41) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Өнім берушілер 14.02.2025 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 16-бабы 3-тармағының 5), 20), 23), 27), 36)  тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (Тапсырыс берушілер 14.02.2025 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Құрметті пайдаланушылар!

Жаңалықтар  14.02.2025

2025 жылғы 13 ақпанда электрондық дүкен арқылы әдісімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуларда отандық тауар өндірушілерді қолдауға  және тапсырыс берушілердің тауарлардың келесі санаттары үшін ұлттық режимнен алу тетігін айналып өту фактілерін болдырмауға бағытталған өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз:
- Антисептик құралдары;
- Антисептикалық  сабын;
- Дезинфекциялық
майлықтар;
-
Аппараттық дезинфекцияға арналған құралдар;
-
Суды зарарсыздандыруға арналған құралдар;
-
Үстіңгі беттерді өңдеуге арналған құралдар;
-
Сантехниканы тазартуға арналған құралдар.

Бұл пысықтау Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің келісімі бойынша «Атамекен» ҰКП ұсынған отандық өндірушіде тауарлардың аналогтары бар тауарлардың жоғарыда көрсетілген санаттары бойынша жүргізілді (тауарлар карточкаларында аналогтың бар екендігі туралы белгі пайда болады).

Осылайша, ұлттық режимнен алу тізбесіне енгізілмеген тауарлар бойынша «Бірінші» үлгісіндегі тапсырысты орналастыру кезінде, егер осы тауар бойынша қазақстанда өндірілетін аналогтары болған жағдайда, тапсырыс берушілер отандық өндірушінің тауарын таңдай алады.

Бұл ретте, қайталама тапсырыстарды жариялауды тапсырыс берушілер өнім берушілердің барлық санаттары арасында жалпы негіздерде жүзеге асыратын болады.

Толығырақ

Құрметті өнім берушілер!

Жаңалықтар  06.02.2025

Веб-порталда әлеуетті өнім беруші - заңды тұлғаның еңбек ресурстарының бар екені 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап біліктілік туралы мәліметтерді толтыру және өнім берушінің осы ұйымында тіркелген қызметкерлерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы расталатынын хабарлаймыз (қызметкерлерде заңды тұлғаның ЭЦҚ болуы тиіс).

Егер әлеуетті өнім беруші жеке кәсіпкер болып табылса, онда біліктілік туралы мәліметтерді толтыру және веб-порталда тіркелген жеке тұлғалардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы еңбек ресурстарының бар екені расталады.

Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша нұсқаулықта келтірілген.

Толығырақ