Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 30.01.2020
Қаржы министрлігі Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 92 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілгені (ҚР ӘМ-де 2020 жылғы 31 қаңтарда №19955 тіркелді) туралы хабарлайды.
Мемлекеттік сатып алу қағидаларына, ҚМ 2019 жылғы 31 мамырдағы №521 және 2019 жылғы 29 шілдедегі №798 бұйрықтарына енгізілген өзгерістер қолданысқа 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап енгізіледі.
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, өзгерістердің новеллаларымен осында танысуға болады (1, 2, 3, 4)
ТолығырақНазар аударыңыз!
Хабарламалар 29.01.2020
«Қазақтелеком» АҚ 2020 жылғы 1 ақпанда сағат 02:00 бастап сағат 04:20 дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы деректерді өңдеу орталығында жөндеу-қалыпқа келтіру жұмыстарының жүргізілетінін, осыған байланысты жоғарыда аталған уақыт аралығында мемлекеттік сатып алу веб-порталы қол жетімсіз болатынын хабарлаймыз.
Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.
Порталды қолданушыларға!
Жаңалықтар 28.01.2020
Осымен 2020 жылғы 28 қаңтарда құрылыс саласындағы жұмыстарды сатып алу
кезінде ұйымдастырушылардың біліктілік талаптарын қалыптастыру, шартты
жеңілдіктерді толтыру және есептеу, сондай-ақ "Ашық конкурс" және
"Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс" тәсілдерімен сатып алу бойынша конкурстық баға
ұсыныстарын салыстыру бөлігінде "Сатып алу" модулінің функционалдығы
жаңартылғанын хабарлаймыз.
Толығырақ
Ұйымдастырушының нұсқаулығында танысуға болады.
Назар аударыңыз!
Хабарламалар 28.01.2020
Техникалық ақаулықтарға байланысты «БСАЖ» ақпараттық жүйесінің серверінде 2020 жылғы 28-30 қаңтар аралығында қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған уақыт кезеңінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында «БСАЖ» ақпараттық жүйесінен деректерді алу қол жетімсіз болатынын хабарлаймыз.
Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.Назар аударыңыз, сатып алу мерзімдерін ауыстыру!
Хабарламалар 25.01.2020
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтерді ұзақ өңдеумен байланысты 2020 жылғы 24 қаңтардағы сағат 17:33 бастап 2020 жылғы 25 қаңтардағы сағат 00:00 аралығына дейінгі кезеңге түсетін «Ашық конкурс» , «Аукцион» және «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алу» модулінің өтінімдерін қабылдаудың аяқталу мерзімдері, сондай-ақ ашу рәсімдері 2020 жылғы 25 қаңтарға сағат 22:00 ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
ТолығырақНАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Хабарламалар 24.01.2020
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы ақпарат ұзақ уақыт
бойы өңделгенін хабарлаймыз. Сонымен қатар, сатып алуға қатысуға өтінімдерді
алдын ала беруіңізді сұраймыз.
Сатып алуды кейінге қалдыру
туралы ақпарат кейінірек жарияланады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуды ауыстыру!
Хабарламалар 24.01.2020
2020 жылғы 25 қаңтарда сағат 21:00-ден бастап 26 қаңтарда 04:00-ге дейін «Орталықтандырылған біріздендірілген
дербес шоттар» АЖ-да профилактикалық жұмыс жүргізілетінін хабарлаймыз, сол
себепті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы ақпарат өңделмейді.
Осыған байланысты, өтінімдерді
қабылдаудың соңғы мерзімі, сондай-ақ «Аукцион», «Ашық конкурс» және «Алдын ала
біліктілік бойынша конкурс» сатып алу әдістері бойынша 2020 жылғы 25 қаңтарда сағ 20:45-тен бастап 26 қаңтарда 04:15-ке дейін жоспарланған «Электрондық сатып алу» модулін ашу рәсімі 2020 жылғы
26 қаңтарда сағ. 11:00-ге ауыстырылды.
Қайта жоспарланған сатып алулар
туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
ТолығырақҚұрметті өнім берушілер!
Жаңалықтар 24.01.2020
Құрметті өнім берушілер!
22 қаңтарда «Қазақстандық қамтылым» интернет-порталымен интеграция жүргізу арқылы «СТ – KZ» сертификаттары туралы деректерді алу бойынша «Шарттар» модулін пысықтаудың ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт модульдеріне сәйкес Өнім беруші тауар Қазақстанда өндірілген жағдайда тауардың шығуы туралы "СТ-KZ" сертификатын ұсынуы тиіс. Осы пысықтау аясында Өнім беруші тауардың Қазақстанда шыққаны туралы сертификат файлын тіркемейтін болады.
Портал www.ks.gov.kz (сертификаттың бар екендігі туралы деректерді www.ks.gov.kz сайтында тексеруге болады) сайтынан алынған «СТ – KZ» сертификатын таңдауға мүмкіндік береді. Таңдалып алынған сертификаттың деректері автоматты түрде жергілікті қамтылым туралы есепте сақталады (Өнім берушінің нұсқаулығы – Өнім берушінің іздеуін және «Қазақстандық қамтылым» интернет-порталынан алынған «СТ – KZ» сертификаты бойынша алынған деректерді қараңыз)
Барлық Тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушыларға! «Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу» пилоттық жобасын іске қосу
Жаңалықтар 23.01.2020
«Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу пилоттық жобасын іске асыратын мемлекеттік органдар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі РММ 2019 жылғы 18 қазандағы № 1161 бұйрығына сәйкес Порталда Республикалық маңызы бар бірыңғай ұйымдастырушыға, оның аумақтық бөлімшелеріне, облыстық (мемлекеттік сатып алу басқармасы) «Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу» пилоттық жобасына қатысушылардың бірыңғай ұйымдастырушыларын сатып алуға арналған өтінімді құру және бекіту функционалы іске асырылды.
Пилоттық жобаға қатысушы тапсырыс берушілердің тізімімен сілтеме бойынша танысуға болады.
Құрметті пайдаланушылар! 17 қаңтарда «Шарттар» модулін пысықтау ауыстырылды
Жаңалықтар 20.01.2020
Құрметті пайдаланушылар! 17 қаңтарда «Шарттар» модулін пысықтау ауыстырылды
- Өнім берушінің хабардар етумен танысуы туралы статусты көрсету (Тапсырыс берушінің нұсқаулығы - Өнім берушінің хабардар етумен танысуы туралы статусты көрсету)
- Өнім берушінің алғы төлемді азайтуы (Өнім берушінің нұсқаулығы – Өнім берушінің алғы төлемнен ішінара (соманы азайтуы) бас тартуы)
